Байланыс формасы

"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қаңтарда № 4010 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 03 наурыздағы № 10-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 03.03.2017 № 10-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3487 болып тіркелді, "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауың қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Қағидалардың 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайлар туындауына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмек үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарастыру бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      4) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар - "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары түрінде әлеуметтік орта жағдайларына бейімделуі мақсатында ұсынылатын шаралар;
      5) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистика органдарымен есептелген мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды, мемлекет Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары;
      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      9) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жөнінде құрған іс-шаралар жоспары;
      10) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      11) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысуға отбасының атынан әрекет ететін жұмысқа қабілетті жеке тұлға мен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындаушы уәкілетті орган арасындағы келісім;
      12) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      13) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      15) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";
      Қағидалардың 36-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "36. Осы Қағидалардың 9-10-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартталған әлеуметтік көмекке құқық айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
      Бұл ретте, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушілер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға жұмыспен қамту орталығына жіберіледі не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беріледі.
      Қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Қағидалардың 3-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Келесі мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшасының 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, жүрген жол құны мөлшерінде қажетінше көрсетіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
VIII сессиясының төрағасы
Ю. Боровских
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
хатшысы
Е. Әділбеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2016 жылғы
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8-3 шешіміне 1-қосымша
  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

р/б

Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
1
2
3
15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"
1
Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
2
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
3
Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
4
Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
6
Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"
1
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"
1
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Чернобыль АЭС апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
3
Чернобыль АЭС және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
4
Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль АЭС немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
 
5
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9 мамыр – "Жеңіс күні"
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
Жылына 1 рет – 50 айлық есептік
көрсеткіш
2
Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
3
Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
4
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
 
6
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
7
Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
8
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
9
Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
10
1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина КСР-і, Белорус КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстония КСР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
11
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
12
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары).
Жылына 1 рет – 5 айлық есептік
көрсеткіш
13
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
Жылына 1 рет –
5 айлық есептік
көрсеткіш
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.
Жылына 1 рет – 15 айлық есептік
көрсеткіш
2
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.
Жылына 1 рет –
3 айлық есептік
көрсеткіш
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
1
Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше жетістіктері үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңыздағы жеке зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары
Жылына 1 рет – 10 айлық есептік
көрсеткіш

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8-3 шешіміне 2-қосымша
  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге арналған негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;
      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
      4) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
      5) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
      6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
      7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуі;
      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмау;
      9) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
      10) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
      12) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұру;
      13) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру, немесе әлеуметтік мәні бар аурулары (қатерлі ісіктің пайда болуы, туберкулездің ауыр түрі, мүгедек балалар) болған жағдайда өз еркімен емделу;
      14) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты белгілеген жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшері 1,0 өмір сүру минимумынан аспайтын болуы;
      15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектердің және кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген Қазақстан Республикасының санаторий мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
      17) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
      18) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалардың тоқсан сайынғы мұқтаждығы;
      19) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жасаған кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, 60 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
      20) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілгендердің, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілгендердің өзге де санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағындан зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жөнелту бекетінен госпитальдау орнына дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады