Байланыс формасы

Лебяжі ауданы бойынша мүгедектер үшін арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 262/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 қарашада № 5267 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1-03/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімінің 04.02.2019 № 1-03/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі ауданы бойынша мүгедектер үшін арналған жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Лебяжі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "7" қарашадағы
№ 262/11 қаулысына
қосымша

Лебяжі ауданы бойынша мүгедектерге
арналған жұмыс орындарының квотасы

№ р\с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Лебяжі ауданының Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

64

2%

1

2.

"Лебяжі ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

70

2%

1

3.

"Лебяжі ауданының Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

108

3%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады