Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 365 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/94-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда № 4829 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Күршім ауданы Теректі ауылдық округінің және Теректі ауылының атын өзгерту туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 5/6-VI шешімі және Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 292 қаулысы, "Әкімшілік-аумақтық бірлікті және елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 28-7-V шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 307 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      Күршім ауданы бойынша:
      Теректі ауылдық округі Марқакөл ауылдық округі;
      Теректі ауылы Марқакөл ауылы;
      Бородулиха ауданы бойынша:
      Ленин ауылдық округі Құнарлы ауылдық округі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Облыс әкімі
      Ж. Шаймарданов       Д. Ахметов
      Облыстық мәслихат
      Хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады