"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 131 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда № 4406 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 1015 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 30.06.2016 № 1015 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес және "Мемлекеттік басқару органдарының құрылымының кейбір мәселелері туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы қаулысын орындау үшін, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

  Семей қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "01" ақпан
№ 131 қаулысымен
бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110, индексі 071400.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала ішілік қоғамдық жолаушылар тасымалы, қалалық маңызы бар жолдар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қаланың жолаушылар көлігінің және жол инфрақұрылымының жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      2) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.
      15. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қалалық автомобиль жолдарын және жергілікті маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) қала жолдарын салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      3) қала жолдарын пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;
      4) қаланың жол-көпір шаруашылығы, жолаушылар көлігін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
      5) көлік саласын дамыту динамикасы туралы ақпаратты талдау және нақтылығын қамтамасыз ету;
      6) көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
      7) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу;
      8) жолаушыларды тасымалдау мәселелері бойынша су, теміржол, әуе көліктері кәсіпорындарымен өзара әрекет жасау;
      9) жер жұмыстарын жүргізуге ордерлерді беру;
      10) жетекшілік ететін мәселелер бойынша құнға мониторинг жүргізу;
      11) мекеме құзыретінің шегінде қала әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      12) құзыреті шегінде мәселелерді қарастыру кезінде барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттің мүддесін қорғау;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) құзыреті шегіндегі мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғайды және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғайды;
      2) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (хаттарын, шағымдарын, арыздарын, сұраныстарын) уақытында қарау және олар бойынша Мекеме құзыреті шегінде шешім қабылдау;
      4) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық монитоингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) дара басшылық қағидасында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетінше шешеді;
      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұрайды және алады;
      3) мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен, мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңесті шақырады;
      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
      5) сенімхатсыз мекеменің атынан әрекет етеді, барлық ұйымдарда оның мүдделерін қорғайды;
      6) шарттар жасасады;
      7) сенімхаттар береді;
      8) банк шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
      9) Қазақстан және шетел оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәжірибелері, іс-сапарлары және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге түрлері бойынша мекеменің жоспары мен тәртібін бекітеді;
      10) барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын нұсқауларды, бұйрықтарды береді;
      11) мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      12) мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауап береді;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады