Алматы қаласы әкімдігінің "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы №4/637 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 3/388 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 1313 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1046 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1236 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 11) тармақшасындағы нүкте нүктелі үтірге ауыстырылсын;
      1 тармақ келесі мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу";";
      "13) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау".";
      осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерімен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.";
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы анықтама беру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы психиатр дәрігердің анықтама беруі.
      Анықтама мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, анықтаманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында тіркей отырып, оған психиатр дәрігер және анықтама берген медициналық тіркеуші қол қойып, дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрі басылады.";
      4 тараудың атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау.";
      9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаты, көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өңдеу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші жеке куәлігінің деректері бойынша сәйкестендіру жүргізеді және бекітілген халық тіркелімі бойынша және психиатриялық ұйымда динамикалық бақыланып тұруы / тұрмауы жөніндегі мәліметтер базасы бойынша қызмет көрсету ауданында тіркеуінің болуын тексереді, стандарттың 2 қосымшасына сәйкес журналға тіркейді, стандарттың 1 қосымшасына сәйкес медициналық тіркеуші қол қойған анықтама бланкін беріп, психиатр дәрігерге жолдайды – орындалу уақыты 15 (он бес) минут;
      2) психиатр дәрігер медициналық қарап-тексеру жүргізеді, анықтама бланкіне қол қойып, жеке мөрін және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады, әрі қарай көрсетілетін қызметті берушіге береді – орындалу уақыты 2 (екі) сағат.
      Психикалық ауытқушылықтардың болуына күдігі болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы комиссиялық психиатриялық куәландыруға жолданады, ол Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Психикалық сауықтыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының базасында жүргізіледі, нарколог дәрігер растау немесе жоққа шығару үшін медициналық қарап-тексеру жүргізеді.";
      10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимылының тәртібі және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Алматы қаласы әкімдігінің http:// www.almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://www.almatyzdrav.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.";
      "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" сөздері "Мемлекеттік корпорация" сөздеріне ауыстырылсын";
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.";
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы анықтама беру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы нарколог дәрігердің анықтама беруі.
      Анықтама мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, анықтаманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында тіркей отырып, оған нарколог дәрігер және анықтама берген медициналық тіркеуші қол қойып, дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрі басылады.";
      4 тараудың атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау";
      9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаты, көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өңдеу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші құжаттарды қабылдайды, бекітілген халық тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету ауданында тіркеуінің болуын тексереді, стандарттың 2 қосымшасына сәйкес журналға тіркейді, стандарттың 1 қосымшасына сәйкес медициналық тіркеуші қол қойған анықтама бланкін беріп, нарколог дәрігерге жолдайды – орындалу уақыты 15 (он бес) минут;
      2) нарколог дәрігер медициналық қарап-тексеру жүргізеді, анықтама бланкіне қол қойып, жеке мөрін және көрсетілетін қызмет берушінің мөрін басады, әрі қарай көрсетілетін қызметті берушіге береді – орындалу уақыты 2 (екі) сағат.";
      10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимылының тәртібі және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Алматы қаласы әкімдігінің http://www.almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://www.almatyzdrav.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.";
      "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" сөздері "Мемлекеттік корпорация" сөздеріне ауыстырылсын".
      2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы осы қаулының Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін, әрі қарай ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 3/388 қаулысына
1 қосымша
  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/637 қаулысымен бекітілген

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелді) бекiтiлген "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін Алматы қаласының медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не осы стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама;
      2) осы стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9 тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) дәрігер көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің деректері бойынша сәйкестендіру жүргізеді, осы көрсетілетін қызметті берушіге тіркеуінің болуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 4 немесе 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады –орындалу ұзақтығы 15 (он бес) минут;
      2) дәрігер транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруін келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу журналына жазады – орындалу ұзақтығы 15 (он бес) минут;
      3) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыға медициналық тексеру жүргізіп, стандарттың 1 немесе 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама дайындайды – орындалу ұзақтығы 2 (екі) жұмыс күні.
      Қарсы айғақтары болған жағдайда (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзушылықтар, ішімдікке және (немесе) есірткіге тәуелділік, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар) транспланттау жүргізу үшін стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;
      4) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды – орындалу ұзақтығы 3 (үш) сағат;
      5) дәрігер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – орындалу ұзақтығы 5 (бес) минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау;
      2) дәрігердің көрсетілетін қызметті алушының деректерін транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруін келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу журналына тіркеуі;
      3) көрсетілетін қызмет беруші басшылығының анықтамаға қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қоюы;
      4) дәрігердің көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) дәрігер;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) дәрігер көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің деректері бойынша сәйкестендіру жүргізеді, осы көрсетілетін қызметті берушіге тіркеуінің болуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 4 немесе 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады – орындалу ұзақтығы 15 (он бес) минут;
      2) дәрігер транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруін келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу журналына жазады – орындалу ұзақтығы 15 (он бес) минут;
      3) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыға медициналық тексеру жүргізеді, стандарттың 1 немесе 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтаманы дайындайды – орындалу ұзақтығы 2 (екі) жұмыс күні.
      Қарсы айғақтары болған жағдайда (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзушылықтар, ішімдікке және (немесе) есірткіге тәуелділік, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар) транспланттау жүргізу үшін стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;
      4) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды – орындалу ұзақтығы 3 (үш) сағат;
      5) дәрігер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – орындалу ұзақтығы 5 (бес) минут.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http:// www.almaty.gov.kz ресми сайтында және "Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://www.almatyzdrav.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс болғаннан
кейін оның тіндерін және
(немесе) ағзаларын (ағзалардың
бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру немесе
қайтарып алуды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін тіндерін және
(немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде
еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 3/388 қаулысына
2 қосымша
  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/637 қаулысымен бекітілген

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі
әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін
(сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекiтiлген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11356 болып тіркелген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен ораламандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
      2) Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі - ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының өтінішті немесе электрондық өтінімді, сондай-ақ Стандарттың 9 тармағында көрсетілген басқа да құжаттарды ұсынуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде ТМККК жөніндегі қызмет берушілерді таңдау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) хатшысы қабылдау жүргізіп, өтінімдерді тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының ТМККК жөніндегі қызмет берушілерді таңдау рәсіміне қатысуына білдірген өтінімін (бұдан әрі – өтінім) тіркейді және өтінімдердің көшірмесін алуына белгі қояды – орындалуы ұзықтығы 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркейді. Қабылдануының растауы қолхат болып табылады, оның Мемлекеттік корпорация филиалының құжаттарды қабылдаған күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін берудің болжанған күні белгіленген көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға беріледі – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері комиссия хатшысына өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды жолдайды – орындалу ұзақтығы 1 (бір) күн.
      Комиссия хатшысы өтінімдерді тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркейді – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      2) комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімімен бірге қоса берілген құжаттарды комиссияға ұсынады – орындалу ұзақтығы 10 (он) минут;
      3) комиссия көрсетілетін қызметті алушының өтінімін мыналар бойынша қарайды:
      толық болуы және дұрыс ресімделуі;
      өтінім берілген медициналық көмектің құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуы – орындалу ұзақтығы 3 (үш) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының қатысуға білдірген өтініміне сәйкес негізділігін белгілеу қажет болған жағдайда – 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      4) комиссия өтінімді қарау нәтижелері бойынша ТМККК жөніндегі әлеуетті қызмет берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі не сәйкес келмейтіні жөнінде шешім қабылдайды – орындалу ұзақтығы 1 (бір) сағат;
      5) комиссия хатшысы комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ТМККК көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызмет берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы хаттаманы ресімдейді (бұдан әрі – хаттама) – орындалу ұзақтығы 1 (бір) сағат;
      6) комиссия хаттамаға қол қояды – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      7) комиссия хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені ресімдейді – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хаттамадан үзінді көшірмеге қол қояды – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      9) өтінімді тікелей қабылдаған жағдайда комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті алушыға хаттамадан үзінді көшірмені береді – орындалу ұзақтығы 10 (он) минут;
      өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда комиссия хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – орындалу ұзақтығы 1 (бір) күн;
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері хаттамадан үзінді көшірмені береді – орындалу ұзақтығы 10 (он) минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтінім;
      2) өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды комиссияға ұсыну;
      3) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарау;
      4) ТМККК жөніндегі әлеуетті қызмет берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі не сәйкес келмейтіні жөнінде шешім қабылдау;
      5) хаттаманы ресімдеу;
      6) хаттамаға қол қою;
      7) хаттамадан үзінді көшірмені ресімдеу;
      8) хаттамадан үзінді көшірмеге қол қою;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің хаттамадан үзінді көшірмені беруі не Мемлекеттік корпорацияға хаттамадан үзінді көшірмені жолдап, хаттамадан үзінді көшірмені беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) комиссия хатшысы;
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
      3) комиссия;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау– орындалуы ұзықтығы 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау, тіркеу және комиссия хатшысына жолдау – орындалу ұзақтығы 1 (бір) күн;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін комиссияның өтініммен және оған қоса берілген құжаттармен танысуы – орындалу ұзақтығы 10 (он) минут;
      3) комиссияның көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарауы – орындалу ұзақтығы 3 (үш) жұмыс күні;
      4) комиссияның ТМККК жөніндегі әлеуетті қызмет берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі не сәйкес келмейтіні жөнінде шешім қабылдауы – орындалу ұзақтығы 1 (бір) сағат;
      5) хаттаманы ресімдеуі – орындалу ұзақтығы 1 (бір) сағат;
      6) комиссияның хаттамаға қол қоюы – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      7) комиссия хатшысының хаттамадан үзінді көшірмені ресімдеуі – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының хаттамадан үзінді көшірмеге қол қоюы – орындалу ұзақтығы 20 (жиырма) минут;
      9) көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тікелей қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға хаттамадан үзінді көшірмені беру – орындалу ұзақтығы 10 (он) минут.
      Өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жолдау – орындалу ұзақтығы 1 (бір) күн.
      Мемлекеттік корпорацияда хаттамадан үзінді көшірмені беру – орындалу ұзақтығы 10 (он) минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаты, көрсетілетін қызметті алушының өтінімін пысықтау ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібінде жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті "брондау" мүмкіндігі бар;
      2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес ұсынады;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының өтінімін пысықтау ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушының өтінімін жіберу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаты, оның ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде оған берілген қолхатпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қолхаттың негізінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жүзінде береді. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету жөніндегі әлеуетті
қызметтер берушісінің
қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмейтінін)
анықтау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет егламентіне
қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады