Байланыс формасы

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 16205 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13288 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Білім беру ұйымдарының кітапхана қорын Тізбеге енген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету білім алушылар контингентіне сай оқу әдебиеттерінің қажетті санын жыл сайын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.";

      9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Баспалар жыл сайын қазан айында Министрлікке оқулықтар мен ОӘК-тің бағдарлы бағасын жолдайды.

      10. Баспалар жыл сайын 30 қазаннан кешіктірмей өз ұйымдарының сайтында оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру үшін оқулықтар мен ОӘК-тің алдын алу прайс-парағын орналастырады.

      Тізбе бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баспалардың сайтында Тізбеге енгізілген оқулықтар мен ОӘК-тің прайс-парағын орналастырады.

      Баспалар оқулықтың электронды нұсқасымен қоса ұсынады.

      11. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 30 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарында білім алушылардың болжамды санын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін есепке ала отырып, келесі оқу жылына оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға өтінімді оның негізінде қалыптастырады.

      12. Білім беру ұйымдары жыл сайын 20 мамырға дейін оқулықтар мен ОӘК-дің оқушылар санына жеткілікті болу нысаны бойынша кітап қорын түгендеуді жүргізеді және кітап қорынан білім алушыларға оқулықтарды және ОӘК келесі оқу жылына береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады