Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 223 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 тамызда № 4500 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.03.2018 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

  2016 жылғы 22 шілдедегі № 223
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.06.2017 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Басым дақылдардың атауы

1

Майлы дақылдар:

күнбағыс

майбұршақ

мақсары

зығыр

қыша

2

Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

3

Біржылдық шөптер

4

Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

5

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері


  2016 жылғы 22 шілдедегі № 223
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.06.2017 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Басым дақылдардың атауы

1 гектарға
субсидия нормасы, теңге

1 тоннаға
субсидия нормасы, теңге

1

Майлы дақылдар:



күнбағыс


10 000

майбұршақ


10 000

мақсары


6 100

зығыр


6 900

қыша


7 000

2

Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

2 300 000


3

Біржылдық шөптер

8 000


4

Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

10 000


5

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

8 000



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады