Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 3440 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері:

      осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;

      осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына;

      осы қаулының 2-1 қосымшасына сәйкес, олимпиадалық емес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2018 № 286 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Нұрғалиева) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Байжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының дене шынықтыру

      және спорт басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Қ. Байжанов

      "6" қазан 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының экономика және

      бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Х.Х. Нұрғалиева

      "6" қазан 2017 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10
  № 229 қаулысына
  1 қосымша

Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2018 № 286 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Лауазым атауы

Адам саны

Ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері (теңгемен)

"Маңғыстау бокс клубы" ЖШС

спортшы

11

240 000

жаттықтырушы

9

240 000

жиыны:

20


Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы" КММ

спортшы

7

200 000

жаттықтырушы

3

200 000

жиыны:

10


      Ескерту:

      "ЖШС" – "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"

      "КММ" – "коммуналдық мемлекеттік мекемесі"

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10
  № 229 қаулысына
  2 қосымша

Маңғыстау облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2018 № 286 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Жарыстар атауы

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (теңгемен)

Ескертпе

Жүлделі орындар

1

2

3

1

Олимпиада ойындары, Паралимпиада ойындары

700 000

600 000

500 000

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін төлеу спорттың жазғы түрлерінде халықаралық жарыстарға 10 елден астам және спорттың қысқы түрлерінде 5 елден астам қатысқан кезде, республикалық жарыстарға 12 спортшы және 10 команда қатысқан кезде жүргізіледі.
Спорттық жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі спорттық жарыстар өткізілгенге дейін қолданылады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Спортшыларға төлем мөлшері спорттық жетістіктердің нәтижесі бойынша кестеде көрсетілген сомада белгіленеді, жаттықтырушылардың ең жоғары спортшының сомасынан 50%-ға дейін.
Егер жаттықтырушының 2 немесе одан да көп оқушы спортшысы болса, онда олардың жеңіп алған орындарына байланысты мөлшерін төлейді:
1 орынға - 30%,
2 орынға - 20%,
3 орынға - 15%
спортшының осы деңгейге жетудегі қатысуын есепке алынады.
Егер спортшы кәсіпқой спорт клубтарында жалақы алмаған жағдайда, төлем жүзеге асырылады.

 
2

Әлем чемпионаты, Мүгедектер арасындағы әлем чемпионаты

500 000

400 000

300 000

3

Бүкіләлемдік Универсиада, Әлем чемпионаты (жастар)

300 000

250 000

200 000

4

Азия ойындары, Азиялық паралимпиадалық ойындар, Сурдлимпиадалық ойындар

400 000

300 000

200 000

5

Азия чемпионаты (ересектер), Мүгедектер арасындағы Азия чемпионаты (ересектер)

350 000

250 000

200 000

6

Жасөспірімдер олимпиада ойындары

200 000

150 000

100 000

7

Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының спартакиадасы, Қазақстан Республикасының паралимпиадасы

200 000

150 000

100 000

8

Азия чемпионаты (жастар)

100 000

70 000

50 000

9

Қазақстан Республикасының чемпионаты (жастар)

70 000

50 000

30 000 

10

Әлем чемпионаты (ересек жасөспірімдер)

100 000

70 000

50 000

11

Азия чемпионаты (жастар)

70 000

50 000

30 000

  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10
  № 229 қаулысына
  2-1 қосымша

Олимпиадалық емес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

      Ескерту. Қаулы 2-1 қосымшамен толықтырылды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2018 № 286 қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Жарыстар атауы

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (теңгемен)

Ескертпе

Жүлделі орындар

1

2

3

1

Әлем чемпионаты (ересектер)

200 000

150 000

100 000

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін төлеу спорттың жазғы түрлерінде халықаралық жарыстарға 10 елден астам және спорттың қысқы түрлерінде 5 елден астам қатысқан кезде, республикалық жарыстарға 12 спортшы және 10 команда қатысқан кезде жүргізіледі.
Спорттық жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі спорттық жарыстар өткізілгенге дейін қолданылады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Спортшыларға төлем мөлшері спорттық жетістіктердің нәтижесі бойынша кестеде көрсетілген сомада белгіленеді, жаттықтырушылардың ең жоғары спортшының сомасынан 50%-ға дейін.
Егер жаттықтырушының 2 немесе одан да көп оқушы спортшысы болса, онда олардың жеңіп алған орындарына байланысты мөлшерін төлейді:
1 орынға - 30%,
2 орынға - 20%,
3 орынға - 15%
спортшының осы деңгейге жетудегі қатысуын есепке алынады.
Егер спортшы кәсіпқой спорт клубтарында жалақы алмаған жағдайда, төлем жүзеге асырылады.

2

Бүкіләлемдік Универсиада (спорттың олимпиадалық емес түрлері), Әлем чемпионаты (жастар)

150 000

100 000

50 000

3

Азия ойындары (ересектер)

400 000

300 000

200 000

4

Азия чемпионаты (ересектер)

120 000

90 000

70 000

5

Азия чемпионаты (жастар)

70 000

50 000

30 000

6

Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

100 000




  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10
  № 229 қаулысына
  3 қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2546 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсандағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 316 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2868 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 230 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады