Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 4515 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданыБеген ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 10.03.2017 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 40 ұсынысы негізінде, Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардан сарып ауруының анықталуына байланысты Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 10.03.2017 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім ресми алғаш жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Беген ауылдық
      округінің әкімі Н. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады