Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1406 "1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 2283 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қаңтарда № 3233 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 79 "Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3024 болып тіркелген) негізінде Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1406 "1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-45 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 қаңтардағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Ақтау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 1267 "Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1406 "1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-68 болып тіркелген, 2007 жылғы 8 қарашадағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.С.Бисақаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық тұрғын-үй

      коммуналдық шаруашылығы

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Б.Қ.Ізғалиев

      "15" желтоқсан 2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады