"Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 203 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірде № 4484 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 1035 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 07.11.2017 № 1035 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1, 21-баптарына, сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Риддер қаласы әкімдігінің "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2676 тіркелген, 2012 жылғы 5 қазанда № 40 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
       кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады