Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 тамызда № 15509 болып тіркелді.

      "Спорт және дене шынықтыру туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 216 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "А" тобы – саралау қорытындылары бойынша ең жоғары балл жинаған дамыған спорт түрлері;

      2) "В" тобы – саралау қорытындылары бойынша орташа балл жинаған, әлеуетке ие спорт түрлері;

      3) олимпиадалық емес спорт түрі – Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;

      4) олимпиадалық спорт түрі – Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған спорт түрі;

      5) паралимпиадалық спорт түрі – Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитеті таныған спорт түрі;

      6) "С" тобы – саралау қорытындылары бойынша төмен балл жинаған, төмен әлеуетке ие спорт түрлері;

      7) спорт түрлерін саралау (бұдан әрі - саралау) – халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктеріне, спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігіне, кадр әлеуетінің, материалдық-техникалық базаның болуына, бұқаралығына қарай және өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай спорт түрлерінің даму деңгейін айқындау;

      8) спорттың басым түрлері – спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында спортты дамыту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру үшін бірінші кезектегілер ретінде айқындалған спорт түрлері;

      9) ұлттық спорт түрлерi – жарыспалы әрекет нысанында тарихи түрде қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгi ұйымдастырылуының өзiндiк қағидалары мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері.

      3. Олимпиадалық емес спорт түрлері, жазғы олимпиадалық спорт түрлері, қысқы олимпиадалық спорт түрлері, ұлттық спорт түрлерінің әрқайсысы бөлек сараланады. Паралимпиадалық спорт түрлері "А" тобына сараланбастан енгізіледі.

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау тәртібі

      4. Спорт түрлерін саралау мына өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері;

      2) кадр әлеуетінің болуы;

      3) материалдық-техникалық базаның болуы;

      4) бұқаралық;

      5) өңірдің климаттық жағдай      ларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері;

      6) спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігі.

      5. Саралау әрбір соңғы күнтізбелік екі жыл үшін республикалық деңгейде – спорт түрлерінен аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациялары, өңірлік деңгейде – спорт түрлерінен аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары (аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы) жүзеге асырады.

      6. "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктер" өлшемшарты бойынша саралау республикалық деңгейде спорт түрінен аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мөрімен куәландырылған халықаралық спорт жарыстарының хаттамалары негізінде жүзеге асырылады.

      "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктер" өлшемшарты бойынша саралау өңірлік деңгейде спорт түрлерінен аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы (аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы) мөрімен куәландырылған халықаралық спорт жарыстарының және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының хаттамалары негізінде жүзеге асырылады.

      7. Республикалық және өңірлік деңгейлерде "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша саралау мына нәтижелер үшін спорт жетістіктері деңгейін айқындау арқылы жүзеге асырылады:

      1) Олимпиада ойындарында мына формула бойынша:

      ОО=(40×k)+(32×k)+(24×k)+(16×k)+(8×k), онда:

      ОО – Олимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      k – жеңіп алған медальдар саны, 4-6 орын, лицензиялар;

      40, 32, 24, 16, 8 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Олимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін баллдар;

      2) Сурдлимпиада ойындарында мына формула бойынша:

      СО=(40×k)+(32×k)+(24×k)+(16×k)+(8×k), онда:

      СО – Сурдлимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      k – жеңіп алған медальдар саны, 4-6 орын, лицензиялар;

      40, 32, 24, 16, 8 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Сурдлимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін баллдар;

      3) Барлық жас топтарына арналған әлем чемпионаттары мына формула бойынша:

      ӘЧ1=(18×k)+(14×k)+(10×k) олимпиадалық спорт түрлері бойынша (олимпиада бағдарламасы бойынша);

      ӘЧ2=(12×k)+(10×k)+(8×k) олимпиадалық (олимпиадалық емес бағдарлама), олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлері бойынша, онда:

      ӘЧ1 – Барлық жас топтарына арналған олимпиадалық спорт түрлері бойынша (олимпиада бағдарламасы бойынша) әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      ӘЧ2 – Барлық жас топтарына арналған олимпиадалық (олимпиадалық емес бағдарлама), олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлері бойынша бір ғана әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Барлық жас топтарына арналған әлем чемпионатында жеңіп алған медальдар саны;

      18, 14, 10 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Барлық жас топтарына арналған олимпиадалық спорт түрлері бойынша (олимпиадалық бағдарлама бойынша) әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін баллдар;

      12, 10, 8 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Барлық жас топтарына арналған олимпиадалық (олимпиадалық емес бағдарлама), олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін баллдар;

      4) Азия ойындарында мына формула бойынша:

      АО=(16×k)+(12×k)+(8×k), онда:

      АО – Азия ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Азия ойындарында жеңіп алған медальдар саны;

      16, 12, 8 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Азия ойындарындағы нәтижелері үшін баллдар;

      5) Әлем кубоктерінде мына формула бойынша:

      ӘК=(6×k)+(5×k)+(4×k), онда:

      ӘК – Әлем кубогіндегі нәтижелері үшін балл;

      k – Әлем кубогінде жеңіп алған медальдар саны;

      6, 5, 4 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Әлем кубогіндегі нәтижелері үшін баллдар;

      6) Әлем кубогтері кезеңдерінде мына формула бойынша:

      ӘКК=(5×k)+(4×k)+(3×k), онда:

      ӘКК – Әлем кубогі кезеңдеріңдегі нәтижелері үшін балл;

      k – Әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған медальдар саны;

      5, 4, 3 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижелері үшін баллдар;

      7) Гран-при, Гранд-Слэм жарыстарында мына формула бойынша:

      ГП, ГС=(5×k)+(4×k)+(3×k), онда:

      ГП, ГС– Гран-при, Гранд-Слэм жарыстарындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Гран-при, Гранд-Слэм жарыстарында жеңіп алған медальдар саны;

      5, 4, 3 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Гран-при, Гранд-Слэм жарыстарындағы нәтижелері үшін баллдар;

      8) Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінде мына формула бойынша:

      ООІТ=(5×k)+(4×k)+(3×k), онда:

      ООІТ – Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріндегі нәтижелері үшін балл;

      k – Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінде жеңіп алған медальдар саны;

      5, 4, 3 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріндегі нәтижелері үшін баллдар;

      9) барлық жас топтарына арналған Азия чемпионатында мына формула бойынша:

      АЧ=(4×k)+(3×k)+(2×k), онда:

      АЧ – барлық жас топтарына арналған Азия чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      k – барлық жас топтарына арналған Азия чемпионатында жеңіп алған медальдар саны;

      4, 3, 2 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес барлық жас топтарына арналған Азия чемпионатындағы нәтижелері үшін баллдар;

      10) Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында мына формула бойынша:

      ЖОО=(4×k)+(3×k)+(2×k), онда:

      ЖОО – Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдар саны;

      4, 3, 2 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін баллдар;

      11) Дүниежүзілік Универсиадаларда мына формула бойынша:

      ДУ=(3×k)+(2×k)+(1×k), онда:

      ДУ– Дүниежүзілік Универсиадалардағы нәтижелері үшін балл;

      k – Дүниежүзілік Универсиадаларда жеңіп алған медальдар саны;

      3, 2, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Дүниежүзілік Универсиадалардағы нәтижелері үшін баллдар;

      12) өңірлік ойындардағы нәтижелері үшін мына формула бойынша:

      ӨО=(3×k)+(2×k)+(1×k), онда:

      ӨО – өңірлік ойындардағы нәтижелері үшін балл;

      k – өңірлік ойындарда жеңіп алған медальдар саны;

      3, 2, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өңірлік ойындардағы нәтижелері үшін баллдар;

      13) Ойын спорт түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирлерінде мына формула бойынша:

      ОӘЧІТ=(3×k)+(2×k)+(1×k), онда:

      ОӘЧІТ – Ойын спорт түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирлеріндегі нәтижелері үшін балл;

      k – Ойын спорт түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирлерінде жеңіп алған медальдар саны;

      3, 2, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ойын спорт түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирлеріндегі нәтижелері үшін баллдар;

      14) Азия, Еуропа кубоктерінде мына формула бойынша:

      АК, ЕК=(3×k)+(2×k)+(1×k), онда:

      АК, ЕК – Азия, Еуропа кубоктеріндегі нәтижелері үшін балл;

      k – Азия, Еуропа кубоктерінде жеңіп алған медальдар саны;

      3, 2, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Азия, Еуропа кубоктеріндегі нәтижелері үшін баллдар;

      15) Азия кубогінің кезеңдері мына формула бойынша:

      АКК=(3×k)+(2×k)+(1×k), онда:

      АКК – Азия кубогінің кезеңдеріндегі нәтижелері үшін жалпы балл;

      k – Азия кубогінің кезеңдеріндегі жеңіп алған медальдар саны;

      3, 2, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Азия кубогі кезеңдеріндегі нәтижелері үшін баллдар;

      16) Студенттер арасындағы әлем чемпионатында мына формула бойынша:

      СӘЧ=(3×k)+(2×k)+(1×k), онда:

      СӘЧ – Студенттер арасындағы әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Студенттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған медальдар саны;

      3, 2, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Студенттер арасындағы әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін баллдар;

      17) Жасөспірімдердің Азия ойындарында мына формула бойынша:

      ЖАО=(2,5×k)+(2×k)+(1,5×k), онда:

      ЖАО – Жасөспірімдердің Азия ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Жасөспірімдердің Азия ойындарында жеңіп алған медальдар саны;

      2, 5, 2, 1, 5 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жасөспірімдердің Азия ойындарындағы нәтижелері үшін баллдар;

      18) Қазақстан Республикасы чемпионаттарында (спорт түрлерін өңірлік деңгейде саралаған кезде) мына формула бойынша:

      ҚРЧ=(2×k)+(1,5×k)+(1×k), онда:

      ҚРЧ – Қазақстан Республикасы чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      k – Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіп алған медальдардың саны;

      2, 1, 5, 1 – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы чемпионатындағы нәтижелері үшін баллдар.

      8. "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл мына формула бойынша есептеледі:

      республикалық деңгейде мына формула бойынша:



      өңірлік деңгейде мына формула бойынша:



      онда:


– "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

      ОО – Олимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      СО – Сурдлимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      ӘЧ1– Барлық жас топтарына арналған олимпиадалық спорт түрлері бойынша (олимпиада бағдарламасы бойынша) әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      ӘЧ2– Барлық жас топтарына арналған олимпиадалық (олимпиадалық емес бағдарлама), олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      АО – Азия ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      ӘК – Әлем кубогіндегі нәтижелері үшін балл;

      ӘКК – Әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижелері үшін балл;

      ГП, ГС – Гран-при, Гранд-Слэм жарыстарындағы нәтижелері үшін балл;

      ООІТ – Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріндегі нәтижелері үшін балл;

      АЧ – барлық жас топтарына арналған Азия чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      ЖОО – Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      ДУ – Дүниежүзілік Универсиадалардағы нәтижелері үшін балл;

      ӨО – өңірлік ойындардағы нәтижелері үшін балл;

      ОӘЧІТ – Ойын спорт түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирлеріндегі нәтижелері үшін балл;

      АК, ЕК – Азия, Еуропа кубоктеріндегі нәтижелері үшін балл;

      АКК – Азия кубогі кезеңдеріндегі нәтижелері үшін балл;

      СӘЧ – Студенттер арасындағы әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      ЖАО – Жасөспірімдердің Азия ойындарындағы нәтижелері үшін балл;

      ҚРЧ – Қазақстан Республикасы чемпионатындағы нәтижелері үшін балл;

      N – "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл есептеген кезде нәтижелері ескерілетін спорттық іс-шаралардың жалпы саны.

      9. "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы былайша анықталады:

      республикалық деңгейде мына формула бойынша:


      өңірлік деңгейде:

, онда:

      V1– "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;


– "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

– "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген баллдар сомасы;

      50 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен республикалық деңгейде "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшартының үлес салмағы;

      35 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен өңірлік деңгейде "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшартының үлес салмағы.

      10. "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша саралау дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласында жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) куәландырған жаттықтырушының қолданыстағы біліктілік санатын растайтын бұйрықтардың көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша саралау сараланатын спорт түрі бойынша кадр әлеуетінің деңгейін анықтау және баллдар қою арқылы жүзеге асырылады.

      "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл мына формула бойынша есептеледі:

      К=(10×h)+ (8×h)+(6×h)+(5×h)+(4×h)+(3×h)+(1×h), онда:

      К – "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

      h – Қазақстан Республикасы бойынша       республикалық деңгейде, өңір бойынша – өңірлік деңгейде сараланатын спорт түрі бойынша жаттықтырушылар саны;

      10, 8, 6, 5, 4, 3, 1 – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бір жаттықтырушы үшін баллдар.

      12. "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы былайша анықталады:



      V2– "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      К – "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;


– "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген баллдар сомасы;

      15 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшартының үлес салмағы.

      13. "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша саралау спорт құрылыстары/ғимаратының техникалық паспортының көшірмесі негізінде сараланатын спорт түрі бойынша оқу-жаттығу процесін, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болатын материалдық-техникалық базаның болуын анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      "Материалдық-техникалық базаның болуы" бойынша сараланатын спорт түрінің өлшемшарты келесі формула бойынша есептеледі:

      Q=(1×ɲ)+(3×ɲ)+ (5×ɲ), онда:

      Q – "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

      ɲ – Қазақстан Республикасы бойынша       республикалық деңгейде, өңір бойынша – өңірлік деңгейде сараланатын спорт түрі үшін спорт құрылыстары/ғимараттардың саны;

      1, 3, 5 – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес спорт құрылыстары/ғимараттың болғаны үшін баллдар;

      14. "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы мына формула бойынша анықталады:



      V3 - "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлері арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      Q – "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;


– "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген баллдар сомасы;

      15 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшартының үлес салмағы.

      15. "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша саралау статистикалық деректердің негізінде Қазақстан Республикасы бойынша       республикалық деңгейде, өңір бойынша – өңірлік деңгейде сараланатын спорт түрінен шұғылданушылар санын анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша балл

формуласы бойынша есептеледі, онда:

      x – "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

      а – Қазақстан Республикасы бойынша республикалық деңгейде, өңір бойынша – өңірлік деңгейде сараланатын спорт түрімен шұғылданатын адамдар саны;

      b – сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген шұғылданатын адамдар санының сомасы.

      16. "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы мына формула бойынша анықталады:

      республикалық деңгейде:


      өңірлік деңгейде

онда:

      V4 - "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      Р – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша балл;


– "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген баллдар сомасы;

      10 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен республикалық деңгейде "Бұқаралық" өлшемшартының үлес салмағы;

      15 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен өңірлік деңгейде "Бұқаралық" өлшемшартының үлес салмағы.

      17. "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша саралау сараланатын спорт түрін дамытуға қолайлы климаттық жағдайдың болуын анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      Республикалық деңгейде сараланатын спорт түрі климаттық жағдайларға тәуелді болғанда "5" балл, климаттық жағдайларға тәуелді емес болғанда "3" балл алады.

      Өңірлік деңгейде баллдар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қойылады.

      18. "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы мына формулалар бойынша анықталады:

      республикалық деңгейде:


      өңірлік деңгейде:

онда:

      V5 - "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      М – "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

      q – "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген баллдар сомасы;

      5 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен республикалық деңгейде "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшартының үлес салмағы.

      10 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен өңірлік деңгейде "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшартының үлес салмағы.

      19. "Спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша саралау осы Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы мына формула бойынша анықталады:

      республикалық деңгейде:


      өңірлік деңгейде

онда:

      V6 - "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша сараланатын басқа спорт түрлерінің арасында сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      К – "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінен балл;

      g – "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша сараланатын барлық спорт түрлерінен әр спорт түрі бойынша (олимпиадалық емес, жазғы олимпиадалық, қысқы олимпиадалық, ұлттық) жекелеген баллдар сомасы;

      5 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен республикалық деңгейде "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшартының үлес салмағы;

      10 – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген алты өлшемшарттың ішінен өңірлік деңгейде "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшартының үлес салмағы.

      21. Барлық өлшемшарттар бойынша сараланатын бір спорт түрінен қорытынды балл мына формула бойынша айқындалады:

      U


      U – барлық өлшемшарттар бойынша сараланатын бір спорт түрінен қорытынды балл;

      V1 - "Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      V2 - "Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      V3 - "Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      V4 - "Бұқаралық" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      V5 - "Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы;

      V6 - "Спорт түрінің ұлттық мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша сараланатын бір спорт түрінің үлес салмағы.     

      22. Тиісті спорт түрінен осы тарауда белгілінген есептеу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша бағалау парағы жасалады.

      23. Екі жылда бір рет күнтізбелік жылдың 5 қыркүйегінен кешіктірмей осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша бағалау парағын, бағалау парағында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды қағаз және электронды нұсқада спорт түрінен аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациялармен уәкілетті органға, спорт түрлерінен аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы (аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы) жергілікті атқарушы органға жібереді.

      24. Келіп түскен бағалау парағын қарау үшін уәкілетті орган – республикалық комиссия, ал жергілікті атқарушы орган – өңірлік комиссия құрады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.10.2017 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      25. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес Республикалық немесе өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағын қарайды, әр сараланатын спорт түрінің үлес салмағын және қорытынды баллын есептейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.10.2017 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      26. Республикалық немесе өңірлік комиссиялардың (бұдан әрі - комиссиялар) құрамы комиссиялар мүшелері саны тақ санынан тұрады.

      27. Республикалық комиссияның мүшелері уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің, спорттық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, республикалық комиссияның төрағасы мен хатшысы – уәкілетті органның өкілдері болып табылады.

      Өңірлік комиссияның мүшелері жергілікті атқарушы органның, спорттық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік комиссияның төрағасы – тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, өңірлік комиссияның хатшысы – жергілікті атқарушы органның өкілі болып табылады.

      28. Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

      29. Комиссия отырысы егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 2/3 бөлігі қатысса заңды болып табылады.

      Комиссия мүшесі болмаған жағдайда хаттамада себебі көрсетіледі. Болмаған мүшелерді алмастыруға жол берілмейді.

      30. Комиссия мүшелері бағалау парағы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны мәліметтердің, нәтижелердің және баллдардың дұрыстығы тұрғысына қарайды.

      Бағалау парағында көрсетілген мәліметтердің, нәтижелердің және балдардың дұрыс болмауы анықталған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде республикалық және (немесе) өңірлік спорт түрі бойынша аккредиттелген, жергілікті спорт федерациясы анықталған ескертулерді жояды.

      31. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссиялар бағалау парағын қарау нәтижесі бойынша сараланған спорт түрлерін "А", "B", "С" топтарына бөлу туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия шешімдері комиссияның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      32. Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі (бұдан әрі – республикалық тізбе) республикалық комиссияның хаттамасы негізінде күнтізбелік жылғы 1 қарашадан кешіктірмей бекітіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.10.2017 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      33. Жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 10 қазанынан кешіктірмей өңірлік комиссияның хаттамасын, бағалау парағында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесінің (бұдан әрі – өңірлік тізбе) жобасын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Өңірлік тізбе республикалық комиссияның хаттамасы негізінде күнтізбелік жылғы 30 қарашадан кешіктірмей бекітіледі.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.10.2017 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      34. Спорт резервін одан әрі қалыптастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервін дайындау орталықтары, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектептері өңірлік тізбенің "А" тобына енгізілген спорт түрлері бойынша бөлімшелер ашады.

      35. Республикалық немесе өңірлік тізбеге сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган спорт түрлерін республикалық немесе жергілікті деңгейдегі тиісті бюджет бағдарламасы шеңберінде қаржыландырады.

  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
1-қосымша

Спорттық жарыстардағы нәтижелер үшін баллдар

Спорттық жарыстардың атауы

Әрбір нәтиже үшін баллдар саны
 

алтын

күміс

қола

4-6 орындар

Лицензия

1

Олимпиада ойындары

40

32

24

16

8

2

Сурдлимпияда ойындары

40

32

24

16

8

3

Барлық жас топтарына арналған әлем чемпионаттары:
1) олимпиадалық спорт түрлері бойынша (олимпиада бағдарламасы бойынша);
2) олимпиадалық спорт түрлері (олимпиадалық емес бағдарлама бойынша), олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлері бойынша

18
12

14
10

10
8

-
-

-
-

3

Азия ойындары

16

12

8

-

-

4

Әлем кубогі

6

5

4

-

-

5

Әлем кубогінің кезеңдері

5

4

3

-

-

6

Гран-при, Гранд-Слэм жарыстары

5

4

3

-

-

7

Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері

5

4

3

-

-

8

Барлық жас топтарына арналған Азия чемпионаттары

4

3

2

-

-

9

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары

4

3

2

-

-

10

Дүниежүзілік Универсиада

3

2

1

-

-

11

Өңірлік ойындар

3

2

1

-

-

12

Спорттық ойын түрлері бойынша әлем чемпионатына іріктеу турнирлері

3

2

1

-

-

13

Азия, Еуропа кубогі

3

2

1

-

-

14

Азия кубогінің кезеңдері

3

2

1

-

-

15

Студенттер арасындағы әлем чемпионаты

3

2

1

-

-

16

Жасөспірімдердің Азия ойындары

2,5

2

1,5

-

-

17

Қазақстан Республикасының чемпионаттары

2

1,5

1

-

-

  Қазақстан Республикасындағы
  спорт түрлерін саралау
қағидаларына
2-қосымша

Жаттықтырушылар үшін баллдар

Жаттықтырушылардың біліктілік санаттарының атауы

Бір жаттықтырушының болғаны үшін қойылған баллдар саны

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

10

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы

8

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

6

4

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

5

5

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы

4

6

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

3

7

Санатсыз жаттықтырушы

1

  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
3-қосымша

Спорттық құрылыстардың\ғимараттардың болғаны үшін баллдар

Спорт түрі

Оқу-жаттығу процесін өткізу үшін жарамды спорттық құрылыстың/ғимараттың болғаны үшін баллдар саны
(1 балл қойылады)

Оқу-жаттығу процесін және жарыстар өткізу үшін жарамды спорттық құрылыстың/ғимараттың болғаны үшін баллдар саны (3 балл қойылады)

Халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін жарамды спорттық құрылыстың/ғимараттың болғаны үшін баллдар саны
(5 балл қойылады)
 





  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
4-қосымша

"Бұқаралық" өлшемшарты үшін баллдар

Спорт түрі

Баллдар саны

0,1-ден 0,5 % дейін шұғылданаушылардың пайыздық арақатынасы
(1 балл қойылады)
 

0,5-тен 2 % дейін шұғылданаушылардың пайыздық арақатынасы
(3 балл қойылады)
 

2 % және одан жоғары шұғылданаушылардың пайыздық арақатынасы
(5 балл қойылады)





  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
5-қосымша

"Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері"
өлшемшарты бойынша баллдар

Спорт түрі

Өңірдің
табиғи-климаттық жағдайлары ішінара келеді
(1 балл қойылады)
 

Табиғи-климаттық жағдайларға байланысты емес
(3 балл қойылады)

Өңірде қолайлы
табиғи-климаттық жағдайлар бар
(5 балл қойылады)





  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін
саралау қағидаларына
6-қосымша

"Спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша баллдар

Спорт түрі

1 өлшемшарт бойынша алған баллдар
(1 бал қойылады)

3 өлшемшарт бойынша алған баллдар
(3 балл қойылады)

5 өлшемшарт бойынша алған баллдар
(5 балл қойылады)





  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
7-қосымша
нысан

Бағалау парағы

Спорт түрінің атауы

"Халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктері" өлшемшарты бойынша балл

"Кадр әлеуетінің болуы" өлшемшарты бойынша балл

"Материалдық-техникалық базаның болуы" өлшемшарты бойынша балл
 

"Бұқаралық" өлшемшарты бойынша балл

"Өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктері" өлшемшарты бойынша балл

"Спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігі" өлшемшарты бойынша балл
 










Бағалау парағына мынадай құжаттар қоса беріледі:
спорттық жарыстар хаттамалары __ парақ;
жаттықтырушы біліктілігін беру туралы бұйрықтар __ парақ;
құрылыстардың/ғимараттардың техникалық паспорттары __ парақ;
статистикалық деректер __ парақ.

Спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік және (немесе) жергілікті спорт федерациясы
Басшысы __________
мөр орыны
Күні 20__ жылғы " __ " _________

  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
8-қосымша
нысан

"А", "В", "С" топтары бойынша бөлу

Топтар

Олимпиадалық емес спорт түрлері

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері

Қысқы олимпиадалық спорт түрлері

Ұлттық спорт түрлері

"А" тобы





"В" тобы





"С" тобы





  Қазақстан Республикасындағы
спорт түрлерін саралау
қағидаларына
9-қосымша
нысан

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.10.2017 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады