Сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қаңтарда № 3553 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмiнiң 02.11.2018 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге де жағдаяттар ескеріле отырып Арыс қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн сайлау учаскелерi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      3. Арыс қаласы әкімінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 2 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2589 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 наурыздағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      С.Ертай

      КЕЛІСІЛДІ

      Оңтүстік Қазақстан облысының

      Арыс қалалық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ____________Т.Қ.Ағыбаев

      "21" қаңтар 2016 жыл

  Арыс қаласы әкімінің
2016 жылғы "21" қаңтардағы
№ 1 шешіміне қосымша

Арыс қаласындағы сайлау учаскелері

      № 162 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әл-Фараби көшесі № 1.

      Шекарасы: Әбдіразақов көшесіндегі № 1-44, 47, 49 үйлер, Ақынбеков көшесіндегі № 84-142, 71-125 үйлер, Әл-Фараби көшесіндегі № 2, 4, 6 үйлер, МПС-тің № 1-10 үйлер, Құдайбердіұлы көшесіндегі № 35-85, 66-118 үйлер, Елшінбеков көшесіндегі үйлер, Борықбаев көшесіндегі № 1-12 үйлер, О.Байдаулетов көшесіндегі Бағов және Кенбаев көшелері аралығындағы үйлер, Жеңіс, М.Бастарбеков, М.Жүсіпқожа, Кенбаев, Шерімұлы, Астана, Думан, А.Ержанов, Ақалтын, Бағов, Арасан көшесіндегі үйлер.

      № 163 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, М.Әуезов көшесі № 25.

      Шекарасы: Тәжібаев көшесіндегі № 68-94 үйлер, Жұмабаев көшесіндегі № 40-134, 37-99 үйлер, Ақынбеков көшесіндегі № 38-82, 25-69 үйлер, Құдайберді көшесіндегі № 18-64, 13-37 үйлер, Мұсабек батыр көшесіндегі № 15-29, 38-64 үйлер, Әуезов көшесіндегі № 14-16, 19-43 үйлер, Мырзашев көшесіндегі № 37-59, № 60-82 үйлер, Борықбаев көшесіндегі № 12-32 үйлер, Горем көшесіндегі № 1-11 үйлер, Отаров көшесіндегі № 15 үй, МПС-тің № 10-27, 31, 39, 40, 41, 44, 63, 64, 65, 66, 67, 68 үйлер, Жастар үйі, Сапақ би көшесіндегі № 1-27 үйлер.

      № 164 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 76 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақынбеков көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: М.Жұмабаев көшесіндегі № 1-14 үйлер, Амангелді көшесіндегі № 1-34 үйлер, Байтұрсынов көшесіндегі № 1-39 үйлер, Дулатбаев көшесіндегі 36-72 үйлер, ІІ-Арыстағы МПС-тің 12 үйі, З.Тойбекова көшесіндегі № 24-31 үйлер, Майлықожа көшесіндегі № 100-112 үйлер, Ақынбеков көшесіндегі № 1-14 үйлер, Ергөбек көшесінің тақ жағындағы № 1-65 үйлер.

      № 165 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы жалпы орта мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Байтұрсынов көшесі № 141.

      Шекарасы: Әбдіразақов көшесіндегі № 36, 44, 45, 46, үйлер, Жұмабаев көшесіндегі № 133-135, 136-160 үйлер, Амангелді көшесіндегі № 32-116, 41-133 үйлер, А.Байтұрсынов көшесіндегі Әл-Фараби және Дулатбаев көшелері аралығындағы үйлер, Тәжібаев көшесіндегі № 8-31 үйлер, Мырзашев көшесіндегі № 19-37, 42-56 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 1-4 үйлер, Рысқұлов көшесіндегі № 31-55 үйлер, Отаров көшесіндегі № 7-10 үйлер, Мүсірепов көшесіндегі № 23-33 үйлер, Әл-Фараби көшесіндегі № 5-7 үйлер.

      № 166 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Дулатов көшесі № 97.

      Шекарасы: Аймауытов көшесінің тақ жағындағы үйлер, Ергөбек көшесіндегі № 1-177 үйлер, Дулатов көшесіндегі № 1-208 үйлер, З.Тойбеков көшесіндегі № 18-23 үйлер, Майлықожа көшесіндегі № 34-52, 31-53 үйлер, Дулатбаев көшесіндегі № 26-40, 27-33 үйлер, Тәжібаев көшесіндегі № 32-52, 35-57 үйлер, Орынбаев көшесіндегі № 23 үй, Рысқұлов көшесіндегі № 27-35 үйлер, Қараспан көшесіндегі № 9-11 үйлер, Мырзашев көшесіндегі № 21-23, 28-44 үйлер, Мүсірепов көшесіндегі № 8-22 үйлер.

      № 167 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс қаласының № 2 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Автобаза көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Ш.Елетов, А.Оразбаева, С.Ерубаев, Аманжар, Тілеубердин, Жаманқара, Кенжеханов, Саяжай, О.Байдаулетов, Қ.Жансары, Ұ.Оразалиева, О.Бекбауов, М.Назаров, Абат, Парасат, А.Тағаев, Сапарбай болыс көшелеріндегі үйлер, Төле би көшесіндегі Қонаев және О.Байдаулетов көшелері аралығындағы үйлер, Алатау батыр мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 168 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Салықбаев көшесі № 33.

      Шекарасы: Аймауытов көшесінің жұп жағындағы үйлер, Ибрагимов көшесіндегі № 1-200 үйлер, З.Тойбекова көшесіндегі № 1-15 үйлер, Дулатбаев көшесіндегі № 10-23 үйлер, Тәжібаев көшесіндегі № 27-31 үйлер, Мырзашев көшесіндегі № 12-22 үйлер, Орынбаев көшесіндегі № 13-32 үйлер, Рысқұлов көшесіндегі № 1-22 үйлер, Отаров көшесіндегі № 25 үй, Мүсірепов көшесіндегі № 2 үй, Ш.Қалдаяқов көшесіндегі үйлер, Майлықожа көшесіндегі № 15-30 үйлер.

      № 169 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы орта мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Салықбаев көшесі № 25.

      Шекарасы: Төле би көшесіндегі № 1-201 үйлер, Салықбаев көшесіндегі № 1-170 үйлер, Қазыбек би көшесінің тақ жағындағы үйлер, Әйтеке би көшесіндегі № 11, 61, 78, 80, үйлер, Мырзашев көшесіндегі № 1-6 үйлер, Орынбаев көшесіндегі № 1-22 үйлер, Рысқұлов көшесіндегі № 1-9 үйлер, Мүсірепов көшесіндегі № 1-2 үйлер, Ақмұрзаев көшесіндегі № 47, 54, 56 үйлер, Дулатбаев көшесіндегі № 4, 5, 6, 8 үйлер.

      № 170 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныптарының оқу корпусы, Байжанов көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Қазыбек би көшесінің жұп жағындағы үйлер, Әйтеке би көшесіндегі № 2, 26, 27, 28, 41, 48, 66, 167 үйлер, Әділбек би, Жаппарқұлов, С.Байжанов, Битөреұлы Мұса, И.Тайманов көшелеріндегі үйлер, Т.Арынбаев көшесіндегі № 7-20 үйлер, Ақмұрзаев көшесіндегі № 1-37 үйлер.

      № 171 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әділбек би көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Әйтеке би көшесіндегі № 1-175 үйлер, МПС Арыс-I көшесіндегі № 1-233 үйлер, Қалау Датқа мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 172 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Ешназаров көшесі № 49а.

      Шекарасы: Б.Онтаев көшесінің тақ жағындағы үйлер, К.Омаров, Мадалиев, Ешназаров, Егембердиев, Досқараев, Әужан болыс, Қазақстан, Т.Исмайлов көшелеріндегі, Оңтүстік мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 173 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Асылбеков көшесі № 4.

      Шекарасы: Асылбеков, Отарбеков, Мақатаев, Байсейітов, ШПЗ, М.Исламқұлов, көшелеріндегі, Отырар, Талдықұдық мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 174 сайлау учаскесі.

      Орталығы: "Қазтеміртранс" акционерлік қоғамының "Арыс вагон жөңдеу депосы" филиалының ғимараты, Зілғараев көшесі № 1.

      Шекарасы: Достық, Әзизаев, Битөре, К.Дербісбеков, Ө.Сарбасов, Шаттық, Ынтымақ, Бірлік, Д.Нұрпейісова, Ілиясов, Шапағат, Теміржолшылар, Зілғараев көшесіндегі үйлер.

      № 175 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 372 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, П.Арапов көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: П.Арапов, Момышұлы, Алматы, Абай, Шоқан, Ақдала, Оңғарбеков, Жамбыл, А.Тоқмағамбетов, К.Садықов, Ханазаров, Маметова, А.Қожанов, Момынов, Е.Орманов, Ғ.Мұстафин көшелеріндегі, Бейбітшілік орамындағы, Наурыз мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 176 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "И.Журба атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көктем-2 мөлтек ауданы № 2.

      Шекарасы: Тараз, Көктем, Көктем-2 мөлтек ауданындағы үйлер, әскери гарнизон аумағындағы үйлер.

      № 177 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Сырдария ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сейфуллин көшесі № 37.

      Шекарасы: Сырдария елді мекеніндегі үйлер.

      № 178 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Шөгірлі ауылы, Арыс қаласының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Наурыз көшесі нөмірсіз үй

      Шекарасы: Шөгірлі елді мекеніндегі үйлер.

      № 179 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Монтайтас ауылдық округі, Монтайтас ауылы, ауылдық клубы ғимараты, Онтаев көшесі № 6

      Шекарасы: Монтайтас, Қожатоғай елді мекендеріндегі үйлер.

      № 180 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Монтайтас ауылдық округі, Шағыр ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Егемендік көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Шағыр, Тоғансай елді мекендеріндегі үйлер.

      № 181 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қабылсай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қабылсай елді мекені нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Қабылсай, Ақтас, Бақырша, № 42 разъезд елді мекендеріндегі үйлер.

      № 182 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ақдала ауылдық округі, Ақдала ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мақатаев көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Ақдала, Онтам, П.Арапов, Ақын-Жақып, Тақыркөл, Тоғайлы елді мекендеріндегі үйлер.

      № 183 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бала бақшасы", мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Ө.Жәнібеков көшесі № 1б.

      Шекарасы: Б.Онтаев көшесінің жұп жағындағы үйлер, Қабылсай, Н.Исмаилов, Балғымбеков, Ө.Жәнібеков, С.Юсупов, Б.Саттарханов, Жұмағалиев, Ахметов көшелеріндегі үйлер, Арынбаев көшесіндегі № 1-6 үйлер.

      № 186 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Дермене ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Ташенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Өркенді көшесі № 3.

      Шекарасы: Дермене елді мекеніндегі үйлер.

      № 187 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Қаражантақ ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Аламан көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Қаражантақ елді мекеніндегі үйлер.

      № 188 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Саналы ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаражантақ жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сартбаев көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Саналы, Екпінді елді мекендеріндегі үйлер.

      № 189 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Теміржолшы ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Теміржолшы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Асар көшесі № 5.

      Шекарасы: Теміржолшы, № 40 разъезд, Орманды елді мекендеріндегі үйлер.

      № 190 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Байырқұм ауылдық округі, Байырқұм ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тұрғанбайұлы көшесі № 17.

      Шекарасы: Байырқұм елді мекеніндегі үйлер.

      № 191 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Байырқұм ауылдық округі, Көкжиде ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мәметова көшесі № 22.

      Шекарасы: Көкжиде елді мекеніндегі үйлер.

      № 192 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Байырқұм ауылдық округі, Жосалы ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жосалы шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жосалы елді мекені нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Жосалы елді мекеніндегі үйлер.

      № 193 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жиделі ауылдық округі, Аққала ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққала жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, № 1 көше нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Аққала елді мекеніндегі үйлер.

      № 194 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жиделі ауылдық округі, Жиделі ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Амангелді көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Жиделі елді мекеніндегі үйлер.

      № 551 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Бұлақ ауылы, медициналық тірек.

      Шекарасы: Дарбаза, Бұлақ елді мекендеріндегі үйлер.

      № 552 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова шағын жинақталған жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Байтогай-1 көшесі нөмірсіз үй.

      Шекарасы: Байтоғай елді мекеніндегі үйлер

      № 553 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Қожатоғай ауылы, ауылдық мәдениет үйі.

      Шекарасы: Қожатоғай елді мекеніндегі үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады