Павлодар ауданының Заря ауылдық округі Заря ауылының көшелерін атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1-03-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 5356 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Заря ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Заря ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Заря ауылының атаусыз көшелеріне келесі көше атаулары берілсін:
      1) Мир көшесіне қатарлас, ауылдың оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Тәуелсіздік";
      2) Мир көшесіне қатарлас, ауылдың оңтүстік-шығысында орналасқан екінші көшеге "Григорий Малый".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Заря ауылдық округі
      әкімнің міндетін атқарушы Б. Бәйкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады