Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 412 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4780 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 465 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 27.12.2017 № 465 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1–тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, 96-бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары А. К. Букатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданынының әкімі А. Кәрімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 412 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізімі


р/с

Мүліктің атауы

Мүліктің орналасқан жері

Мүліктің балансұстаушысы

1

2

3

4

1

Құрастырылған, болат құбырлар

Зырян қаласы, аудандық қазандығынын аумағы

"Жылу орталығы" мемлекеттік кәсіпорны

2

Бұрынғы газды су дайындау цехтың ғимараты

Зырян ауданы, Октябрьск кенті, Калинина к-сі, 5

"Зырян ауданы Октябрьск кентінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады