2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 3526 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 3 мамырдағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 03.05.2016 № 190 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар;
      2) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
      3) жасы елу жастан асқан тұлғалар;
      4) жұмыссыз әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады