"2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы"

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 2272 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 3247 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.11.2017 № 2133 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес,2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.11.2017 № 2133 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Д. Тулебаева):

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүргізуді қамтамасыз етсiн;

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.С. Берішбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Ақтау қалалық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекеме басшысы

      С.Д. Тулебаева

      " 14 " желтоқсан 2016 жыл

  Ақтау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 2272
аулысына қосымша

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.11.2017 № 2133 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы топтар

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

Мектепке дейінгі ұйымдарда
ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

Балабақша

Мектепжанындағытолықкүнболатыншағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын-орталықтар

Дербес толық күн болатын
шағын-орталықтар

Дербес жарты күн болатын
шағын-орталықтар

Балабақша

Мектепжанындағытолықкүн болатыншағын-орталықтар

Мектепжанындағы жарты күн болатыншағын-орталықтар

Дербес толық күн болатын
шағын-орталықтар

Дербес жарты күн болатын
шағын-орталықтар

 
1-ден 3-ке дейінгітоптар


 
248


 
1502



 
11613


 
11613


 
4-тен 5-ке дейінгітоптар

224





 
11613





 
6-дан 7-ге дейінгітоптар

304





 
11613





 
8-ден 9-ға дейінгітоптар

275
 





 
11613





 
10-нан жәнеодандаартықтоптар

10405





 
11613
 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады