Байланыс формасы

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 ақпанда № 14819 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 36-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12648 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі – қызметші) тағылымдамасын ұйымдастыру мен өту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) жолдаушы мемлекеттік орган – мемлекеттік органдарға және/немесе ұйымдарға тағылымдаманы өту үшін қызметшіні жіберген мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      2) қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым – қызметші тағылымдамадан өтетін мемлекеттік орган немесе өзге ұйым;

      3) тағылымдама - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардың тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тиісті салада кәсіби білім мен тәжірибе алуға арналған қызметі;

      4) тағылымдама өтуші - мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша мемлекеттік органдарда немесе өзге ұйымдарда тағылымдаманы өтіп жүрген қызметші;

      5) шетелдік тағылымдама – халықаралық және шетелдік мекемелерде өткізілетін тағылымдама.

      3. Қызметшілердің тағылымдамадан өту мерзімінде жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.

      4. Тағылымдамаға мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 1 (бір) жылдан кем емес қызметшілер жіберіледі.

      5. Қызметшілердің тағылымдамадан өту мерзімінде жалақысы сақталады.

      Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде өзге елді мекенге тағылымдамаға жіберілген тағылымдама өтушінің жұмсалатын шығынын өтеу тәртібі мен шарттары бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысымен айқындалады.

      6. Шетелдік тағылымдаманы ұйымдастырудың тәртібі, шарттары және өтуінің мерзімі тиісті шартпен (келісім) айқындалады.

      Халықаралық және шетелдік ұйымдарға тағылымдамадан өту үшін жұмсалатын шығынды қабылдаушы ұйым қаражаты есебінен төленеді, егер өзгесі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен көзделмесе.

      7. Қызметшілер тағылымдамаға:

      1) бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға;

      2) мемлекеттік органнан тағылымдама өтуші функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті саладағы ұйымдарға.

      3) Мемлекеттік орган ішінде:

      орталық аппараттан аумақтық бөлімшелерге;

      аумақтық бөлімшелерден орталық аппаратқа;

      аумақтық бөлімшелерден басқа аумақтық бөлімшелерге жіберілуі мүмкін.

2-тарау. Тағылымдаманы ұйымдастыру және өту

      8. Жолдаушы мемлекеттік орган осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тағылымдамадан өту кестесін, тағылымдама мақсаттарын, өтуінің мерзімін және мекенін, сонымен қатар қызметші туралы мәліметті (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), құрылымдық бөлімшесі мен атқаратын лауазымының толық атауы) көрсете отырып әзірлейді.

      9. Мемлекеттік органның Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тағылымдама кестесінің жобасын әзірлеу үшін құрылымдық бөлімшелерге тиісті сұрау жiбереді.

      Құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары мен қызметшілердің функционалдық міндеттерінен шыға отырып тағылымдама кестесінің жобасын әзірлеу үшін кадр қызметіне өз ұсыныстарын, сондай-ақ қабылдаушы мемлекеттік орган және/немесе ұйым анықтайтын пікірлерін жолдайды.

      10. Персоналды басқару қызметі тағылымдамадан өтуі жоспарланған мемлекеттік органдарға және/немесе ұйымдарға келісу үшін әзірленген тағылымдамадан өту кестелерінің жобаларын жолдайды.

      11. Қабылдаушы мемлекеттік орган және/немесе ұйым тағылымдамадан өту мүмкіндігін келіседі немесе бас тарту себебін көрсете отырып келіспейді.

      Қабылдаушы мемлекеттік органның тағылымдамадан өту кестелерінің жобаларын қарастыру мерзімі бір айдан көп болмауы қажет.

      Қабылданған шешім туралы жолдаушы мемлекеттік органға жіберіледі.

      12. Көрсетілген кемшiлiктер жойылған жағдайда тағылымдамадан өту кестесінің жобасы бас тартқан мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға қайта жолданады.

      13. Келісілген тағылымдамадан өту кестесін жолдаушы мемлекеттік органның лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға, немесе оған уәкілетті басқа тұлға (бұдан әрі – лауазымды тұлға) жыл сайын жарты жылда бір рет 20 желтоқсанға және 20 маусымға дейін бекітеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметшілердің басқа лауазымдарға тағайындалуына, жұмыстан босатылуына, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыста болмаған жағдайда он жұмыс күні ішінде қабылдаушы мемлекеттік органға хабарлай отырып құрылымдық бөлімше басшысының карауы бойынша сол құрылымдық бөлімшенің өзге қызметшісіне тағылымдамадан өтуге жол беріледі.

      15. Тағылымдамадан өтудің жеке жоспары осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес әзірленеді және тағылымдаманың басталуына кемінде он жұмыс күні бұрын қабылдаушы мемлекеттік органға немесе ұйымға жолданады.

      16. Тағылымдамалардан өту кестелерін жасау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді, тағылымдамаларды өткізу бойынша мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қызметін талдауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      17. Тағылымдама бес жұмыс күнінен үш айға дейінгі мерзімде белгіленеді.

      18. Қызметшілерді тағылымдамаға жіберу лауазымдық тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

      19. Қабылдаушы мемлекеттік органның немесе ұйымның лауазымды тұлғалары тағылымдама өткізілетін құрылымдық бөлімшені анықтайды, ол туралы жолдаушы мемлекеттік органға тағылымдамдан өту кестесінің жобасын келісу барысында хабарланады.

      20. Тағылымдама өткізілетін құрылымдық бөлімшенің жетекшісі:

      1) тағылымдама басталуына дейін бес жұмыс күні қалғанда жолдаушы мемлекеттік орган әзірлеген жеке жоспарды келіседі;

      2) тағылымдаманың алғашқы күні тағылымдама өтушіні тағылымдаманың келісілген жеке жоспарымен қол қоя отырып таныстырады;

      3) тағылымдамадан өтуші қызметшіге тағылымдаманың жеке жоспарларына енгізілген мәселелер бойынша кеңес береді;

      4) тағылымдамадан өтуші қызметшілердің тағылымдаманың жеке жоспарларын орындауына бақылау жүргізеді.

      Қабылдаушы мемлекеттік органның және/немесе ұйымның Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тағылымдаманы ұйымдастыру бойынша үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады.

      21. Тағылымдамадан өтуші қызметшілерге жұмыс күнінің ұзақтығы еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

3-тарау. Тағылымдама қорытындыларын шығару

      22. Тағылымдамадан өткен қызметшілер тағылымдаманың аяқталуынан екі жұмыс күні бұрын тағылымдама өткен қабылдаушы мемлекеттік органның және/немесе ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне тағылымдама қорытындылары туралы жазбаша есеп ұсынады.

      Жазбаша есеп:

      1) тағылымдаманың жеке жоспарын орындау туралы;

      2) тағылымдама барысында алынған икемділіктер, дағдылар, теориялық және практикалық білімдер туралы ақпараттардан тұрады.

      23. Тағылымдама өткізілген құрылымдық бөлімшенің басшысы тағылымдама аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдаушы мемлекеттік органның немесе ұйымның Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тағылымдамадан өткен қызметшіге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тағылымдама қорытындылары бойынша пікір және тағылымдамадан өткен қызметшінің жазбаша есебін ұсынады.

      24. Қабылдаушы мемлекеттік органның немесе ұйымның Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тағылымдама өткен құрылымдық бөлімше басшысы тағылымдама қорытындылары бойынша пікірді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдаушы мемлекеттік органға жазбаша есеп пен пікірдің көшірмелерін жолдайды

      Жолдаушы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жарты жылдық негізде тағылымдамадан өту талдауын жүргізеді және оның негізінде әзірленген ұсыныстар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің тағылымдама
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТІЛДІ"
  ___________ (қолы)
Жолдаушы мемлекеттік
органның лауазымды
тұлғасының тегі, аты-жөнінің
бірінші әріптері
20__ жылғы "__"______

ТАҒЫЛЫМДАМАЛАРДАН ӨТУ КЕСТЕСІ 20___ жылғы ___ жарты жылдыққа

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымының, құрылымдық бөлімшесінің толық атауы

Қабылдаушы мемлекеттік органның/ұйымның атауы (мекен-жайы)

Тағылымдама мерзімі

Тағылым-дама мақсаттары

Тағылымдама міндеттері

1.







2.













  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің тағылымдама
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТІЛДІ"
  ___________ (қолы)
Жолдаушы мемлекеттік
органның лауазымды
тұлғасының тегі, аты-жөнінің
бірінші әріптері
20__ жылғы "__"______

ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДІҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________

      Тағылымдаманың басталу мерзімі (күні, айы, жылы)___________________________________

      Тағылымдаманың аяқталу мерзімі (күні, айы, жылы) ___________________________________

      Қабылдаушы мемлекеттік органның/ұйымның құрылымдық бөлімшесінің атауы

      ________________________________________________________________________________

      Тағылымдаманы ұйымдастыруға жауапты, қабылдаушы мемлекеттік орган/ұйым

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      Тағылымдама мақсаты (-тары)______________________________________________________

Тағылымдама міндеттері

Жоспарланған іс-шаралар атауы

Орындау мерзімдері

1.


1.
2.


2.


1.
2.




      "Келісілді" ______________ _______________________________________________________

      (қолы)            (қабылдаушы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімше

                  жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20___ жылғы "__"______

      "Таныстым" ______________ ______________________________

      (қолы)            (тағылымдама өтушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20___ жылғы "__"______

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің тағылымдама
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ТАҒЫЛЫМДАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ПІКІР

      ________________________________________________________

      тағылымдама өтушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      1. Жеке жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (белгіленген міндеттерді жүзеге асыру деңгейі, жеке жоспардың тармақтарын орындау

                              аясында қол жеткізілген нәтижелер)

      2. Тағылымдама барысында танытылған кәсіби және жеке қасиеттер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тағылымдамадан өту барысында танытылған жеке қасиеттер, кәсіби құзыреттіліктер

      мен дағдылар)

      3. Құзыреттілікті дамыту:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тағылымдама барысында алынған кәсіби білімдер, тәжірибе мен практикалық дағдылар)

      4. Тағылымдама өтушінің қызметін жақсарту және құзыреттіліктерін дамыту бойынша

      ұсынымдар мен ұсыныстар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________                  ___________________________

      қабылдаушы мемлекеттік органның                                    қолы

      құрылымдық бөлімше жетекшісінің тегі,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "__"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады