"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қарашада № 15968 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2023 № 192 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау тәртібі";

      5-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын-үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау үшін мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер сұратылады.";

      7-тармақта:

      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Байқоңыр қаласында тұрып жатқан I, II және III топтағы мүгедектер, оның ішінде 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынын растайтын құжат;

      14) Байқоңыр қаласында тұрып жатқан 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынын растайтын құжат;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай реакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органнан тағайындауға құжатты (құжаттарды) жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұялы телефонына sms-хабар алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органнан тағайындауға құжатты (құжаттарды) жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі, ол осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жәрдемақы төлеуді осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтата тұру туралы шешімінің негізінде:

      1) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

      2) "ЖТМД" АЖ-дан іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің анықталғаны туралы;

      3) ата-ана құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру фактілерінің анықталғаны туралы (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы);

      4) 18 жастан асқан көп балалы отбасы ретінде жәрдемақы алушылардың оқу орнынан шығарылғаны туралы немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылғаны туралы;

      5) жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде "ЖТМД" АЖ-дан анықталғаны туралы;

      6) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы;

      7) жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;

      8) жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұруы;

      9) жәрдемақыны тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төлемдерді тоқтата тұрады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде оны тағайындау үшін негіздердің жойылғаны немесе алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде "ЖТМД" АЖ-дан мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау тәртібі";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік корпорация жәрдемақыны тағайындау туралы бекітілген шешімдердің негізінде ай сайын төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) төлеу айының алдындағы айдың 25-күнiне ұсынады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Арнайы комиссиялар";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 16 қазан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ________________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 13 қазан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 12 қазан

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 305 бұйрығына
1-қосымша
  Арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау және
төлеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ауданның коды ____________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және

      көші-қон комитетінің______________ облысы

      (қаласы) бойынша

      департаменті

Өтініш

      Азамат (ша) ______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Туған күні ____ жылғы "___" _____________, мынадай мекен-жай бойынша тұратын:

      __________________________________________________________________________

      Жеке шотының № __________________ Банктің атауы ___________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________________

      Жеке куәлігінің (паспортының) деректері: № __________________________________,

      кім берген ________________________, берілген күні ___________________________

      Маған ___________________________________________________________________

      (санатын көрсету)

      ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.

      Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына

      байланысты зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы

      (керегін сызу) аламын.

      Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба

      _________________________________________________________________________

      (иә, жоқ; алатын болсаңыз, қандай негіз бойынша екенін көрсету)

      Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді

      жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде

      ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Төленетін жәрдемақының тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына, мөлшерінің өзгеруіне

      әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде

      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығу), анкеталық деректерімнің, банктік

      реквизиттерімнің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде

      хабарлауға міндеттенемін.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны _______________ ұялы _______________ Е-маіl _____________________

      "___" _____________ 20____ жыл Өтініш берушінің қолы ____________________

      Азамат (ша) _________________________________________өтініші

      20___ жылғы "___"____________№ ___________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      лауазымы және қолы _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе










  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 305 бұйрығына
2-қосымша
  Арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау және
төлеу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу

      1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіден өтініш берушінің санатына байланысты жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын;

      2) өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 4-бабы 7) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау кезінде жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындау туралы;

      4) Заңның 4-бабы 7) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау кезінде "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлеміне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі қосымша төлем алу туралы;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітіліген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10589 тіркелген) 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамалар;

      6) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік реквизиттері туралы;

      7) орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің коды туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуларды қалыптастырады.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің және "электрондық үкімет" шлюзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады