"Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14944 болып тіркелді.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      "Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13392 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
      Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Білім беру ұйымдарының медициналық пунктінің мейіргері:
      1) медициналық-санитариялық көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың бірыңғай тіркелімін қалыптастыруға қатысады;
      2) № 907 бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанына сәйкес баланың медициналық картасына жазба жасай отырып, жүгінуіне қарай білім алушыларды дәрігерге дейінгі қарап-тексеруді жүргізеді;
      3) жыл сайын 15 қарашаға дейін алдағы жылы скринингтік қарап-тексеруге жататын, одан әрі нысаналы топтарды ай сайынғы түзетумен білім алушылардың (нысаналы топтардың) тізімін қалыптастырады және құрады;
      4) скринингтік қарап-тексерулерден өту үшін скринингтік қарап-тексерулерден өту қажеттілігі және оның шарттары туралы нысаналы топтар балаларының ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарландыру жүргізеді;
      5) жүргізілген профилактикалық (скринингтік) қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша ата-аналарды немесе заңды өкілдерді және білім алушыларды олардың денсаулығы жағдайы және сауықтыру бойынша ұсынымдар туралы хабардар етеді, сондай-ақ аурулардың профилактикасы және тісті және ауыз қуысының шырышты қабығын күту жөніндегі санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалар мәселелері бойынша оқыту жүргізеді;
      6) егілген балаларды одан әрі вакцинадан кейін бақылаумен иммундық-профилактиканы ұйымдастырады және жүргізеді (иммундық-профилактика бойынша сертификаты болған жағдайда);
      7) "Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9772 болып тіркелген) сәйкес барлық мектеп қызметкерлерін, ас блогы жұмыскерлерін, 15-17 жастағы білім алушыларды көрсетілімдері бойынша флюорографиялық зерттеп-қарауға жібереді;
      8) созылмалы аурулары бар білім алушыларды динамикалық байқауға және уақтылы сауықтыруға қатысады;
      9) білім алушыларды, соның ішінде диспансерлік есепте тұрғандарды жалпы практика дәрігеріне/учаскелік педиатрға оқушыны одан әрі бақылаумен уақтылы және толықтай диспансерлеу үшін консультацияға жібереді;
      10) білім алушылардың, педагогтар мен техникалық персоналдың арасында инфекциялық және паразитарлық аурулардың, уланулардың туындауының және таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ инфекция ошақтарын бақылауды жүргізеді;
      11) халықтың тұмаумен және жіті респираторлық вирусты инфекциямен инфекциялық сырқаттанушылығының жоғарылауы кезеңінде № 907 бұйрығымен бекітілген 095/е нысаны бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама бере отырып және одан әрі науқастың емханаға жүгінуімен карантиндік іс-шараларды жүзеге асырады;
      12) аурулардың профилактикасы, сондай-ақ балаларды шынықтыру мақсатында жазғы сауықтыру демалыстарын өткізуге қатысады;
      13) мектептің барлық қызметкерлері мен ас блогы жұмыскерлерінің міндетті медициналық қарап-тексеруден өту мерзімдеріне бақылау жүргізеді;
       14) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10713 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес медициналық манипуляциялар жүргізеді;
      15) көрсетілімдер бойынша артериялық қысымды анықтайды
      16) профилактикалық мақсатта көру және есту өткірлігін анықтайды;
      17) антропометриялық деректерді (бойы, салмағы) өлшеуді жүргізеді;
      18) термометрия жүргізеді;
      19) фтизиатрдың тағайындауы бойынша балаларға тікелей бақыланатын емді жүргізеді;
      20) дәрігердің тағайындауларын орындайды;
      21) білім алушыларға, педагогтар мен техникалық персоналға кенеттен болатын жіті аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының тез нашарлауы кезінде шұғыл және/немесе кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді, жедел медициналық көмекті шақыруды жүзеге асырады немесе алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық ұйымына, стационарға жібереді;
      22) денсаулықты нығайту мәселелерінде білім алушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу арқылы саламатты өмір салтын және ұтымды тамақтануды насихаттайды;
      23) психикалық және эмоциялық саламаттылыққа қолдау көрсететін дағдыларды меңгертеді, мінез-құлықтық қауіп факторларын төмендетуге қатысады (темекі шегу, нашақорлық, уытқұмарлық, алкоголизм), сондай-ақ білім беру ұйымдарының психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп басым шаралар қабылдай отырып, білім алушылардың арасында суицид бойынша қауіп топтарын анықтау іс-шараларын өткізеді.";
      24) Кодекстің 43-бабына сәйкес медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді;
      25) № 907 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша есепке алу және есептілік құжаттамасын жүргізеді, сондай-ақ статистикалық деректерге есеп жүргізеді.".
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық ақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады