Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 54 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 3667 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысы негізінде Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылындағы:
      1) № 1 көшеге "Аманкелді Имановтың" есімі;
      2) № 2 көшеге "Жамбыл Жабаевтың" есімі;
      3) № 3 көшеге "Қинаш Сахуалиннің" есімі;
      4) № 4 көшеге "Иманғали Жұбановтың" есімі;
      5) № 5 көшеге "Қуан Қасымовтың" есімі;
      6) № 6 көшеге "Жұмағали Айтбаевтың" есімі;
      7) № 7 көшеге "Ұзаққали Сабыровтың" есімі;
      8) № 8 көшеге "Қамысқала" атауы;
      9) № 9 көшеге "Ақкүтір" атауы;
      10) № 10 көшеге "Саразбан" атауы;
      11) № 11 көшеге "Жанкелді" атауы;
      12) № 12 көшеге "Тасоба" атауы;
      13) № 13 көшеге "Шопан" атауы;
      14) № 14 көшеге "Қонысбай" атауы берілсін.
      2. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Ауқайраң елді мекеніндегі:
      1) № 1 көшеге "Ауқайраң" атауы;
      2) № 2 көшеге "Жігер" атауы берілсін.
      3. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Жасқайрат елді мекеніндегі:
      1) № 1 көшеге "Жасқайрат" атауы:
      2) № 2 көшеге "Күкіртті" атауы;
      3) № 3 көшеге "Күнтей" атауы;
      4) № 4 көшеге "Әусен" атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қамысқала ауылдық округінің әкімі С. Саменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады