Байланыс формасы

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың, жарылғыш материалдардың айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15041 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың, жарылғыш материалдардың айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11211 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;";

      "2) "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;";

      1-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;";

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      9-тармақтың 1) тармақшасының қырық алтыдан бастап елу тоғызыншыны қоса алғандағы абзацтар алып тасталсын;

      9-тармақтың 2) тармақшасының қырық төрттен бастап елу жетіншіні қоса алғандағы абзацтар алып тасталсын;

      9-тармақтың 2) тармақшасының елу сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны;";

      9-тармақтың 2) тармақшасының алпыс сегізінші және алпыс тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттардың, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу немесе өндіру немесе сату немесе коллекцияға жинау немесе экспонаттау, күзет қызметі, ақшалай қаражатты инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, өндірістік-техникалық базаға, мамандандырылған шеберханаға, қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларға, коллекццияланатын қаруды сақтауға күзет сигнализациясымен, кілтке жабылатын шыны сөрелермен, сейфтермен немесе металл шкафтармен жабдықталған үй-жайларға меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, соттылығының, әкімшілік құқық бұзушылықтардың жоқтығы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет "шлюзі" арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші қару сақтауға арналған үй-жайдың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің (бұдан әрі – 1176 қаулы) 7, 9-тармақтарының қару мен оның патрондарын сақтау тәртібі, сақталуы және есепке алу жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша есепке алу жөніндегі талаптарына сәйкестігін өтініш бергеннен кейін тексереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санаттағы жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның заңды тұлға-лицензаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан құрылған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген болуы;

      7) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы;

      8) өндірістің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ете алмауы, қарудың есебі мен сақталуын не осы шарттарды қамтамасыз етпеуі;

      9) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушыда:

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;

      қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының;

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруден өткенін растайтын құжаттың болмауы;

      11) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қару иесiнің қайтыс болуы;

      12) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 453, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануы;

      15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарына көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      16) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      18) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасуы;

      19) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      20) егер адам эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;

      21) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      22) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      23) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.";

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрыштамасы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,
коллекцияға жинау, экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша";

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрыштамасы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,
коллекцияға жинау, экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша";

      3-қосымша алынып тасталсын;

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрыштамасы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,
коллекцияға жинау, экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша";

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      9-тармақтың 1) тармақшасының отыз жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) порталға:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санаттағы жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның заңды тұлға-лицензаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан құрылған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген болса;

      7) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот лицензия алуға тыйым салса;

      8) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;

      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумн байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.";

      "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрыштамасы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданып
жасалған бұйымдарды әзірлеу,
өндіру, сату, пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет cтандартына
1-қосымша";

      "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрыштамасы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданып
жасалған бұйымдарды әзірлеу,
өндіру, сату, пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
  мемлекеттік көрсетілетін
қызмет cтандартына
2-қосымша";

      3) "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      ұйым (жеке тұлға) басшысының өтініші, онда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қару мен оның патрондарының саны, әкелуге (әкетуге) жауапты адамның (жеке тұлғаның) тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы және нөмірі, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекет, әкелу жүзеге асырылатын кеден пункті (шекарадан өту пункті) көрсетіледі немесе жеке тұлғаның азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші (бұдан әрі – жеке тұлғаның өтініші);

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудаласуда Еуразиялық экономикалық қауымдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуге немесе әкетуге тыйым салулары немесе шектулері қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және трназиттеуге қорытындының бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының жобасы;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаты.

      Қосымша:

      Заңды тұлғалар үшін:

      сәйкестік сертификаты немесе Қазақстан Республикасынының аумағына қаруды әкелгеннен кейін оған сертификаттау жүргізу шарты.

      Жеке тұлғалар үшін:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

      Қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде заңды тұлғаларға оны сату үшін қосымша:

      тауарды импорттаушыдан азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамды) бөліктері мен оның патрондары "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көрсетілген пайдаланушыларға сатылатыны туралы кепілдік хат.

      Егер қаруды және оның патрондарын импорттау кезінде соңғы тұтынушылар Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнайы және құқық қорғау органдары болып табылған жағдайда импортқа лицензияны ресімдеу "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" бөлімін ескере отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады;

      ерекшелігі қоса беріле отырып, қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарт (келісімшарт), онда олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетіледі;

      қару моделінің атауы және белгілеулері, негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы ел мен фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;

      жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына жол берілетін әрекетінің нормаларға сәйкес келуіне медициналық-биологиялық сынақ жүргізу туралы кепілдік хат.

      Қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде заңды тұлғаларға оны сату үшін қосымша:

      ерекшелігі қоса беріле отырып, қаруды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт), онда олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетіледі;

      қару моделінің атауы және белгілері, негізгі техникалық көрсеткіштері, ел мен дайындаушы фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;

      шетелдік мемлекетің уәкілетті мемлекеттік органының осы қарудың бейбіт мақсаттарда ғана пайдаланылатыны және басқа елдерге экспортталмайтыны туралы жазбаша кепілдік міндеттемесі.

      Сәйкестігін растау мақсатында сынақтар жүргізу, медициналық-биологиялық сынақ жүргізу, жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін қаруды сатуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға әкелуге (әкетуге) қорытындыны ресімдеу кезінде, сондай-ақ көрмелерде қатысу үшін уақытша әкелу (әкету) кезінде қосымша:

      ерекшелігі қоса беріле отырып, қаруды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт), онда олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетіледі;

      қару моделінің атауы және белгілеулері, негізгі техникалық көрсеткіштері, ел мен дайындаушы фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжаты.

      Жеке тұлғаларға сәйкестігін растау мақсатында сынақ жүргізу, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, жеке пайдалану үшін сатып алу, жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      сәйкестік сертификаты немесе Қазақстан Республикасының аумағына қаруды әкелгеннен кейін оған сертификаттау жүргізу шарты (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде ғана);

      жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындыны не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына жол берілетін әрекетінің нормаларға сәйкес келуіне медициналық-биологиялық сынақ жүргізу туралы кепілдік хат (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде ғана);

      қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін (тек қана жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін) әкелуді растайтын құжат (шарт, хат).

      Жеке тұлғаларға қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжаты;

      қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуді растайтын құжат (шарт, хат).

      Шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелдіктерге (спорт ұйымдарына немесе спортшылағар) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру;

      қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім);

      әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайдың бар-жоғын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат).

      Заңды немесе жеке тұлғаларға (спорттық ұйымдарға немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжаты;

      спорт ұйымы басшысының спортшыға қарудың нақты түрін бекіту туралы бұйрығы;

      спорт ұйымы басшысының спортшыны (ларды) іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрығы.

      Шетелдіктерге аңшылыққа қатысу үшін атыс аңшылық қаруын, оның патрондарын және аңшылық пышақтардың бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен көп емес) уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шарты;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;

      аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхат;

      шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжат (паспорт).

      Өтінішпен мүдделі аңшылық шаруашылығы ұйымы жүгінеді, онда қосымша әкелінетін патрондар саны, шетелдіктің паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

      Өтініш орман және аңшылық шаруашылығы уәкілетті органның облыстық аумақтық органымен келісіледі.

      Жеке тұлғаларға аңшылыққа қатысу үшін атыс аңшылық қаруын, оның патрондарын және аңшылық пышақтардың бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен көп емес) уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      аңшылық жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген аңшылыққа қатысуын растайтын құжат (қызмет көрсету туралы шарт немесе шақыру және т.б.);

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты.

      Басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін жеке тұлғаларға азаматтық қаруды, оның патрондарын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қаруды әкету жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тұрақты тұрғылықты орнына кететінін растайтын құжат;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты.

      Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қаруды әкетуге рұқсат құжаты.

      Қазақстан Республикасы азаматының марапаттау қаруын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      үшінші елдер басшыларының және үшінші елдер үкімет басшыларының марапаттау құжаттары.

      Шетелдіктерге марапаттау қаруын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

      Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, өтініш иесінің мөрімен расталған және қолы қойылған өтініш иесінің атына берілген рұқсат құжаттары. Егер әкелу немесе әкету елдерінің заңнамасы қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беруді көзделмеген жағдайда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың типі, моделі, түрі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

      кеден органының "транзит" кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасы;

      жеке тұлғаның (өтініш иесінің) жеке басын растайтын құжаты;

      әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар-жоғы туралы құжат;

      әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар-жоғы туралы құжат;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі.

      Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының өтініш иесінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;

      қаруды жасаушы елден экспортты жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы елге импортты жүзеге асыратын заңды тұлға мен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың өтініш иесінің мөрімен және қолымен куаландырылған көшірмесі;

      кеден органының "транзит" кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасы;

      қарудың түрлері, типтері, моделдері, калибрлері және нөмірлері, сондай-ақ кеден органы растаған патрондардың типтері, калибрлері, дайындау партиялары және саны туралы мәліметтер көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімі;

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;

      өнімді әкетуге арналған рұқсаттың бар-жоғы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжат;

      өтініш беруші мемлекеттің өнім транзитіне байланысты заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі;

      өтініш иесінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қаматасыз етуін растайтын құжат және физикалық қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;

      жүкті жөнелтушінің оған байланысты емес себептер бойынша жүкті алушыға өнімді беруі мүмкін болмаған жағдайда сол жүкті кері қабылдауға келісетінін растайтын құжат;

      2) порталға:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу, онда қару мен оның патрондарының саны, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекеттің әкелуге (әкетуге) жауапты адамының (жеке тұлғаның) тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, әкелу жүзеге асыратын кеден пункті (шекарадан өту пункті) көрсетіледі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудаласуда Еуразиялық экономикалық қауымдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуге немесе әкетуге тыйым салулары немесе шектулері қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытындының бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытынды жобасының электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

      Қосымша:

      Заңды тұлғалар үшін:

      сәйкестік сертификатының немесе қаруды Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі.

      Заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      тауарды импорттаушының азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондары "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарына көрсетілген пайдаланушыларға сатылатыны туралы кепілдік хаттың электрондық көшірмесі.

      Егер қару мен оның патрондарын импорттау кезінде соңғы тұтынушылар Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнайы және құқық қорғау органдары болып табылған жағдайда импортқа лицензияны ресімдеу "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" бөлімін ескере отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады;

      ерекшелігі қоса беріле отырып, қаруды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, онда олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетіледі;

      қару моделінің атауы және белгілеулері, негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы ел мен фирманың атауы туралы ақпараттың, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;

      жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындыны не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына жол берілетін әрекетінің нормаларға сәйкес келуіне медициналық-биологиялық сынақ жүргізу туралы кепілдік хатының электрондық көшірмесі.

      Қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде заңды тұлғаларға оны сату үшін қосымша:

      ерекшелігі қоса беріле отырып, қаруды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, онда олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетіледі;

      қару моделінің атауы және белгілеулері, негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы ел мен фирманың атауы туралы ақпараттың, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;

      шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік органының осы қару бейбіт мақсаттарда ғана пайдаланылатыны және басқа елдерге экспортталмайтыны туралы жазбаша кепілдік міндеттемесінің электрондық көшірмесі.

      Сәйкестігін растау мақсатында сынақ жүргізу, медициналық-биологиялық сынақ жүргізу, жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін қаруды сатуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға әкелуге (әкетуге) қорытындыны ресімдеу кезінде, сондай-ақ көрмелерде қатысу үшін уақытша әкелу (әкету) кезінде қосымша:

      ерекшелігі қоса беріле отырып, қаруды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, онда олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетіледі;

      қару моделінің атауы және белгілеулері, негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы ел мен фирманың атауы туралы ақпараттың, оның түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаларға сәйкестігін растау мақсатында сынақ жүргізу, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, жеке пайдалану үшін сатып алу, жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      сәйкестік сертификатының немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін қарудың немесе сертификаттау жүргізу шартының (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде ғана) электрондық көшірмесі;

      жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындыны не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына жол берілетін әрекетінің нормаларға сәйкес келуіне медициналық-биологиялық сынақ жүргізу туралы кепілдік хаттың (жеке пайдалану үшін сатып алған кезде) электрондық көшірмесі;

      қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін (тек қана жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін) әкелуді растайтын құжаттың (шарт, хат) электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаларға қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;

      қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуді растайтын құжаттың (шарт, хат) электрондық көшірмесі.

      Шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелдіктерге (спорт ұйымдары немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін шақыру қағазының электрондық көшірмесі;

      қару мен оның патрондарының нақты түрін спортшыға бекіту туралы ақпараттың (тізім) электрондық көшірмесі;

      әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайдың бар-жоғын растайтын құжаттаманың (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат) электрондық көшірмесі.

      Заңды немесе жеке тұлғаларға (спорт ұйымдары немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін шақыру қағазының электрондық көшірмесі;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;

      спорт ұйымы басшысының спортшыға қарудың нақты түрін бекіту туралы бұйрығының электрондық көшірмесі;

      спорт ұйымы басшысының спортшыны (ларды) іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрығының электрондық көшірмесі.

      Шетелдіктерге аңшылыққа қатысу үшін атыс аңшылық қаруын, оның патрондарын және аңшылық пышақтардың бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен көп емес) уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының электрондық көшірмесі;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы орган шешімінің электрондық көшірмесі;

      аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға арналған сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжатының (паспортының) электрондық көшірмесі.

      Мүдделі аңшылық шаруашылық ұйымы өтінішпен жүгінеді, онда қосымша әкелінетін патрондар саны, шетелдіктің паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

      Өтініш уәкілетті орман және аңшылық шаруашылығы органының облыстық аумақтық органымен келісіледі.

      Жеке тұлғаларға аңшылыққа қатысу үшін атыс аңшылық қаруының, оның патрондары мен аңшылық пышақтардың бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен көп емес) уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      аңшылық жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген аңшылыққа қатысуын растайтын құжаттың (қызметті көрсету туралы шарт немесе шақыру т.б.) электрондық көшірмесі;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі.

      Басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін жеке тұлғаларға азаматтық қаруды, оның патрондарын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қаруды әкету жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тұрақты тұру орнына кетуді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      қаруды әкелу болжанатын мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі.

      Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қаруды әкетуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі.

      Қазақстан Республикасы азаматының марапаттау қаруын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      үшінші елдердің басшыларының және үшінші елдердің үкімет басшыларының марапаттау құжаттарының электрондық көшірмесі.

      Шетелдіктерге марапаттау қаруын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      Әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

      Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, өтініш иесінің мөрімен расталған және қолы қойылған өтініш иесінің атына берілген рұқсат құжаттарының электрондық көшірмесі. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың типі, моделі, түрі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;

      кеден органының "транзит" кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасының электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғаның (өтініш иесінің) жеке басын растайтын құжатының электрондық көшірмесі – Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін;

      әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар-жоғы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар-жоғы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі.

      Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы өтініш иесінің мөрімен және қолымен куәландырылған иеліктен шығару құжатының электрондық көшірмесі;

      қаруды жасаған мемлекеттен экспортты жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлға мен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың өтініш иесінің мөрімен және қолымен куаландырылған электрондық көшірмесі;

      кеден органының "транзит" кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасының электрондық көшірмесі;

      қарудың түрлері, типтері, модельдері, калибрлері мен нөмірлері көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімінің, сондай-ақ кеден органы растаған патрондардың типтері, калибрлері, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі – Қазақстан Республикасының резиденті еместер үшін;

      өнімді әкетуге арналған рұқсаттың бар-жоғы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжаттың электрондық көшірмесі;

      өнім транзитіне байланысты өтініш иесі мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;

      өтініш иесінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қаматасыз етуін растайтын құжаттың және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      жүкті жөнелтушінің оған байланысты емес себептер бойынша жүкті алушыға беруі мүмкін болмаған жағдайда осы жүкті кері қабылдауға келісетінін растайтын құжатының электрондық көшірмесі.

      Құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптарды сақтай отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қоя отырып, ұсынылады.

      Жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін қоспағанда, барлық құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен (Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін) ұсынылады;

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыға мәліметтер нысаны.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер, экспонаттауға, коллекцияға жинауға, сатуға лицензиялар, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, қару мен оның патрондарын сатып алуға, экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген импортқа лицензиялар, рұқсаттар, экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорт сертификаты туралы мәліметтерді электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш бергеннен кейін экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасы қабылданған күн мен уақытты көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;

      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статусы көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда:

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайының болмауы;

      4) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қару иесiнің қайтыс болуы;

      5) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 453, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануы;

      8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарына көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      9) азаматтық және қызметтік қару иесі немесе пайдаланушысы қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      11) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасуы;

      12) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      13) егер адам эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;

      14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 1176 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметті немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      16) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.";

      5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын, заңды тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз пайызын;".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші немесе заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қаруды иемденуге қарсы көрсепелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда);

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуі мәніне тексеруден өткені туралы анықтама;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжат.

      Қосымша:

      азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      аңшылық куәлік (аң аулау құқығына мемлекеттiк баждың төленгенi туралы белгiсi бар);

      туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi, сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкететiн жағдайда;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:

      1176 қаулының 7-9-тармақтарында баяндалған талаптарға сәйкес техникалық нығайту бойынша қойылатын талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайды жалға алу шартының көшірмесі;

      қару мен оның патрондарын сатып алу және сақтау үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық;

      жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдерін және олардың санын (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) көрсете отырып, қару және (немесе) оның патрондарын жеткізу немесе сатып алу шарты (келісімшарт) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шарты (келісімшарты) (Қазақстан Республикасының аумағында қаруды сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін);

      жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар қарудың және электр қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізуі мүмкін әрекетінің белгіленген нормаларына сәйкестігі туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құжаты (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым оны сатып алуға ниеттенген кезде);

      ұйымның:

      "Қазпочта" акционерлік қоғамы – ұлттық пошта операторына;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің табиғатты қорғау ұйымдарына;

      аңшылық және балық аулау шаруашылығын жүргізу құқығы берілген аңшылық және балық аулау шаруашылықтарына;

      балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне, жоғары шеберлік спорт мектептеріне, олимпиада резервін дайындау орталықтарына, спорт клубтарына, федерацияларына, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға, ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекцияларына, дене шынықтыру-спорт қоғамдарына;

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының иелігіндегі ұйымдардың аңшылық шаруашылықтарына және "Шарушылық басқарма" жабық акционерлік қоғамының аңшылық шаруашылықтарына;

      даярлауды және біліктілігін арттыруды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына;

      қару иелері мен пайдаланушыларды арнайы даярлау орталықтарына;

      Қазақстан Республикасы әуежайларының авиациялық қауіпсіздігі қызметтеріне тиісілігін растайтын құжат;

      аумақтық ішкі істер департаменттерімен (тегіс ұңғылы қару үшін) және (немесе) Ішкі істер министрлігімен (ойықты қару үшін) келісілген 1176 қаулының 17-қосымшасына сәйкес қару мен оның патрондарының қолдағы бары және қажетті саны туралы мәліметтердің бланкісі;

      азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:

      сатып алынған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының оқтары мен гильзаларының бақылау атуы туралы акті;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылы қаруды қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін:

      сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылы туралы белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қызметтік қаруды сатып алуға берілген рұқсаттың телнұсқасы;

      сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың көшірмесі;

      заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауы мен алып жүруіне рұқсат алу үшін:

      заңды тұлға қызметкерлерінің кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағының (сауалнама) көшірмесі;

      күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәлік (күзет қызметі субъектілері үшін);

      азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін:

      меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалыс бағыты (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жарыстар немес жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;

      азаматтық қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін (азаматтық қаруды үшінші тұлға тасымалдаған кезде):

      қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхаты;

      үшінші тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) қаруды иемдену құқығын растайтын құжат;

      2) порталда:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда);

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білу мәніне тексеруден өткені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;

      қосымша:

      азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      аңшы куәлігінің электрондық көшірмесі (аң аулау құқығына мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі бар);

      туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi, сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкететiн жағдайда;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      1176 қаулының 7-9-тармақтарында баяндалған талаптарға сәйкес техникалық нығайту бойынша қойылатын талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайды жалға алу шартының электрондық көшірмесі;

      қару мен оның патрондарын сатып алу және сақтау үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдерін және олардың санын (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) көрсете отырып, қару және (немесе) оның патрондарын жеткізу немесе сатып алу шартының (келісімшарт) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шартының (келісімшарты) (Қазақстан Республикасының аумағында қаруды сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі;

      жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар қарудың және электр қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізуі мүмкін әрекетінің белгіленген нормаларына сәйкестігі туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құжатының (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым оны сатып алуға ниеттенген кезде) электрондық көшірмесі;

      ұйымның:

      "Қазпошта" акционерлік қоғамы – ұлттық пошта операторына;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің табиғатты қорғау ұйымдарына;

      аңшылық және балық аулау шаруашылығын жүргізу құқығы берілген аңшылық және балық аулау шаруашылықтарына;

      балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне, жоғары шеберлік спорт мектептеріне, олимпиада резервін дайындау орталықтарына, спорт клубтарына, федерацияларына, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға, ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекцияларына, дене шынықтыру-спорт қоғамдарына;

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының иелігіндегі ұйымдардың аңшылық шаруашылықтарына және "Шарушылық басқарма" жабық акционерлік қоғамының аңшылық шаруашылықтарына;

      даярлауды және біліктілігін арттыруды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына;

      қару иелері мен пайдаланушыларды арнайы даярлау орталықтарына;

      Қазақстан Республикасы әуежайларының авиациялық қауіпсіздігі қызметтеріне тиісілігін растайтын құжатының электрондық көшірмесі;

      аумақтық ішкі істер департаменттерімен (тегіс ұңғылы қару үшін) және (немесе) Ішкі істер министрлігімен (ойықты қару үшін) келісілген 1176 қаулының 17-қосымшасына сәйкес қару мен оның патрондарының қолдағы бары және қажетті саны туралы мәліметтер бланкісінің электрондық көшірмесі;

      азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:

      қаруды дүкенде алғашқы сатып алу кезінде және кейіннен ІІО-да әрбір 5 жыл сайын оны қайта тіркеу кезінде сатып алынған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының оқтары мен гильзаларының бақылау атуы туралы актінің электрондық көшірмесі;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін:

      сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылы туралы белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қызметтік қаруды сатып алуға берілген рұқсат телнұсқасының электрондық көшірмесі;

      сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың электрондық көшірмесі;

      заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауы мен алып жүруіне рұқсат алу үшін:

      заңды тұлға қызметкерлерінің кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағының (сауалнама) электрондық көшірмесі;

      күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәлігің (күзет қызметі субъектілері үшін) электрондық көшірмесі;

      азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін:

      меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалыс бағытының электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жарыстар немес жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың электрондық көшірмесі;

      азаматтық қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін (азаматтық қаруды үшінші тұлға тасымалдаған кезде):

      қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхаты;

      үшінші тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) қаруды иемдену құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын, ішкі істер органдары берген қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар, осы тұлғаның аңшылық тегіс ұңғылы қаруды кемінде үш жыл заңды иеленгені туралы мәліметтерді (ойық оқпанды аңшылық атыс қаруын сатып алған кезде) электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қаруды сақтау жағдайын ішкі істер органдарының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергеннен кейін тексереді.

      Сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылы туралы белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қаруды сатып алуға берілген рұқсаттың телнұсқасы, өлшемі 3х4 см екі фотосуретті және техникалық тексеру үшін қаруды (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін), сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылы туралы белгісі бар, сондай-ақ мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қаруды сатып алуға берілген лицензияның телнұсқасы (қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін), заңды тұлға қызметкерлерінің өлшемі 3х4 см екі фото суретін (заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы үшін) көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда:

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;

      қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының;

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуі мәніне тексеруден өткенін растайтын құжаттың болмауы;

      4) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қару иесiнің қайтыс болуы;

      5) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 453, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануы;

      8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарына көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      9) азаматтық және қызметтік қарудың иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану пайдалану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      11) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;

      12) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      13) егер адам эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;

      14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 1176 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметті немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      16) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.";

      "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат алу үшін заңды тұлғаның өтініші;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарға қолжетімділікке үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы көрсетпелердің (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтама;

      Қосымша:

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      пиротехнткалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға жауапты адамдарды (адамды) тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      ерекшілігімен қоса бере отырып, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жеткізу шартының (келісімшарт) көшірмесі.

      пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсат алу үшін:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарға қолжетімділікке үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы көрсетпелердің (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      Қосымша:

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      пиротехнткалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға жауапты адамдарды (адамды) тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      ерекшілігімен қоса бере отырып, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жеткізу шартының (келісімшарт) электрондық көшірмесі.

      пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсат алу үшін:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардық электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған рұқсатқа мәліметтер нысаны.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі лицензияның, дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлардың және сақтауға арналған қойманың меншіктік құқығын, соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкімет "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау үшін үй-жайдың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11193 болып тіркелген) (бұдан әрі – 319 Бұйрық) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларының талаптарына сәйкес келуін ішкі істер органдарының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергеннен кейін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің 319 Бұйрықпен бекітілген талаптарына сәйкес келуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.";

      "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда:

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;

      қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының;

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуі бойынша тексеруден өткенін растайтын құжаттың болмауы;

      4) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қару иесiнің қайтыс болуы;

      5) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 453, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануы;

      8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарына көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      9) азаматтық және қызметтік қарудың иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану бойынша білімін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      11) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;

      12) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      13) егер адам эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;

      14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11219 болып тіркелген) Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      16) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 18 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 196 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
3-қосымша

"Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыруы үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут;

      3) Мемлекеттік копорацияда көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекетік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және оның уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекетік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:

      заңды тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз пайызын;

      жеке тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын құрайды.

      Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын құжат береді.

      8. Жұмыс кестесі:

      Мемлекеттік корпорацияда - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін, қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілдері) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      жеке тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші немесе заңды тұлғаның қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаты;

      жолдама алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге берілген рұқсаттың түпнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар қолхат негізінде жүзеге асырылады. Өтініш иесінің өкілі оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір айдан кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызмет алушыға тапсыру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметі алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін негіз:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 1176 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерістің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым: шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күн) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жолдаған кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны туралы жауап немесе қараудан бас тартқаны туралы белгілер) барысында жаңартылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Ағзаның тыныс-тіршілігін шектейтін функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметі көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет ресурсында орналастырылған.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 714303, 722188. Мемлекеттік қызметі көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жеке және заңды тұлғаларға
азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын
комиссиялық сатуға жолдама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Жеке тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдаманы алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                         (көрсетілетін кызметті берушінің толық атауы)

      Азамат _________________________________________________________________________

                        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

                                    жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдама беруіңізді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

                        (қарудың типі, түрі, моделі, нөмірі мен саны көрсетіледі)

      Осыған байланысты_______________________________________________________________

                              (қаруды қажетті сатудың себебін көрсету)

      Жеке тұлғаның мекенжайы_________________________________________________________

      Электрондық поштасы ____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісімі

      Осы арқылы:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға жолдама алуға

      немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны

      расталады;

      Жеке тұлға ___________                  ____________________________________________

                  (қолы)                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20 жылғы "____" __________

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
комиссиялық сатуға жолдама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Заңды тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдаманы алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                         (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның атауы, (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                         (қарудың типі, түрі, моделі, нөмірі мен саны)

      қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама беруіңізді сұраймын.

      Осыған байланысты_______________________________________________________________

      (қаруды қажетті сатудың себебін көрсету)

      Электрондық поштасы ____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Қызметтің жүзеге асырылатын мекенжайы ___________________________________________

                                                (пошталық индексі, облыс, қала, аудан,

      ________________________________________________________________________________

                  елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісімі

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға жолдама

      алуға немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны

      расталады.

      Жеке тұлға ___________                  ____________________________________________

                  (қолы)                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      М.О.                                    Толтырылған күні: 20___ жылғы "___" ________

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
комиссиялық сатуға жолдама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынған жоқсыз, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________;

      2) ____________________________________;

      3) ____________________________________.

      Осы қолхат 2 дана жасалды, тараптардың әрқайсысына

      ___________________________                        ______________________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік                                          (қолы)

      корпорацияның қызметкері)

      Орындаушы. Т.А.Ә. _______________

      Телефон _________________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушы

      20___ жылғы "____" ____________________";

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 196 бұйрығына
2-қосымша
  "Жеке және заңды тұлғаларға
азаматтық қару мен оның
патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып
жүруге,тасымалдауға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Заңды тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге,тасымалдауға рұқсат рұқсат алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен _________________________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беруіңізді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

            (қарудың түрін, типін, моделін, нөмірін және санын көрсету, керегінің астын сызу)

      _____________________________________________________________________ байланысты

                              (рұқсат алу себебін көрсету)

      ____________________________ -дан __________________________________________ дейін

            (қаруды тасымалдау кезінде қаруды жөнелту және жеткізу пунктін көрсету)

      Электрондық поштасы ____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы __________________________________________________

                                     (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      ________________________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және

      оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты

      жіберуге болатыны расталады.

      Басшы ___________                  __________________________________________________

             (қолы)                        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны                        Толтырған күні: 20__жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 196 бұйрығына
3-қосымша
  Азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып
жасаған бұйымдарды сатып
алуға, сақтауға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Заңды тұлғаның азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                         (көрсетілетін қызмет берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                   (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып сатып

      алуға, сақтауға рұқсат беруіңізді сұраймын ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (атауын, санын, салмағын, өлшемін көрсету)

      Электрондық пошта_______________________________________________________________

      Телефондар _____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Қызметін жүзеге асыратын мекенжайы ______________________________________________

                                                 (пошталық индексі, облыс, қала,

      ________________________________________________________________________________

      аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат, (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және

      оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты

      жіберуге болатыны расталады.

      Басшы ___________                  __________________________________________________

             (қолы)                        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны                        Толтырған күні: 20__жылғы " "____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады