Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 39/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 5347 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 280/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 11.12.2020 № 280/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 130/44 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "Маралды", "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 сәуірдегі "Құқықтық нормативтік актілер туралы" Заңының 21-1-бабы 1-тармағына" деген сөздері мен сандары алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Смакова
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі Б. Бакауов
      2016 жылғы "26" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады