Ұлан ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйкетегі № 521 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 4696 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері қосымшада көрсетілген орындарды ретке келтірсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаев
      Келісілді
      Ұлан аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы Г. Лутфуллина

      2016 ж. "20" қыркүйек

  2016 жылғы "20" 09 521
Ұлан ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

Округ пен кент атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

Аблакет ауылдық округі

Сағыр ауылының мәдениет үйінің алдындағы қалқан, Мамай Батыр ауылының Ломоносов атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, Бестерек ауылының М. Горький атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, Желдіөзек ауылының Орталық көшесіндегі қалқан.

Айыртау ауылдық округі

Айыртау ауылындағы "Чингиз", "Назгүл", "Мадина", "Продукты" дүкендерінің алдындағы қалқандар, Мусин көшесінің бойындағы қалқан, шашатараз ғимаратының алдындағы қалқан, Ново-Канайка ауылының облыстық жүйке ауруханасының алдындағы қалқан, Ново-Канайка аулындағы "Алтай" дүкенінің алдындағы қалқан.

Алмасай ауылдық округі

Алмасай ауылының Абай атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, Б. Өтепов ауылындағы клубтың алдындағы қалқан.

Азовое ауылдық округі

Ново-Азовое ауылының Центральная көшесіндегі қалқан, Азовое ауылының Центральная көшесіндегі қалқан, Бетқұдық ауылының Центральная көшесіндегі қалқан.

Асубұлақ кенті

Асубұлақ кентіндегі Асубұлақ орта мектебінің алдындағы қалқан, Асубұлақ кентіндегі учаскелік ауруханасының алдындағы қалқан. Белогор кентіндегі О. Бөкеев атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан.

Багратион ауылдық округі

Привольное ауылының Лут көшесіндегі қалқан, Митрофановка ауылының Орталық көшесіндегі қалқан.

Бозанбай ауылдық округі

Бозанбай ауылындағы мәдениет үйінің алдындағы қалқан, Алғабас ауылындағы клубтың алдындағы қалқан, Ақжартас ауылындағы клубтың алдындағы қалқан, Қызылсу ауылындағы "Қызыл-су Агро" жаупкершілігі шектеулі серіктестіктігі кеңсесінің алдындағы қалқан.

Егінсу ауылдық округі

Ұлан ауылындағы "Дархан" дүкенінің алдындағы қалқан.

Каменка ауылдық округі

Тройницкое ауылындағы орта мектептің алдындағы қалқан, Каменка ауылындағы орта мектептің алдындағы қалқан.

Қасым Қайсенов кенті

Қасым Қайсенов кентіндегі "Виктория" кафесінің жанындағы қалқан, автовокзал маңындағы қалқан, Ахмет Заки көшесіндегі қалқан.

Огневка кенті

Огневка кентінің Панин көшесіндегі қалқан, Огневка кентіндегі пошта бөлімшесінің алдындағы қалқан, Смолянка темір жол станция бөлімшесінің алдындағы қалқан.

Өскемен ауылдық округі

Донское ауылындағы "Пчелка" дүкенінің алдындағы қалқан, Макеевка ауылындағы "У Салимы" дүкенінің алдындағы қалқан, Восточное ауылындағы "17 лет Октября" атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан.

Саратовка ауылдық округі

Саратовка ауылындағы "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің" алдындағы қалқан, Ново-Одесское ауылындағы
Б. Ахметов атындағы орта мектептің алдындағы қалқан.

Тарғын ауылдық оругі

Тарғын ауылындағы "Жангир", "Бейбарыс", "Ұлан", "Динара" дүкендерінің алдындағы қалқан, І. Айтықов ауылындағы Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектебінің алдындағы қалқан, Жоғары Тайынты ауылындағы М. Таенов атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан.

Таврия ауылдық округі

Таврия ауылының Қасым Қайсенов көшесіндегі қалқан, Ақтөбе ауылындағы Ақтөбе негізгі мектебінің алдындағы қалқан, Пролетарка ауылындағы Пролетарка негізгі мектебінің алдындағы қалқан, Гагарин ауылының Орталық көшесіндегі алдындағы қалқан.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округі

Герасимовка ауылындағы клубтың алдындағы қалқан, Украинка ауылындағы Украинка орта мектебінің алдындағы қалқан.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады