Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 сәуірдегі N 113 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде N 4499 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1–тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, 96-бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Р.Ш. Хамитовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданынының әкімі А. Кәрімов

  Зырян ауданы әкімдігінгің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 113 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізімі


р/с

Мүліктің атауы

Мүліктің орналасқан жері

Мүліктің балансұстаушысы

1

2

3

4

1

2011 жылы пайдалауға енгізілген, мемлекеттік нөмірі F 404 VP, Chevrolet Cruze жеңіл автомобилі
Зырян қ.,
Советская к., 20.
"Зырян ауданы әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

2012 жылы пайдалауға енгізілген, мемлекеттік нөмірі F 239 CO, Lada 21214 жеңіл автомобилі.
Зырян қ.,
Советская к., 18.
"Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және турзм бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

2007 жылы пайдалауға енгізілген, мемлекеттік нөмірі F 269 РЕ, Daewoo Nexia жеңіл автомобилі
Зырян қ.,
Стахановская к., 9.
 
"Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Пайдаланудағы емес бас су құбыры, екі желіде салынған, жалпы ұзындығы ., болат құбырлардан жасалған, диаметрі ..
Зырян қаласы, Богатырево су қашасынан таза су резервуарына дейін
 
"Су арнасы" мемлекеттік кәсіпорны

5

Қар тазалайтын агрегат (фрейзерлі-ротерлі)
Зырян қаласы, Лениногорская к, 1
"Зырян тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады