2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 4272 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 10.02.2017 № 17 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Қаратөбе ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 10 "2015 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (К.Суйеугалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Шахаров

  2016 жылғы 25 қаңтардағы № 13
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері

Р/с №

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік және аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарына ата–ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

Балабақша (республикалық бюджет)

1

Қаратөбе ауылы
"Қаратөбе ауданының әкімдігінің Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК

120

18 731

18 731

5 600

Балабақша (жергілікті бюджет)

2

Қаратөбе ауылы
"Жазира" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК

90

25 058

25 058

5 600

3

Шөптікөл ауылы
"Шұғыла" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК

30

48 122

48 122

5 600

4

Қоскөл ауылы
Қоскөл селолық округіндегі "Қарлығаш" балалар бақшасы МКҚК

25

68 300

68 300

5 600

5

Қарақамыс ауылы
Саралжын селолық округіндегі "Айгөлек" балалар бақшасы МКҚК

20

43 683

43 683

5 600

6

Егіндікөл ауылы
Егіндікөл селолық округіндегі "Балбұлақ" балалар бақшасы МКҚК

20

52 417

52 417

5 600

7

Сулыкөл ауылы
Сулыкөл селолық округіндегі "Балапан" балалар бақшасы МКҚК

25

36 070

36 070

5 600

8

Үшана ауылы
Сулыкөл ауылдық округіндегі "Раушан" балалар бақшасы МКҚК

25

46 540

46 540

5 600

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      Р/с – реттік сан;
      МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады