Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 03 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 маусымдағы № 32 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 маусымда № 3546 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, қалалық әкімдіктің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 630 қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 03 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2856 тіркелген, 2014 жылы 10 сәуір күні "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелері, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІІІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы
Қ. Әзмұханов

  Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылдың 13 маусымдағы № 32 шешіміне қосымша
  Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылдың 3 ақпандағы № 175 шешіміне 2 қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

Атаулы күндер мен мереке күндері

Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

Жеңіс күні

100000

2

"Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар

Жеңіс күні

5000

3

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

Жеңіс күні

5000

4

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыбы (жұбайы)

Жеңіс күні

5000

5

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар

Жеңіс күні

5000

6

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери–Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары

Жеңіс күні

5000

7

Жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер

Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні

5000

8

Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары

Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні

5000

9

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС–ындағы апаттың, сондай–ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай–ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-ындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен), адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

Чернобыль АЭС–ындағы апаттың зардабын жою күні

100000

10

Чернобыль АЭС–ындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар

Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардабын жою күні

5000

11

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар

Балаларды қорғау күні

5000

12

Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер

Мүгедектер күні

5000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады