Қарақия ауданы әкімдігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 3/31 және Қарақия аудандық мәслихатының 2000 жылғы 31 наурыздағы № 2/30 "Жетібай поселкесінің шекарасын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 347 қаулысы және Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/78 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 3251 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/331 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 70-1 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 "Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін "ауыл(село)" санатына жатқызу туралы" қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 3/31 және Қарақия аудандық мәслихатының 2000 жылғы 31 наурыздағы № 2/30 "Жетібай поселкесінің шекарасын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 26 сәуірде № 212 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулы мен шешімнің:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жетібай ауылының шекарасын өзгерту туралы";

      кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына және Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/331 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 70-1 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/119 "Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы" қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бірлескен қаулы мен шешіміне сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жетібай ауылының шекарасына қарасты "Ұлутас" ашық акционерлік қоғамының жерлерін ауданның босалқы жер қорына жатқызу арқылы өзгеріс енгізілсін.".

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).

      3. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Бекова
      Аудан әкімі Ә.Дауылбаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы А.Мееров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады