"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 мамырда № 15122 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12913 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың нормалары бекітілсін.";

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормалары.";

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормалары.";

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормасы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (С.В. Каверников) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б.Т. Сұлтанов

      2017 жылғы "__"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады