"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 30 қарашадағы № 694 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 16079 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 174-1-тармақпен толықтырылсын:

      "174-1. Әдіснаманы әзірлей және Қазақстан Республикасының заңнамасына бейімдей отырып, Blockchain технологиясын пайдаланып, қосылған құн салығына салықты әкімшілендіру бойынша талдамалық зерттеулер қызметтерін сатып алғаны үшін аванстық (алдын ала) төлемге шарттың сомасынан 100 пайыз мөлшерде жол беріледі.";

      371-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде аванстық төлемді қоспағанда, шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.

      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi өз қаражаты есебінен орындаған мемлекеттік қызмет көлемі болған кезде 2016 жылы "Мемлекеттік қаржы саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету" мемлекеттік тапсырмасын орындауға бөлінген қаражат мемлекеттік тапсырма шарты бойынша тапсырыс берушінің басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға бекіткен, көрсетілген қызметтер актісі негізінде квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің екінші деңгейдегі банктегі есеп шотына аударылады.

      Мемлекеттік тапсырма орындалған және мемлекеттік тапсырманың мақсаттарына қол жеткізілген жағдайда мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жауапты квазимемлекеттік сектор субъектісі жасасқан шарттың талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келісімі бойынша мемлекеттік тапсырмаға тапсырыс беруші және орындаушы қол қойған, көрсетілген қызметтер актісінің негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіндегі өз шотынан қаражат қалдықтарын, осы қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі депозиттік шоттарда орналастыруды қоспағанда, екінші деңгейдегі банктегі есеп шотына аударады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Б. Шолпанқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық банкінің төрағасы

      _____________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады