Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 187 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 тамызда № 3851 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 09.11.2018 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 160 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 3253 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2015 жылғы 1 маусымдағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2015 жылғы 1 маусымдағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі
В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
хатшысы
2016 жылғы 28 маусым
Е. Әділбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 187 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың, аудандық емхананың, аудандық диспансердің басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінің клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) тіс дәрігері;

      6) мейіргер;

      7) акушер;

      8) зертханашы;

      9) фармацевт;

      10) фельдшер;

      11) психолог маман;

      12) әлеуметтік қызметкер;

      13) статистик;

      14) диеталық мейіргер;

      15) нұсқаушы-дезинфектор.

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы;

      2) жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      3) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      4) әлеуметтік педагог;

      5) кітапхананың меңгерушісі;

      6) кітапханашы;

      7) педагог-психолог;

      8) мұғалім-логопед;

      9) тәрбиеші;

      10) тәрбиешінің көмекшісі;

      11) мейірбике (мейіргер)

      12) тәлімгер;

      13) бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      14) музыкалық жетекші;

      15) жүзу бойынша нұсқаушы;

      16) дене тәрбиесі нұсқаушы;

      17) әдістеме кабинетінің жетекшісі,

      18) әдіскер;

      19) шебер.

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      2) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімі басшысының орынбасары;

      3) кітапхана меңгерушісі;

      4) библиограф;

      5) кітапханашы;

      6) аккомпаниатор;

      7) аккомпаниатор-концертмейстер;

      8) дыбыс режиссері;

      9) мәдени ұйымдастырушы;

      10) әдіскер;

      11) музыкалық жетекші;

      12) көркемдік жетекші;

      13) хореограф;

      14) суретші;

      15) редактор.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар және облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) аудандық маңызы бар және облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) нұсқаушы;

      4) әдіскер;

      5) жаттықтырушы-оқытушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады