"Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақсстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 3 қарашада № 15969 болып тіркелді

      "Спорт және дене шынықтыру туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Келіп түскен бағалау парағын қарау үшін уәкілетті орган – республикалық комиссия, ал жергілікті атқарушы орган – өңірлік комиссия құрады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес Республикалық немесе өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағын қарайды, әр сараланатын спорт түрінің үлес салмағын және қорытынды баллын есептейді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі (бұдан әрі – республикалық тізбе) республикалық комиссияның хаттамасы негізінде күнтізбелік жылғы 1 қарашадан кешіктірмей бекітіледі.";

      33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлік тізбе республикалық комиссияның хаттамасы негізінде күнтізбелік жылғы 30 қарашадан кешіктірмей бекітіледі.";

      9-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады