2017 жылға Успен ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 236/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 5296 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 177/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 17.08.2017 № 177/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындары квотасы:
      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Успен ауданының ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының бір пайызы көлемінде, 1 қосымшаға сәйкес;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Успен ауданының ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының бір пайызы көлемінде, 2 қосымшаға сәйкес;
      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Успен ауданының ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының бір пайызы көлемінде, 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жүсіпбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Саламацкий

  Успен ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "2" желтоқсандағы
№ 236/12 қаулысына
1 қосымшасы

2017 жылға Успен ауданы бойынша ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім
беру ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

№ р\с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

187

1 %

1

  Успен ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "2" желтоқсандағы
№ 236/12 қаулысына
2 қосымшасы

2017 жылға Успен ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

№ р\с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ГАЛИЦКОЕ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

434

1 %

4

2.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

187

1 %

1

  Успен ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "2" желтоқсандағы
№ 236/12 қаулысына
3 қосымшасы

2017 жылға Успен ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде
тұрған жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

№ р\с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ГАЛИЦКОЕ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

434

1 %

4

2.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

187

1 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады