Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 69 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 6374 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 25.06.2018 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Ионенко

      Меңдіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ К. Арыков

  Әкімдіктің
2016 жылғы 26 сәуірдегі
№ 69 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) басшы (директор);
      2) басшының орынбасары (директор);
      3) барлық мамандықтар мұғалімдері;
      4) әлеуметтік педагог;
      5) педагог-ұйымдастырушы;
      6) қосымша білім педагогы;
      7) педагог-психолог;
      8) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
      9) интернат меңгерушісі;
      10) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      11) музыкалық жетекші;
      12) аға тәлімгер;
      13) лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
      14) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
      15) зертхана, кабинет меңгерушісі;
      16) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      17) мәдени ұйымдастырушы;
      18) әдіскер;
      19) медбике, емдәмбике;
      20) кітапханашы;
      21) балетмейстер;
      22) хормейстер;
      23) спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы;
      24) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
      25) мұғалім - дефектолог, мұғалім - логопед, логопед.
      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
      2) барлық атаудағы суретшілер;
      3) әдіскер;
      4) кітапханашы, библиограф;
      5) режиссер, дыбыс режиссері;
      6) музыкалық жетекші, аккомпаниатор;
      7) мәдени ұйымдастырушы;
      8) хормейстер, хореограф, балетмейстер;
      9) көркем жетекші.
      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
      2) басшының орынбасары;
      3) әдіскер;
      4) жаттықтырушы-оқытушы.
      5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринар дәрігер;
      2) ветеринар фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады