Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 9/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5093 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 206/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 19.06.2019 № 206/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 тіркелген, 2015 жылғы 16 мамырдағы аудандық "Аққу үні" - "Вести Акку" газетінің № 19 басылымында жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      9-тармағы келесі мазмұндағы 7-7) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7-7) екінші және үшінші топ жұмыссыз мүгедектер;";

      11-тармақта 1-1) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1-1) осы Қағиданың 9-тармағының 7-7) тармақшасында көрсетілген санаттарға жеке ісін ашу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын нақты шығынынан 325 АЕК аспайтын көлемде – қызмет көрсету және жұмыс жүргізу келісімшарт көшірмесінің қосымшасымен жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші бойынша, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тұрмыс–жағдайын тексеру актісі, тиісті медициналық бөлімшелерден мүгедектігін растайтын анықтама негізінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Шаймарданов
      Аудандық мәслихатының хатшысы С. Мүсінова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады