Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 477 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15385 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 22 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы" Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі
№ 299 бұйрығымен
бекітілген

Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар:

      қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;

      ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасын кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін анықтайды.

      3. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізу барысында жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) , сондай-ақ объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобалары бойынша қажетті салалық және ведомстволық сараптамалар жүзеге асырылады.

      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және сәулет қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.

      4. Қағидалар Заңның 64-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларға сараптама жүргізуге қолданылады.

      5. Заңның 64-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама міндетті болып табылмайды және тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама олардың Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      7. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны Заңның 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      8. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бір бөлігі болып табылатын жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын және жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында айқындалған тәртіпте аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

      9. Объектілерді салуға арналған ТЭН-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама олар бекітілгенге дейін жүргізіледі.

      Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ одан өтпеген және бекіту үшін ұсынымдары бар оң қорытынды алмаған құрылыс жобалары аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.

2-тарау. Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі

1 параграф. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты мен міндеттері

      10. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда:

      қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалардың:

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-әдістемелік құжаттардың;

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады.

      11. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:

      1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға, деректерге),техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсатына сәйкестігі;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы;

      3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау конструкцияларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынның баламалы көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі;

      4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі;

      5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдардың, технологиялық және инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі;

      6) ЖСҚ көзделген құрылыс объектілері (ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендердің, коммуникациялардың) көлемдерінің негізділігін және орындылығы;

      7) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығы;

      8) қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, халық денсаулығын қорғау бойынша ұсынылатын шалалардың тиімділігі, толықтығы және жеткіліктігі;

      9) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсер ететін ұйғарылып отырған шешімдердің экологиялық негізділігін белгілеу;

      10) жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер етуінің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;

      11) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады.

      12. Бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен бұрын бекітілген құрылыс жобаларының құрылыс құнын ұлғайтуды болжайтын жобалау шешімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сараптама ұйымдары өздерінің құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және тапсырыс беруші ұсынған негіздер бойынша жобаға белгіленген түзетулердің негізділігін және орындылығын белгілейді.

      Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар мен материалдар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

2 параграф. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау

      13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:

      1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшасына;

      2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшасына;

      3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес құжаттамалар (материалдар) тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      14. Жобаның ұсынылатын материалдарына:

      1) ЖСҚ-ны әзірлеушінің жобалау қызметінің тиісті түрлері мен санаттарына құқық беретін лицензиясының көшірмелері;

      2) құрылыс жобасын әзірлеуге және жекелеген жобалау шешімдерін қабылдауға негіз болған ресми бастапқы құжаттар, сондай-ақ жобаны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтердің заңнамасында көзделген міндетті келісулердің болуы туралы құжаттар қоса беріледі.

      15. Құрылыс жобаларының құрамы мен мазмұны Заңның 60-бабы 4-тармағының және 63-бабы 1-тармағының ережелерімен айқындалады.

      16. "Бір терезе" қағидатын іске асыру үшін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құрылыс жобаларын қоспағанда, бастапқы құжаттармен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама бірыңғай портал арқылы (бұдан әрі – Портал) ғана жүргізіледі:

      Портал:

      1) меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне және қаржыландыру көздеріне қарамастан жобаларға тапсырыс берушілер;

      2) құрылыс жобаларын әзірлеушілер;

      3) салалық сараптаманы қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары үшін бірден-бір алаң болып табылады.

      17. Құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптамалық ұйымға қағаз тасығышта ұсынылады.

      18. Мемлекеттік және аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын кезде барлық рәсімдер мен операцияларды бірыңғай Порталмен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының және Сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүзеге асырады.

      19. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – ведомство) бірыңғай Порталдың операторын айқындайды, ол оның техникалық күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдалануын және дамуын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік сараптама ұйымы өз ақпараттық жүйесінің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдалануын және дамуын қамтамасыз етеді.

      Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігі өзінің сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды. Сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесінің операторы ақпараттық жүйенің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдаланылуын және дамуын қамтамасыз етеді.

      20. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамының осы Қағидалардың 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес құжаттамалар (материалдар) тізбесіне сәйкестігі мемлекеттік сараптама ұйымы немесе тапсырыс беруші таңдаған аккредиттелген сараптама ұйымымен көрсетілген материалдарды Портал арқылы тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі.

      5 жұмыс күні өткеннен кейін жобаның толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы материалдарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту не жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.

      21. Сараптама ұйымының құрылыс жобасын (оған қоса берілген бастапқы материалдарды ескере отырып) олардың талап етілген жинақтылығы мен құрамы расталғаннан кейін қарауға қабылдауы, сондай-ақ сараптамалық жұмыстардың құнын, сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын белгілеуі тапсырыс берушімен ұсынылған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шартты жасасуға негіз болып табылады.

      22. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт Портал және мемлекеттік сараптама ұйымының және Сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелері арқылы электрондық-цифрлық нысанда (электрондық шарт), тараптардың уәкілетті өкілдерінің электрондық-цифрлық қолтаңбалары арқылы шарттарға қол қоюы арқылы жасалады.

      Құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге мемлекеттік сараптама ұйымдарымен жасалған шарттар қағаз тасығышта ұсынылады.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жасалады.

      Мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған электрондық шарт жариялы болып табылады және мемлекеттік сараптама ұйымы мен тапсырыс берушілер арасында жасалады.

      Шарттар ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілерін салуға арналған тиісті ЖСҚ-ға, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға қатысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тараудың 6 және 7 параграфтарында, сондай-ақ 3-тарауда көзделген концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынатын концессиондық өтінім құрамындағы ТЭН бойынша кешенді сараптама жүргізу ерекшеліктерін де ескеріледі

3 параграф. "Бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу

      23. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын жоба (ТЭН немесе ЖСҚ) оның бастапқы материалдармен бірге Портал арқылы тапсырыс беруші көрсетілген материалдардың жинақтылығы мен құрамының мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін мемлекеттік ұйымға немесе тапсырыс беруші тандаған аккредиттелген сараптама ұйымының біріне жіберіледі.

      24. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт күшіне енген күн сараптама жұмыстарының басталған күні болып табылады.

      25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;

      2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен дәлелді ескертулерді жою мақсатында оларды береді.

      26. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына сәйкес жобалардың экологиялық сараптамасы бөлігінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде құрылыс жобаларын қарау жөніндегі сараптама комиссияларын құрады.

      Экологиялық сараптама мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы құрылыс жобаларын қарайды және ведомствоға материалдар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынымдар береді.

      27. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы жобаның жобалау және құрылыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.

      Бұл жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.

      28. Сарапшының жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын:

      1) осы жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымының атауы;

      2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздемелері немесе

      жобалау-сметалық құжаттамасы) ресми атауы, жобалау объектісінің салалық тиесілілігі мен оның орналасқан орны;

      3) тапсырыс беруші (инвестор, меншік иесі) және жобаны қаржыландыру көзі;

      4) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы);

      5) сараптамаға ұсынылған құжаттаманы қабылдау рәсімдерінің нәтижелері;

      6) шарттың күшіне енген күнін көрсетіле отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жасасу күні көрсетілген ақпаратты орналастыра отырып мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдарының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне орналастырылады.

      29. Сараптама ұйымының интернет-ресурстарының тиісті бөліміне:

      1) қаралып отырған жоба бойынша қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын құпия ақпаратқа;

      2) мемлекеттік құпия немесе өзге заңмен қорғалатын құпияға жататын ақпаратты орналастыруға жатпайды.

4 параграф. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы

      30. Құрылыс жобаларына (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің нормативтік ұзақтығы жобада белгіленген:

      1) құрылыс объектісінің технологиялық және (немесе) техникалық күрделілігін, сондай-ақ жауаптылық деңгейін;

      2) жобаланып отырған объектінің сыныбы, санаты, эпидемиялық маңыздылығы немесе ықтимал қауіптілігі;

      3) жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы;

      4) жобаланған объектінің құрылыстың нормативтік ұзақтығының есептік көрсеткіші ескеріле отырып, айқындалады.

      31. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ:

      1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, әлеуетті қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;

      2) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен;

      3) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      32. Жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар объектілерді, салуға олардың функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілілігіне қарамастан бірегей объектілерді (кешендерді), сондай-ақ оларды жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы ескеріле отырып, технологиялық тұрғыдан аса күрделі ғимараттарды және азаматтық қорғаныс және ғарыштық инфрақұрылым құрылыстарының, сондай-ақ жоспарланып отырған объекті құрылысының нормативтік ұзақтығы бекітілетін көрсеткіштер жобасына енгізілген объектілерді салуға арналған ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптама ұйымы қараған кезде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұзақтығы қажет болған жағдайда 60 (алпыс) жұмыс күніне дейін ұзартуға жол беріледі.

      33. Шартта сараптама ұзақтығының мерзімі осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығынан кем болып белгіленген кезде ескертулер беру және жобаның бөлімдері мен бөліктерін қарау мерзімдері осы Қағидалардың 34, 36, 37, 38-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге және сатыларға тең бөлінеді.

      34. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженрелік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні беріледі.

      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға бөлінеді.

      35. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың 60 (алпыс) жұмыс күн шекті ұзақтығы кезінде, осы Қағидалардың 34-тармағының 1), 2) және 3) тармақтарымен белгіленген әрбір мерзім 5 (бес) жұмыс күніне ұлғаяды.

      36. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;

      2) 5 (бес) жұмыс күні үшін:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартпен көзделген құжаттамаларды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.

      37. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:

      1) 5 (бес) жұмыс күні жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;

      2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарауға және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;

      3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.

      38. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында тапсырыс берушіге:

      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күннен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 14 (он төрт) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктермей сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертулерін береді.

      Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.

5 параграф. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді тоқтату

      39. ТЭН немесе ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында қаралып отырған жоба бойынша жиынтық сараптамалық қорытындыны орындаушының одан әрі ресімдеу және беру, сондай-ақ тапсырыс берушінің алу қажеттілігі болмай қалатын ахуал туындаған жағдайларда құрылыс жобасына тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініш береді, оған тапсырыс берушінің осындай шешімінің негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату туралы, негізделген өзгерістер жағдайда, ресми өтініш жіберуге болатын жағдайлар мыналар:

      жобалауға арналған тапсырмалар;

      бастапқы құжаттар (материалдар, деректер), оның ішінде инженерлік тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қосылуға арналған инженерлік іздестірулердің немесе техникалық шарттардың нәтижелері, олардың параметрлері мен талаптары;

      жобаланатын объектінің аумағы айналасындағы бекітілген толық жоспарлау жобаларында және (немесе) құрылыс салу жобаларында қала құрылысы шешімдерін қайта қарауға байланысты жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасының шарттары мен талаптары;

      тапсырыс берушінің осы объектінің жоспарланған құрылысын салудан бас тарту туралы дәлелді шешімі болып табылады (жеке-жеке не жиынтығы).

      40. Сараптама ұйымы және құрылыс жобасының тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу шартын бұзуды ресімдейді.

      41. Жобаға тапсырыс берушінің растайтын құжаттар қоса берілген сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініші жиынтық сметалық құжаттаманы қараудың, жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау және ресімдеудің соңғы сатысында ұсынылған болса, онда ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша бұзуға жатпайды және сараптама ұйымы шарттық міндеттемелерді аяқтайды.

6 параграф. Құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсыну және жүргізу тәртібінің ерекшеліктері

      42. ЖСҚ материалдарын ұсыну және қабылдау осы Қағидалардың 2-тарауының 2 параграфына сәйкес жүргізіледі.

      43. Заңының 17-бабының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша ЖСҚ-ға ведомстодан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші ұсынған (жиынтығында):

      жобалау-сметалық бойынша жаңа (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу туралы соттың тиісті шешімі немесе сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамасы;

      Тапсырыс беруші бекіткен техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтерден, оның ішінде техникалық зерттеп-қарау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалғаны туралы, орындалған жұмыстың актілерімен расталған олардың құндық бағасы туралы деректерден тұратын тәуелсіз техникалық зерттеп-қараудың қорытындысы негіз болып табылады.

      44. Аяқталмаған құрылыс объектілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылған мезгілде тәуелсіз техникалық зерттеп-қарау ұсынған қорытындылар бойынша атқарылған жұмыс көлеміне және оның құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілмейді. Техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша нәтижелер мен тұжырымдар зерттеп-қарау жүргізген ұйымдармен анықталады.

      45. Жиынтық сараптамалық қорытындының қаулы ететін бөлігіне тәуелсіз техникалық тексеру қорытындыларының тұжырымдары қосымша енгізіледі.

7 параграф. Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынған концессиондық өтініштер құрамындағы ТЭН сараптамалық қарау тәртібінің ерекшеліктері

      46. Концессия объектілерін салуға арналған концессионерді таңдау бойынша екі кезеңдік конкурсқа қатысушылардың конкурстық концестік өтінімдері құрамындағы Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген ТЭН бойынша Қағидалардың осы параграфта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.

      Бұрын Концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алған ТЭН-де көзделген техникалық-экономикалық параметрлерін конкурсқа қатысушы қабылдаған жағдайда, конкурсқа қатысушының концессиондық өтінімі құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту талап етілмейді.

      47. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын концессиялық жобалардың ТЭН-і жаңаларын салу немесе бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды олардың кешендерін, сондай-ақ инженерлік және көліктік коммуникацияларды өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу) жолымен жүзеге асырылатын осы концессия объектілерін салуға арналады.

      48. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған концессия объектілерін салуға арналған ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптаманы (одан әрі - ТЭН конкурстық өтініштін құрамында) мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

      49. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама қала құрылысына және техникалық регламенттерге, сондай-ақ пайдалану барысында жобаланатын объектінің тұрақты жұмыс істеуі бөлігіндегі техникалық-техногологиялық шешімдерімен қамтамасыз ету бойынша нормативтік талаптарға сай келуіне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы және жарылыс қауіпсіздігін әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеуді қамтамасыз ету шарларына бағалау жасалады.

      Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізген кезде есептік құн қарастырылмайды.

      50. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға концессионерді таңдау бойынша конкурсқа әртүрлі қатысушылар ұсынатын ТЭН саны шектелмейді.

      ТЭН-ге сараптама коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ТЭН-дегі құпия ақпаратты таратпау талаптарды ескере отырып, осы концессиялық жобаның әлеуетті концессионерінің әрбір конкурстық құжаттамасы бойынша бөлек жүргізіледі.

      51. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің тиісті бөлімін (бөлігін) сараптама жүргізетін сарапшы қаралып отырған құжаттамадағы оған мәлім болған ақпаратты қызметтік жағдайын және міндеттерін, оның ішінде пайдакүнемдік немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға құқығы жоқ.

      Осы ақпаратты әйгілеу (жариялау), тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша түрде келісімімен жүзеге асырылады.

      52. Заңмен рұқсат етілген осындай ақпаратты жариялау, тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.

      Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің ведомстводан тыс кешенді сарптама тапсырыс берушісі концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы және осы концессиялық жобаның барлық ұсынылған ТЭН-не ведомтводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған мемлекеттік сараптама ұйымы шартының тарабы бола алады.

      Әрбір ТЭН бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шығындары әртүрлі мөлшерде барлық конкурсқа қатысушылармен өтеледі.

      53. Конкурстық өтінімнің құрамында ТЭН бойынша сараптаманы өткізу құны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.

      54. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама мерзімдері мен ұзақтығы шартпен белгіленеді, бірақ осы Қағидалардың 2-тараудың 4 параграфында көзделген шектен аспауы тиіс.

      55. Конкурстық өтінім құрамындағы әрбір қаралған ТЭН бойынша сараптамалық қорытынды тұжырымдары жобалық шешімдерінің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы көрсете отырып, концессионерді таңдау бойынша осы конкурсқа қатысушыны конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда, ТЭН-нің біреуін бекіту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын әзірлеу және келісу тәртібі

      56. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері Заңның 6-бабының 4-1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

      57. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне арналған ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспары (бұдан әрі – Жеке жоспар):

      1) төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ететін;

      2) бірегей;

      3) құрылыс ұзақтығы кемінде 36 ай болатын І жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша бір сатылы жобалау ("жұмыс жобасы" – ЖЖ) кезінде ЖСҚ үшін ғана әзірленеді.

      Бұл ретте, төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп – ғимараттарын, құрылыстарын, технологиялық қондырғылары мен агрегаттарын пайдалануды тоқтату (уақытша тоқтату) кезінде елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының қызметі бұзылатын тұрғын үйді, денсаулық сақтау және білім беру, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ғимараттары мен құрылыстарды түсінеміз.

      58. Осы Қағидалардың 57-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді коспағанда, көліктік және инженерлік инфрақұрылымның желілік объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарының жобалары бойынша бұрыннан бар объектілерді өзгерту жөніндегі жобалар, түзетілген ЖСҚ, жауапкершілік деңгейі II (қалыпты) және III (төмендетілген) объектілер бойынша Жеке жоспарлар әзірленбейді.

      59. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаралып отырған объектіні ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жеке құрылыс объектілеріне жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін тапсырыс беруші:

      1) кестені қоса бере отырып, ЖСҚ әзірлеу кезеңдері мен мерзімдері (келісуші ұйымды көрсете отырып);

      2) сараптама ұйымдарымен келісілген кестені қоса бере отырып, сараптамаға ЖСҚ-ны ұсыну мерзімдері мен көлемдері;

      3) әрбір кезең бойынша кезең-кезеңмен жергілікті сараптама қорытындыларын беру мерзімдері;

      4) сараптаманың жиынтық қорытындысын беру мерзімі;

      5) кестені қоса бере отырып, құрылыс және келісімдерді, рұқсаттарды алу (келісуші ұйымдарды көрсете отырып) мерзімдері;

      6) "Рұқсат беру мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны;

      7) тапсырыс берушінің қалауы бойынша басқа да іс-шаралар қамтылған Жеке жоспар әзірлейді.

      60. Жеке жоспарды қарау үшін тапсырыс беруші ведомствоға Жеке жоспардың жобасын және тапсырыс беруші бекіткен материалдарды (бастапқы және рұқсат беру құжаттарды, келісулерді, болжамды техникалық-экономикалық параметрлерді көрсете отырып, эскиздік жобаны, құрылысты ұйымдастыру жобасын (бұдан әрі – ҚҰЖ), ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің күнтізбелік жоспары-кестесін және объекті құрылысының мерзімін) ұсынады.

      61. Осы тараудың талаптары сақталған кезде Жеке жоспарды ведомство 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.

      62. Тапсырыс беруші Жеке жоспарға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған құжаттаманы кезең-кезеңмен ұсынады.

      63. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.

      64. Сараптама жүргізу кезеңдерінің саны, қорытындысы бойынша жиынтық сараптамалық қорытынды әзірленетін аяқтау кезеңін қоса алғанда төрттен аспауы тиіс.

      Жергілікті қорытынды беру мен сараптама жүргізудің келесі кезеңіне ЖСҚ-ны ұсыну аралығы Жеке жоспарда белгіленеді.

      65. ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптама жүргізу Жеке жоспар шарттары ескеріле отырып, жалпы бүкіл жобаға жасалатын шартқа (бұдан әрі - Шарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      66. Жобалаудың әрбір кезеңінде сметалық құн объектілік сметалық есептеулерді кезең құрылысы құнының сметалық есебін, сондай-ақ жұмыстарға және осы кезеңнің шығындарына жиынтық сметалық есебін жасай отырып, жергілікті сметалық есеп (жергілікті смета) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетіледі.

      Жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері жергілікті қорытындылар бойынша аяқталу кезеңіндегі құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.

      Жиынтық сараптама қорытындысын беру кезінде, жергілікті қорытынды шеңберінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер қосылады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте, "Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11905 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативтің 7-қосымшасына сәйкес іс-жүзіндегі есептеме ескеріле отырып, Жиынтық сметалық есептің 3-8-баптары қайта есептеледі.

      67. Жеке жоспарға сәйкес келмейтін ЖСҚ сараптамаға ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы ЖСҚ-ны қарамастан қайтарады.

      68. Кезеңдердің әрқайсысы бойынша, оның ішінде аяқталу (жиынтық) кезеңі бойынша да сараптама жүргізу ұзақтығы, тиісті кезең бойынша сараптамалық жұмыстар басталған күннен бастап 45 жұмыс күнінен аспайды.

      Бұл ретте, сараптама жүргізу ұзақтығы Жеке жоспарда белгіленеді:

      1) сараптаманың жобалау-құжаттамасында белгіленген, мемлекеттік нормативтерге сәйкессіздік бойынша ескертулері мен ұсыныстарын бастапқы сараптамамалық қарау, дайындау және ресімдеу-тапсырыс беруші жинақталған жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспайды;

      2) сарапшылардың ескертулері бойынша тапсырыс берушінің жобаны әзірлеушілермен бірлесіп жобалау құжаттамасына қажетті түзетулер (пысықтаулар) енгізуі сарапшының ескертулері мен ұсыныстарын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды;

      3) жергілікті (аралық кезеңдерде) немесе жиынтық (аяқтау кезеңінде ұсынылған және қаралған жобалау құжаттамасының толық жиынтығы бойынша) қорытындыларды қайталап сараптамалық қарау, дайындау және ресімдеу – тапсырыс беруші сараптаманың ескертулері мен ұсыныстары бойынша түзетілген (пысықталған) жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды;

      69. Әрбір кезеңде жобалау құжаттамасының жиынтығы бойынша жүзеге асырылған, сараптаманың жергілікті оң қорытындысы тиісті кезеңде бір мезгілде құрылыс салу мүмкіндігі үшін жобаның осы бөлігін тапсырыс берушінің бекітуі үшін негіз болып табылады.

      Аяқтау кезеңінде бұрын берілген жергілікті қорытындыны қамтитын жиынтық қорытынды беріледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      70. Тапсырыс берушіге ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысын беру және оларды тапсыру-қабылдау актісін ресімдеу бірыңғай Портал арқылы жүзеге асырылады.

      71. Құрылыс объектілері бойынша ТЭН және ЖСҚ сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ресімдеу қағидалары) сәйкес құрылады.

      72. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама ұйымдары:

      1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;

      2) Жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі туралы теріс сараптамалық қорытынды береді.

      Жиынтық теріс қорытынды алынған жағдайда түзетілген ТЭН және ЖСҚ жаңадан әзірленген жобалар үшін белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге жатады. Бұл ретте қайтадан сараптаманы теріс сараптама қорытындысын берген сараптама ұйымы жүзеге асырады.

      Теріс қорытынды алған жобаға бұрын сараптама жүргізген сараптама ұйымында аккредиттеу туралы куәлік болмаған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші өзінің қалауы бойынша сараптама жүргізу үшін кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды.

      73. Тапсырыс беруші сараптамалық қорытындыда айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда Заңның 64-8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сараптама ұйымдары бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алады.

      74. Сараптама ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілген сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) сәйкес сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысу үшін шетелдік мамандарды (егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы қайшы келмейтін болса) қоса алғанда, мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тартады.

      75. Бұрын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен ТЭН немесе ЖСҚ бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізделген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілсе, қайтадан әзірленіп отырған жобалар белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге жатады.

      Егер құрылыс-монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалған жағдайда, онда оған сәйкес құрылысы жүзеге асырылған жобалау-сметалық құжаттамасы түзетуге және қайтадан бекітуге жатпайды.

      76. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленбеген және бекітілмеген болса ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.

      77. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы сәйкестік сараптама ұйымында, кейінгі үш жыл бойы сақталуы тиіс.

      78. Бекітілген ЖСҚ-ға өзгерістер енгізу және жаңадан (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге ұсыну:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік рәсімдер бөлігінде;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес құрылыс қызметі бөлігінде жүзеге асырылады.

      79. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы соңғы үш жыл ішінде тиісті сараптама ұйымында сақталады.

      Сараптама ұйымы құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобаларын қараған жағдайда ТЭН және ЖСҚ соңғы редакциясы сарапшының тегі, аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмері және берілген күні көрсетіліп, қағаз түрінде мөрмен куәландырылады.

      80. Тапсырыс беруші берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын қолдану мерзімі осы Қағидалардың 76, 77-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жобаны (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) қолдану мерзіммен айқындалады.

      81. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы тапсырыс берушіде және әзірлеушіде мұрағаттық бақылау дана ретінде сақталуы тиіс.

      82. Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай электрондық банкін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12422 болып тіркелген) сәйкес бекіту туралы ақпаратпен бірге ТЭН-нің, ЖСҚ мен үлгілік ЖСҚ-ның соңғы редакциясы электрондық-цифрлық нысанда Бірыңғай электрондық банкке жіберіледі.

      83. Бірыңғай электрондық банк қалыптастыратын құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілердің қаражаты есебінен қаржыландырылған жобаның тапсырыс берушілерінің осы Қағидалардың 82-тармағының талаптарын бұзғаны туралы ақпаратты сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына жібереді.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін міндетті құжаттар мен материалдар тізбесі

      1. Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізділігін және орындылығын қарау үшін бірыңғай Портал арқылы мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:

      1) мыналарды:

      жобалық (конструктивтік, көлемдік-жоспарлық, инженерлік-техникалық, технологиялық немесе экономикалық) шешімдерге, сапалық және сандық көрсеткіштерге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды;

      жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға негіздемелерді;

      құрылыс жобасын толық іске асыру үшін талап етілетін қосымша қаржы шығыстардың алдын ала белгіленген мөлшерін көрсете отырып, бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолымен тапсырыс берушінің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, инвестордың) хат-өтінім нысанындағы ақпараты;

      2) бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолы қойылған, тапсырыс берушінің мөрімен расталған құрылыстың құнын ұлғайтуды болжап отырған жобалардың бөлімдері (бөліктері) бойынша жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға салыстырмалы кесте;

      3) құрылыстың есептік немесе сметалық құнын қоса алғанда, бекітілуге ұсынылған техникалық-экономикалық көрсеткіштер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін бұрын бекітілген құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

      4) бұрын бекітілген жобаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін растайтын өзге де бастапқы құжаттар.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамасының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы жаңа объектілер құрылысының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс берушінің өтініміне (өзінің деректемелерін көрсете отырып) мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) жоспарлы мерзімдері мен жалпы инвестициялық циклының ұзақтығын көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) жоспарланған объектіге бөлінген аумақты оның шекарасы шегінде және мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі регламенттерді қоса алғанда, жерге тиісті құқық бере отырып, жер учаскесін (алаңды, трассаны) бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі, немесе жер учаскесін инженерлік және көліктік инфрақұрылым обьектілерін салу мақсаты үшін жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге пайдалануға рұқсат;

      3) жаңа объекті салу немесе бұрыннан барын кеңейту үшін жобалауға қажетті құрылыс алаңының инженерлік іздестіру материалдары (жер учаскесі мен трассалар шегінде коммуникациялар төсеу). ТЭН жасау үшін тапсырыс берушіге ұсынғанға дейін 5 (бес) жылдан кешіктірмей жүргізілген және ресімделген инженерлік іздестірулердің нәтижелері бар жергілікті атқарушы органдарда бар қор материалдары қолданылады;

      4) мынадай техникалық шарттар (трассалардың схемаларымен):

      пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосылуға;

      меншік иелері беретін қолданыстағы желілік құрылыстар немесе трасса бойындағы тоннельдер мен көпір құрылыстары бар жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларының қиылысына.

      Тапсырыс берушіге берілетін техникалық шарттарды қолдану мерзімін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салынып жатқан объектіні пайдалануға тапсыру-қабылдауға дейін өзгертуге жол берілмейді;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бойынша жергілікті (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) атқарушы органының аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарында баяндалғанды қоса алғанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

      6) тапсырыс беруші бекіткен жобалауға (жобаны әзірлеуге) арналған тапсырма. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және қағидаларымен айқындалады;

      7) егер құрылыс процесінде ЖСҚ-ны түзету және қайта бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер және орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері жаңа ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі. Бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады;

      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер;

      9) бірегей объектілердің құрылысы үшін жоба әзірленген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) ұсынылады.

      2. Жобалардың экологиялық сараптамасы бөлігінде жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:

      жобалау сатыларына сәйкес келетінқоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін объектілердің жоспарланатын жұмысын іске асыруды келісу құжаты;

      Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер бойынша қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық тыңдалым жүргізілетіні туралы хабарландыру жарияланғанын растайтын материалдар.

      3. Арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама бөлігінде мыналарды жүргізу қажет:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасы бойынша келісу;

      қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорт аймақтарының, тұрғын аудандарды жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары;

      4. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес:

      1) құрылысқа арналған ТЭН әзірлеу, келісу, бекіту қағидаларын және құрамын белгілейтін;

      2) құрылысқа (ЖСҚ) арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібін және құрамын айқындайтын жинақталған жоба материалдары.

      5. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) заңды тұлғаның - жобаны әзірлеушінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;

      4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;

      5) жобаны қаржыландыру көздері (бюджет қаражаты, мемлекеттік инвестициялардың өзге нысандары, заңды тұлғалардың жеке қаражаты, жеке тұлғалардың жеке қаражаты және басқа) туралы ресми анықтама;

      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын қосып және көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;

      7) жобаның бас инженерін немесе жобаның бас сәулетшісін тағайындау туралы бас жобалау ұйымы (жоба әзірлеушінің) басшысының бұйрығы.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттамалардың жинағы ұсынылады:

      1. Реконструкцияланатын объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың немесе олардың элементтерінің физикалық жағдайын, сенімділігі мен тұрақтылығы дәрежесін техникалық тексеру актілері, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар;

      3) объектінің немесе оның элементтерінің жай-күйіне жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;

      4) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) қайта бейіндеуге, қайта жабдықтауға немесе қайта жоспарлауға байланысты реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

      5) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылуға арналған техникалық шарттар;

      6) бұрыннан бар объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерткен және (немесе) аумағын қайта жоспарлау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) атқарушы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

      7) реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жобасын әзірлеу үшін бекітілген тапсырма.

      Бұрыннан бар объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобасына қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлерін талап етуге рұқсат.

      2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, кәсіпорындарды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.

      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;

      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;

      5) жобаны қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;

      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, қолданылатын тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;

      7) жобаның бас инженерін тағайындау туралы жобалау ұйымы (жобаны әзірлеушінің) басшысының бұйрығы.

      4. Жобаның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен ауыз сумен жабдықтаудың бетіндегі және жерасты негіздерінің санитариялық қорғау аймағын белгілеу, эпидемиологиялық маңыздылығы бар обьектілердің санитарлы-қорғау аймақтарын қысқарту бөлігінде түзету бойынша келісу;

      қалалық және ауылдық елді мекендеріне, курорт аймақтарына, елді мекендер пункттеріне жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

Бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттама ұсынылады:

      1. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың, кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының бөліктерін күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) объектіні немесе оның элементтерінің (бөлімдерінің) жай-күйін техникалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;

      3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.

      Бұрыннан бар объектіні күрделі жөндеу жобасына осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлері талап етілуіне рұқсат етіледі.

      2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, өндірістік объектілерді, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.

      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;

      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;

      5) жобаны қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;

      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;

      7) жобаның бас инженерін тағайындау туралы жобалау ұйымы (жобаның әзірлеуші) басшысының бұйрығы.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат ету құжаттарының жинақтылығы

Р/с

Құжаттың атауы

1

Мыналар көрсетілген тапсырыс берушінің өтінім хаты:
жобаның атауы;
бас жобалаушы;
тапсырыс берушінің деректемелері (заңнамада көзделген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдері туралы тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері, банк деректемелері)
жобалау және құрылыс салу мерзімдері;
қабылданған жобалау шешімдерін тапсырыс берушімен келісу.

2

Жоспарланған объектінің мақсаты мен оның шекарасы шегінде бөлінетін аумақты пайдалану регламенттерін қоса алғанда, жерге тиісті құқық бере отырып, жер учаскесін (алаңды) бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі
жобалау мақсаты үшін жергілікті атқарушы органның қаулысы;
учаскені бөлу схемасы;
меншік құқығының актісі.

3

Баяндалған аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы жергілікті органының сәулет-жоспарлау тапсырмасында мыналар көрсетіледі:
үйлер мен ғимараттардың қабаттылығы;
жобалау құжаттамасын келісу қажеттілігі (нобайлық жоба, бас жоспар)

4

Топографиялық түсірілім материалдары мен геологиялық және гидрогеологиялық іздестіруді қоса алғанда, құрылыс алаңын (жер учаскесі мен коммуникация төсеу трассасының шекарасында) инженерлік іздестіру есептеріне мыналар қоса беріледі:
іздестіру қызметіне арналған лицензия.

5

Техникалық шарттар (тас жол схемаларымен) (объектінің функционалдық мақсаты бойынша міндетті):
1) пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосуға;
жылумен жабдықтауға;
сумен жабдықтауға және кәрізге;
электрмен жабдықтауға;
телефондандыруға;
нөсерлік кәрізге;
газбен жабдықтауға.
2) меншік иелері беретін бұрыннан бар желілік құрылыстар немесе тас жол бойындағы тоннелдер мен көпір құрылыстарын қиып өтуге жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларына.

6

Нобайлық жоба:
- тапсырыс берушімен, сәулет және қала құрылысы жергілікті органымен келісілген;

7

Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (күні көрсетіле отырып);

8

Арнайы техникалық шарттары (ерекше нормалары) (бірегей объектілер құрылысының жобалары үшін қажет болғанда)

9

Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша:
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы;
орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы уәкілетті орган;
жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (әуеайлақтан 15 км шегінде орналасқан биіктігі 45м және одан жоғары объектілер бойынша);
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-техникалық құжаттамаларында көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер.

10

Бекітілген ТЭН немесе инвестициялық ұсыныс

11

Бар деректері мен болжанатын өлшемдерінің негізінде әзірленген құрылысты ұйымдастыру жобасы

12

Осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында келтірілген тізбеге сәйкес кешендік ведомствадан тыс сараптаманың құрамына сараптама жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 305 бұйрығымен
бекітілген

Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын рәсімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын рәсімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын рәсімдеу тәртібін анықтайды.

      3. Құрылыс жобалары бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу және беру кезінде мемлекеттік сараптама ұйымының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бірыңғай порталымен интеграцияланған аккредиттелген сараптама ұйымдар палатасының дербес ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

      Осы норма қала құрылысы жобалары бойынша сараптама қорытындысын ресімдеудің тәртібіне қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) тапсырыс беруші – жобаның тапсырысшысы болып табылатын жеке және заңды тұлға (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе жобаның өзге тапсырысшысы – меншік иесі, инвестор, құрылыс салушы);

      2) құрылыс жобасы – жаңа объектілер салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге) арналған сараптамаға жататын техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар;

      3) қала құрылысы жобалары – сараптамаға жататын аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары аумақтарды дамыту мен салуды қала құрылысына жоспарлаудың мынадай жобалары:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, тұрғындарының есептік саны жүз мың адамнан асатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар қала құрылысы жобалары, облыстардың (аудандардың) аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешендi схемалары, тұрғындарының саны жүз мың адамға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары, тұрғындарының саны жиырма мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың, кенттердің және басқа елді мекендердің бас жоспарлары;

      4) бастапқы құжаттар – ведомстводан тыс кешенді сараптамаға (қала құрылысы сараптамасына) ұсынылған кезде құрылыс жобаларына қоса берілетін құжаттар (материалдар, деректер), олардың негізінде осы жоба әзірленеді.

2-тарау. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларын рәсімдеу тәртібі

      5. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары өз құзыреті шегінде жобаланатын объектінің функционалдық мақсатын ескере отырып:

      1) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардың;

      2) өндірістік мақсаттағы объектілердің;

      3) инфрақұрылым объектілері бар инженерлік коммуникациялардың;

      4) инфрақұрылым объектілері бар көлік коммуникацияларының;

      5) көпірлердің, көпір өткелдерінің, жол өткелдерің, тоннельдердің және өзге де көпір құрылыстарының;

      6) өзге де функционалдық мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындыларын ресімдейді.

      6. Сараптамалық қорытындылар:

      1) жоба (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) бойынша кіріспе және сипаттама бөлігі, сондай-ақ сараптамаға ұсынылған жобаға қоса берілетін міндетті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) туралы қысқаша ақпаратты;

      2) жобаның жалпы сапасын талдау және кешенді бағалау және қабылданған техникалық және жобалау шешімдерінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін;

      3) ведомстводан тыс кешенді сараптама нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы ететін бөлімді қамтиды.

      7. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс сараптамалық қорытындысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.

      8. Техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындылары мемлекеттік сараптама ұйымдарының сараптамалық қорытындылар нысанында жасалады және:

      1) республикалық деңгейде қаралған жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру лауазымдық функцияларына кіретін сараптама ұйымының бірінші басшысының не оның орынбасарының;

      2) өңірлік деңгейде қаралған жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру лауазымдық функцияларына кіретін сараптама ұйымының аумақтық бөлімшесі басшысының не оны алмастыратын адамның;

      3) сараптама бөлімдерінің басшылары немесе жобаланатын объектінің функционалдық мақсатына немесе жобаның тиісті бөлімдеріне (бөліктеріне) байланысты осы жоба бойынша басшылық қызметтерді атқаратын мамандардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Мемлекеттік сараптама ұйымының сараптамалық қорытындысы оларға жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалар қол қойғанға дейін республикалық деңгейде осы жобаны қарау жөніндегі сараптама комиссиясы басшысының не өңірлік деңгейде қаралған жобалар бойынша аумақтық бөлімшелер басшысының шешімімен құрылған (қалыптастырлған) сараптама топтарының мүшесі болып табылатын (атестатталған штаттан тыс сарапшыларды қоса алғанда) осы жобаның әрбір бөлімдері бойынша аттестатталған сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) деген белгісі бар техника-экономикалық негіздемесінің және жобалау-сметалық құжаттамасының жинағының соңғы редакциясы сарапшының аты, жөні және тегі (бар болса), лауазымы, аттестат нөмірі және берілген күні көрсетіліп, қағаз түрінде мөрмен расталады.

      9. Аккредиттелген сараптама ұйымдары құрылыс жобалары бойынша жалпы тәртіппен жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындылары палата белгілеген аккредиттелген сараптама ұйымдарының сараптамалық қорытындылары нысанында жасалады және:

      1) осы сараптама ұйымы басшысының не оны алмастыратын адамның;

      2) жобаланған объектінің функционалдық мақсатына немесе жобаның тиісті бөлімдеріне(бөліктеріне) байланысты осы жоба бойынша басшылық функциясын атқаратын мамандардың;

      3) аттестатталған штаттан тыс сарапшыларды қоса алғанда, қаралатын жобаның әрбір бөлімі (бөлігі) бойынша аттестатталған сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      10. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасын кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын әзірлеу мен келісу тәртібінде жүргізілетін сараптаманың қорытындысы:

      1) жобаның әрбір жеке іске қосу кешендері (кезектері, учаскелері) бойынша оны оң бағалау кезінде жобаның осы бөлімін бекітуге ұсынымы бар жергілікті сараптамалық қорытындылар;

      2) жалпы осы жоба бойынша мемлекеттік сараптама аяқталғаннан кейін жиынтық сараптамалық қорытынды нысанында жасалады.

      11. Мемлекеттік сараптама ұйымы құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша жүргізген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорындысы қағаз тасығышта ресімделеді және тапсырыс берушіге беріледі.

      Құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобалары бойынша сараптаманың қорытындысы негізгі құрылыс жобаларының сараптама қорытындыларынан бөлек есепке алынады және тіркеледі.

      12. Сараптама ұйымдары тапсырыс берушіге берген ведомстводан тыс кешенді сараптама жиынтық қорытындыларына тіркеу нөмірлерін бере отырып, олардың міндетті есебін жүргізеді.

3-тарау. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасының қорытындыларын ресімдеу тәртібі

      13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының сараптама комиссиясы бекітілген сараптамалық қорытындыны тапсырыс берушіге беру үшін осы Қағидалардың 4-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітуге жататын жобаларды қараудың нәтижелері бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысын жасайды, оны Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртіпке сәйкес ресімдейді.

      14. Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары бекітілген сараптамалық қорытындыны тапсырыс берушіге беру үшін осы Қағидалардың 4-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітуге жататын жобаларды қараудың нәтижелері бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысын жасайды, оны Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртіпке сәйкес ресімдейді.

      15. Кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысы:

      1) жоба бойынша кіріспе және сипаттама бөлігін, сондай-ақ міндетті келісуді қоса алғанда, жобаға қоса берілетін міндетті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) туралы ақпаратты;

      2) жобаның жалпы сапасын талдау және кешенді бағалау және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын қабылданған техникалық және жобалау шешімдерінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы және техникалық регламенттерге, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін;

      3) кешенді қала құрылысы сараптамасы нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы бөлігін көздейді.

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне кіретін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысына сараптама комиссияның мүшелері қол қояды және оны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы бекіткен сараптама комиссиясының төрағасы не оның төрағасының міндетін атқарушы сараптама комиссиясының мүшесі бекітеді.

      17. Мәслихаттардың құзыретіне кіретін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысына сараптама топтарының мүшелері қол қояды және оны жергілікті артарушы орган бекіткен сараптама тобының жетекшісі не оның жетекшісінің міндетін атқаратын сараптама тобының мүшесі бекітеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 306 бұйрығымен
бекітілген

Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және:

      1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымдарының және аккредиттелген сараптама ұйымының сараптама топтары мен комиссияларын құру;

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелері немесе жобалау-сметалық құжаттамалары бойынша жобалардың экологиялық сараптамасы бөлігінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде құрылыс жобаларын қарау үшін сараптама комиссияларын құру (бұдан әрі – экологиялық сараптама мәселелері бойынша сараптама комиссиясы);

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру

      4) жергілікті (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сараптама топтарын құру;

      5) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге қатысу үшін сарапшыларды және мамандарды (мамандандырылған институттарды және ұйымдарды) тарту тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) аккредиттелген сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) жобалау саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;

      3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптама комиссиялары, сондай-ақ тиісті жергілікті атқару органдары құратын сараптама топтары жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы, өңірлердің аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары) қала құрылысы жобаларының міндетті сараптамасы;

      4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;

      5) мамандандырылған институттар мен ұйымдар – ғылыми-зерттеу институттары, жобалау, жобалау-іздестіру немесе жобалау-жоспарлау ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар;

      6) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы – ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша "бір терезе" қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы;

      8) хатшы – сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына кіретін, қаралатын жоба бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге жауап беретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) ведомствосының маманы.

      3. Сараптама комиссиялары және сараптама топтары мүшелерінің жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында алынған қызметтік ақпаратты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ашуына жол берілмейді.

2-тарау. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама топтарын құру тәртібі

      4. Қарауға қабылданған құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.

      5. Сараптама топтарынының құрамына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін штаттағы сарапшылар, сондай-ақ шарт негізінде тартылатын сарапшылар енгізіледі.

      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама тобына жәрдем көрсету үшін консультанттарды тартады.

      7. Қажет болған жағдайда сараптама топтары жобалық шешімдерді және (немесе) құрыылыс жобасының есептерін түсіндіру үшін тапсырыс берушінің және жобаны әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.

      8. Сараптама комиссиясы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілген барлық кезеңнің ішінде, соңғы сатыларды қоспағанда, материалдарды қарайды және ұсынымдарды береді.

      9. Ақпараттық жүйеде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама тобы мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымының басшысының немесе басшы орынбасарының жарлық құжатымен бекітіледі.

3-тарау. Құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру тәртібі

      10. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары:

      1) осы объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, олар үшін жобалау және салу бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген бірегей объектілердің;

      2) құрылыс учаскесінің ерекше жағдайлары бар техникалық жағынан күрделі объектілердің;

      3) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар технологиялық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобаларын қараған жағдайда алқа шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сараптама комиссияларын қажет болған жағдайда құрады.

      11. Ведомство алқалық шешім қабылдау үшін қажет болғанда тұрақты жұмыс істейтін экологиялық сараптама мәселелері жөнінде сараптама комиссиясын құрады.

      Жобалардың экологиялық сараптамасы мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы экологиялық қаупі жоғары объектілері бойынша құрылыс жобаларын қарайды.

      Экологиялық сараптама мәселелері бойынша сараптама комиссиясының қарауына шығару туралы шешімді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы сараптамалық ұйымның негіздеме хатының негізінде қабылдайды.

      12. Экологиялық сараптама мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамы мен ережесі ведомствоның шешімімен бекітіледі.

      13. Экологиялық сараптама мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы ведомствоға материалдар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде материалдарды қарайды және ұсынымдар береді.

4-тарау. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру тәртібі

      14. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобалардың кешенді қала құрылысы сараптамасын (бұдан әрі – кешенді қала құрылысы сараптамасы) ведомство құратын (жергілікті атқарушы органдар) сараптама комиссиялары (сараптама топтары) жүргізеді.

      15. Ведомствоның сараптама комиссиясы мынадай қала құрылысы жобалары:

      1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;

      2) аумақты дамытудың өңіраралық схемасы;

      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары;

      4) жалпымемлекеттік маңызы бар өзге де қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.

      16. Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары мынадай қала құрылысы жобалары:

      1) облыстар, аудандар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;

      2) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары;

      3) халқының есептік саны бес мың тұрғыннан асатын елді мекендердің бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.

      17. Кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ведомство (жергілікті атқарушы орган) қала құрылысы жобасының әрбір сараптамасына жеке сараптама комиссиясын (сараптама тобын) құрады және сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамынан хатшыны айқындайды.

      18. Төраға (басшы), төрағаның орынбасары (басшының орынбасары), мемлекеттік сараптама ұйымы (оның аумақтық бөлімшелері) сарапшыларының қатарынан жобалардың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар және жобалау ұйымдары, мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары мамандарының қатарынан консультанттар сараптама комиссиясының (сараптама тобының) мүшелері болып табылады.

      Ведомствоның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға сараптама комиссиясының (сараптама тобының) төрағасы (басшысы) болып табылады. Төраға (басшы) болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды.

      Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) мүшелерiнiң жалпы саны тақ сан болып табылады және кемiнде тоғыз адамды құрайды.

      19. Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және сараптама комиссиясы (сараптама тобы) сараптамалық қорытынды берген күннен бастап өз қызметін тоқтатады.

      20. Қажет болған жағдайда сараптама комиссиясының (сараптама тобының) жұмыс отырысына мүдделі салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, қаралып отырған жобаның тапсырыс берушілері мен әзірлеушілерінің уәкілетті өкілдері шақырылады.

5-тарау. Жобалардың кешенді ведомстводан тыс немесе кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

      21. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін мамандардың пікірі талап етілетін жағдайда, аттестатталған сарапшыларға немесе сараптама комиссиялары (сараптама топтары) үшін консультанттар ретінде шарт негізінде сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға:

      бірегей объектілердің құрылыс жобалары бойынша, сондай-ақ ерекше, бір бағытта мамандандырылған білім мен тәжірибе болуын талап ететін (шоғырландырылған) инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде өзге объектілердің құрылыс жобалары бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптаманы;

      сараптама комиссиялары (сараптама топтары) қарап отырған жобаларда айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi болған кезде аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүзеге асыратын консултанттар тартылады.

      Тартылған мамандардың консультациялық қызмет көрсетуі мерзімдері мен тәртібі шартпен реттеледі.

      22. Консультанттармен тиісті шарттар жасасу кезінде:

      мамандандырылған институттар мен ұйымдар үшін – олардың тиісті мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;

      мамандар үшін – олардың кәсіби білімдері мен біліктілігін не тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған институттар мен ұйымдардағы практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы қажетті шарт болып табылады.

      23. Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан не оларды әзірлеген мамандандырылған институттар мен ұйымдардың өкілдері болып табылатын консультанттарды сараптама комиссияларының және сараптама топтарының құрамына қосуға, сондай-ақ жобалар сараптамасына өзге нысанда қатысу үшін тартуға жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады