Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 маусымдағы № 3-3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 шілдеде № 4587 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-8-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 15-8-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 20-6-VI шешімімен;
      2) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29-2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3695 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 наурыздағы аудандық "Аудан тынысы" газетінде № 19, 2015 жылғы 3 наурыздағы "Пульс района" газетінде № 19 сандарында жарияланған)" шешіміне:
      шешімнің преамбуласы келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.";
      5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді алады және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 20-6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Быков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы У. Майжанов

О внесении изменений в некоторые решения Бородулихинского районного маслихата

Решение маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 07 июня 2016 года № 3-3-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 08 июля 2016 года № 4587. Утратило силу решением Бородулихинского районного маслихата области Абай от 29 марта 2024 года № 15-8-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Бородулихинского районного маслихата области Абай от 29.03.2024 № 15-8-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 "О правовых актах" Бородулихинский районный маслихат Восточно-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Внести в некоторые решения Бородулихинского районного маслихата следующие изменения:
      1) утратил силу - решением маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 30.03.2018 № 20-6-VI;
      2) в решении Бородулихинского районного маслихата от 26 января 2015 года № 29-2-V "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3695, опубликовано в районных газетах "Аудан тынысы" 3 марта 2015 года № 19, "Пульс района" от 3 марта 2015 года № 19):
      преамбулу решения изложить в следующей редакции:
      "В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", cтатьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" Бородулихинский районный маслихат Восточно-Казахстанской области РЕШИЛ:";
      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).";
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин, либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) ежеквартально обращается в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал) с заявлением и предоставляет перечень документов согласно пункту 9 стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства".".
      Сноска. Пункт 1 - с изменением, внесенным решением маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 30.03.2018 № 20-6-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Быков
      Секретарь районного маслихата У. Майжанов