Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 43 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 5092 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда №11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға) бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №223 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4500 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.О. Азбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

  2018 жылғы 1 наурыздағы № 43
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойыншабасым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Басым дақылдардың атауы

1

Майлыдақылдар:

күнбағыс

майбұршақ

мақсары

зығыр

қыша

2

Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

3

Бір жылдық шөптер

4

Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

5

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

  2018 жылғы 1 наурыздағы № 43
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарымен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)

Басым дақылдардың атауы

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

1 тоннаға субсидия нормасы, теңге

1

Майлы дақылдар:



күнбағыс


10 000

майбұршақ


10 000

мақсары


6 100

зығыр


6 900

қыша


7 000

2

Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

5 000 000


3

Бір жылдық шөптер

8 000


4

Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

10 000


5

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

8 000



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады