Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда № 4387 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 17.03.2016 № 43 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков

  Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "13" қаңтардағы
№ 2 қаулысына 1 қосымша

Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың схемасы


Тура бағыт

Кері бағыт

1

"Бөрілі" ауылы, Қасқабұлақ ауылы "М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Қасқабұлақ ауылы "М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, "Бөрілі" ауылы

2

"Бақанас" елді мекені, Көкбай ауылы "Көкбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Көкбай ауылы "Көкбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, "Бақанас" елді мекені

3

Жидебай елді мекені, "Жидебай-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының алдындағы алаң, Қарауыл ауылы, "Жалпы білім беретін Абай атындағы мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Қарауыл ауылы, "Жалпы білім беретін Абай атындағы мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Жидебай елді мекені, "Жидебай-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының алдындағы алаң

  Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы " 13 " қаңтардағы
№ 2 қаулысына 2 қосымша

Абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың тәртібі
1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
      4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
      7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
      9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
      11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
      12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
      16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады.
      Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2. Қорытынды ережелер

      20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады