Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 5614 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47-10-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 47-10-VI шешімімен ( 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге, салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Белгіленген салық ставкалары туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-5-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5-8-79 нөмірімен тіркелген, "Пульс района" аудандық газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда жарияланған);

      2) "Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 3-3-VI шешімінің 1 тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 4587 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 шілдеде, "Пульс района", "Аудан тынысы" аудандық газеттерінде 2016 жылғы 22 шілдеде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Мокроусова
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха
аудандық мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 20-6-VI шешіміне қосымша

   р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш-термен)

1

2

3

1.

Бiр ойыншы мен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады