Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білімберу тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 174 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 мамырда № 3532 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 26.0 9. 2017 № 360 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Ахметов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "26"сәуірдегі № 174 қаулысымен бекітілді

Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі мекемелерде жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ананың ақы төлеу мөлшері айына (теңге)

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Сәби

Бақша

Сәби

Бақша

1635

1225

14 399

410

495

9020

10890


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады