Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 16226 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдеріндересми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      _____________ Д. Ақышев

      2017жылғы ____ __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 442 бұйрығымен бекітілді

Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаларды қарау кезінде қолданылады.

      2. Әдістеме монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Негізгі ұғымдар

      3. Әдістеме келесі ұғымдарды қолданады:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға келісімі;

      2) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу – монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салуы;

      3) өнім берушілер – қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын нарық субъектілері;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі;

      5) нұсқама – монополияға қарсы органның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмілелердің күшін жою қажеттігі туралы шешім шығаруы;

      6) өтініш беруші – қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат немесе қаржы нарықтарында жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама берген тұлға;

      7) экономикалық шоғырлануға қатысушы – қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға.

      Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодексте және Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу саласындағы басқа да заңнамалық актілерде айқындалған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізудің негіздері мен кезеңдері

      4. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері монополияға қарсы органға:

      1) Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттың (бұдан әрі – өтінішхат);

      2) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларыңда көзделген қаржы нарықтарында жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) келіп түсуі болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтінішхатты қарау кезінде монополияға қарсы органның күнтізбелік қырық күн ішінде (Кодекстің 205-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес мерзімдерді тоқтата тұру құқығымен) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізуі мынандай кезеңдерді қамтиды:

      1) Кодекстің 204-бабыңда көзделген өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;

      2) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу;

      3) бәсекелестікті шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткіштерін есептеу;

      4) монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдауы.

      Бұл ретте экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру кезінде қаржылық тұрақтылық және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғаумен байланысты мәмілелер жасау бәсекелестікті шектеу болып табылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Монополияға қарсы органға қаржы нарығында жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаны қарау барысында экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Кодекстің 207-бабыңда көзделген хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;

      2) қаржы нарықтарында экономикалық шоғырланудың жасалғанын растайтын шартты немесе өзге де құжатты қарау;

      3) экономикалық шоғырлануды бәсекелестікті, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі арқылы шектеу тұрғысынан қарау;

      4) монополияға қарсы органның Кодекстің 209-бабына сәйкес хабарлама бойынша шешім қабылдауы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау кезінде ақпарат ретінде қажеттілігіне қарай:

      1) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға қатысушылардан;

      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған мәліметтер пайдаланылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қаржынарықтарындағы экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу

      8. Мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) көрсететін қаржылық қызметтері ішінде ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтер болмаған, сондай-ақ бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда, монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мәмілеге қатысушы тұлғалардың (тұлғалар тобының) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған кезде монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығымен бекітілген Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27836 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 12 Әдістеме).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Монополияға қарсы орган қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша:

      тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестін көп бөлігі тиесілі ең көбі екі қаржы ұйымының жиынтық үлесі елу пайыздан аз болған;

      бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасауға келісім береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша қаржы нарығындағы экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі:

      тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестің көп бөлігі тиесілі ең көбі екі қаржы ұйымында елу және одан көп пайыз;

      тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы үлестің көп бөлігі тиесілі ең көбі үш қаржы ұйымында жетпіс немесе одан көп пайыз болса,

      монополияға қарсы орган № 12 Әдістемеге сәйкес экономикалық шоғырлануды жасау кезінде бәсекелестік жай-күйінің көрсеткіштерін есептейді.

      Экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, оған тыйым салынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Қаржы нарықтарындағыэкономикалық шоғырлану кезінде бәсекелестікті шектеу көрсеткіштерін есептеу

      12. Бәсекелестікті шектеудің болуын, туындауын немесе күшейтілуін анықтау үшін монополияға қарсы орган бәсекелестікті шектеудің мынадай көрсеткіштерін пайдаланады:

      1) экономикалық шоғырлану кезінде тиісті қаржылық қызметтер нарығындағы мәмілеге қатысушылардың жиынтық үлесі 50 және одан көп пайызды құрайды;

      2) нарықтық шоғырлану көрсеткіштерінің өзгеруі: мәміле жасалған жағдайда тиісті қаржы нарығындағы Герфиндаль - Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (HHІ) өзгереді:

      қалыпты шоғырландырылған нарық үшін 250-ден артық мөлшерге (1000 < HHІ < 2000);

      жоғары шоғырландырылған нарық үшін 100-ден артық мөлшерге (2000 <HHІ < 10000);

      төмен шоғырландырылған нарықтарда нарық субъектілерінің бірігуі нәтижесіндегі нарыққа (HHІ < 1000) кері әсері екіталай;

      3) экономикалық шоғырлану кезінде нарыққа кірудің ықтимал кедергілерінің туындауы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Герфиндаль – Гиршман (ННI) нарықтық шоғырлану индексі нарықта жұмыс істейтін барлық кәсіпорындары үлестері квадраттарының сомасы ретінде есептеледі және үлестер немесе пайыздармен өлшенеді:

      HHI = S12 + S22 + ... + Sn2,

      мұнда:

      S12 S22 Sn2,- субъектілердің нарықтағы үлестері (%);

      n – нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны.

      Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексі нарықтың монополиялану дәрежесін, онда нарық субъектілерінің болуының біркелкілігін (немесе біркелкі еместігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында өнімді әртүрлі ауқымда жеткізетін өнім берушілер неғұрлым көп болған сайын, аталған көрсеткіштердің мәні соғұрлым төмен болады.

      Нарықтық шоғырлануды анықтау кезінде тиісті қаржы нарығында адамдар тобы белгіленеді. Бұл ретте, адамдар тобы бірыңғай субъекті ретінде қаралады.

      14. Қаржылық қызметтер нарығына кіру кедергілеріне сапалық көрсеткіштер:

      1) аталған нарықтың құрылымдық ерекшеліктері (бастапқы және ағымдағы шығындар, сұраныс көлемі, нарықтың дамығандығы, бәсекелестіктің типі);

      2) мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік реттеу процесіндегі іс-қимылы (лицензиялау, салық салу және мемлекеттік билік органдарының басқа да іс-қимылы);

      3) нарығында жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдары тарапынан келісімдер мен іс-қимылдар жатады.

      15. Қаржы нарығының құрылымдық ерекшеліктеріне және мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік реттеу процесіндегі іс-қимылына негізделген кедергілер:

      1) нарықтың сыйымдылығын шектеу, нарықта тауардың өте көп болуын, сол сияқты тұтынушының төлеу қабілетінің төмендігін көрсететін сұранысты қанағаттандырудың жоғары дәрежесі нарықты әлеуетті бәсекелестердің игеруі үшін едәуір кедергі болып табылады және жаңа қаржы ұйымдары үшін осы нарықтың тартымдылығын төмендетеді;

      2) бастапқы шығындардың жоғары деңгейі – нарыққа кіру мүмкіндігінің басты шектеулерінің бірі;

      3) шығындар деңгейіндегі артықшылық - жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға жұмсалған шығындары:

      нарықтағы бастапқы шарттардың теңсіздігі;

      нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының әлеуетті бәсекелестер алдындағы технологиялық артықшылығы;

      жарнама мен филиал желісін дамытуға жұмсалған шығындар;

      ауқым әсері – егер аталған нарықта қызметтің ең жоғары тиімді ауқымы жоғары болса, онда бастапқы кезеңде нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қарағанда, нарыққа жаңадан кіретін қаржы ұйымдарының үлес шығындары анағұрлым жоғары болады және тиісінше бәсекеге қабілеттілігі төмен болады;

      нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының деңгейлес және сатылас интеграциясы салдарынан нарыққа жаңадан кірген қаржы ұйымдарына қарағанда төмен болады. Сатылас немесе деңгейлес құрылымдарға интеграцияланған қаржы ұйымдары жиынтық инвестициялық, қаржылық және ақпараттық ресурстарға қолжетімділік түрінде ішкі корпоративтік байланыстың барлық артықшылықтарын пайдаланады;

      4) экономикалық және ұйымдық шектеулер - мемлекеттің инвестициялық, кредиттік, салықтық, бағалық, кедендік саясаты;

      5) әкімшілік шектеулер, лицензияланған қаржы ұйымдары (қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін шектеулер мен қағидалар).

      Тауар нарықтарымен салыстырғанда реттеуші органдар қаржылық қызметтер нарығында сұранысқа және бәсекелестер санына едәуір әсер етеді. Қаржы ұйымдарына қойылатын лицензиялық талаптар нарықтың шоғырлану деңгейі мен қатысушылар құрамына әсер ете отырып, қаржы нарықтарына кіру кедергілерін одан әрі көбейте түседі.

      16. Нарыққа жаңа бәсекелестердің кіруінің алдын алу бойынша жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының қызметіне негізделген кедергілер, оның ішінде:

      1) нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымының жаңа бәсекелестің пайда болуына жауап ретінде қабылдайтын шаралары, мысалы пайыз мөлшерлемелері саясатындағы өзгерістер;

      2) қаржы ұйымдарының бәсекелестікке қарсы келісімдері және келісілген іс-қимылдары, оның ішінде мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-қимылдары;

      3) мемлекеттік билік органдарында нарыққа әлеуетті бәсекелестердің кіруін шектейтін, қаржы нарығының қандай да бір секторына лицензиялау өлшемшарттарын немесе қол жеткізудің өзге де өлшемшарттарын мүдделік қолдау.

      17. Аталған қаржы нарығына кіру кедергілерін анықтау процесінде талданатын факторлар тізбесі қаржы ұйымдары қызметінің негізгі түрлерінің ерекшеліктеріне және өңірдің өзгешелігіне байланысты тізбеленген тізбеден кең (немесе тар) болуы, ерекшеленуі мүмкін.

      18. Қаржылық қызметтер нарығына кіру кедергілерінің еңсерілуі осындай кедергілерді еңсеру мерзімдері мен оған жұмсалған шығындар шамасы негізінде бағаланады.

      Егер қаралып отырған нарыққа кіру кедергілерін еңсеру шығындары қаржылық қызметтер нарығында қызмет көрсетуді жоспарлап отырған нарықтың әлеуетті субъектісі алатын (алуды болжайтын) кірістермен (артықшылықтармен) экономикалық түрде ақталса, нарыққа кіру кедергілері еңсерілетін деп есептеледі.

      19. Қаржылық қызметтер нарығына кіру кедергілерінің еңсерілу дәрежесін бағалау кезінде әрбір қаржы ұйымы үшін кедергінің әртүрлілігін, оның уақытша не тұрақты сипатын ескеру қажет.

6-тарау. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар

      20. Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоятын қорытынды қалыптастырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қорытындыны қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;

      2) уәжді қорытынды бере отырып, қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы.

      Монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген тұлғаға, сондай-ақ мәлімет үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      Хабарламаны қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      хабарлама монополияға қарсы органға келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң өтініш берушіге мәміленің күшін жою қажеттігі туралы нұсқама жібермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі;

      қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, оның ішінде қаржы нарықтарда үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкін екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама шығарады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Монополияға қарсы органның қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген тұлғаға, сондай-ақ мәлімет үшін ҚР ҰБ жіберіледі.

      Хабарламаны қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      егер хабарлама ведомствоға келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң өтініш берушіге мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі;

      егер қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде қаржы нарықтарда үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгi анықталса, ведомство мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама шығарады.

  Қаржы нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің төрағасына
_________________________
_________________________
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
БСН және ЖСН
(болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының

      2-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      (мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің, іс-әрекеттің сипаттамасы)

      __________________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      __________________________________________________________________________

      (Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)

      __________________________________________________________________ негізінде

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі)

      беріліп отыр.

      Құжаттама_________________________________________________________________

                  (Кодекстің 204-бабының тармағы көрсетіледі)

      __________________________________________________________________________

      сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы             ______________________

      Өтінішхат берілген күн             "___" ________ ________

      Өкілдің байланыс мәліметтері      ______________________

  Қаржы нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
төрағасына
________________________
________________________
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
БСН және ЖСН
(болған жағдайда)

Жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200 бабының 1-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      (мәмілеге қатысушылардың атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      жасалған (жоспарланған) экономикалық шоғырлану туралы хабардар етемін, ол мыналарға негізделеді:

нарық субъектісінің (оның ішінде сенімгерлік басқаруға арналған шарттың, бірлескен қызмет туралы келісімнің, комиссия шартының негізінде) кәсіпкерлік қызметті жүргізген кезде басқа нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқамалар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды сатып алу



 

аталған субъектілерде көрсетілген жеке тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайлар анықтаған жағдайда, екі және одан көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, бақылау кеңестеріне немесе басқа басқару органдарына бір жеке тұлғалардың қатысуы



 

      Мәміленің, іс-қимылдың сипаттамасы

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________

      БСН/ЖСН



      Ұсынылған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіштер қоса беріледі).

      Қоса беріліп отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы             _________________________

      Өтінішхат берілген күн             "__" ______________ ______

      Өкілдің байланыс мәліметтері       _________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады