"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 16301 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрі

      ________________Д. Абаев

      2017 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 15 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 478 бұйрығымен
бекітілген

"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткені анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау мен нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндеріне жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      жеке куәлік (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет)

      өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған (болған жағдайда), жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш және қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі;

      экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;

      "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;

      тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;

      осы мемлекеттіқ көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат;

      2) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін қосымша мынадай құжаттарды (қағаз жеткізгіште) ұсыну қажет:

      міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің көшірмесі;

      төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;

      қауіпті қалдықтардың паспорты;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада);

      3) портал арқылы:

      өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған (болған жағдайда), жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды транзиттеу туралы өтініштің электрондық көшірмесі және қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының электрондық көшірмесі;

      экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың электрондық көшірмесі;

      "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімінің электрондық көшірмесі;

      тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың электрондық көшірмелері;

      осы мемлекеттіқ көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат электрондық көшірмесі;

      4) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;

      төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының электрондық көшірмесі;

      қауіпті қалдықтардың паспортының электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаның электрондық көшірмесі (3 данада).

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      Көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетіле отырып, өтінішті қабылдау туралы қолхат беріледі.

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру өтінішті қабылдағаны туралы қолхат негізінде және (немесе) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың,объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысымен бекітілген Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесіне белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе жұмыс күндері қызмет берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

      Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырылған шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының телефоны 1414, 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің - www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

ҚОРЫТЫНДЫ (рұқсат беру құжаты)

      № _________/201/_____

      ________________________________________________________________________________

      (Қорытынды берген Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органының атауы)

      Берілді _________________________________________________________________________

      (Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, елі/жеке тұлғалар үшін

      Т.А.Ә. бар болған жағдайда/)

      Орнын ауыстыру түрі _____________________________________________________________

      (орнын ауыстыру түрі)

      _________________| |__________________

      (Бірыңғай тауарлар (КО СЭҚТН коды) тізбесінің бөлімі)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші_________________________________________________________________

      (Атауы, заңды мекенжайы, елі)

      ________________________________________________________________________________

      Баратын/жіберетін елі_____________________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі _____________________________________________________

      Негіздеме: ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Транзиттеу елі ___________________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзиттеу)

      ________________________________________________________________________________

      Қолы ___________ күні _______

      Рұқсат __________ дейін қолданылады ______________________________________________

      (Т.А.Ә. бар болған жағдайда)

      МО ____________________________________________________________________________

      (Лауазымы)

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан

Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат

1. а) Экспорттаушы
(атауы, мекенжайы):

4. а) Хабарламаға

5. Жеткізудің сериялық №

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

сәйкес №


Факс:

4. б) Тасымалдау (2)

бір жолғы хабарлама бойынша

|_|




жалпы хабарлама бойынша

|_|


6. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы)

1. б) Қалдықтарды өндіруші
(атауы, мекенжайы) (1):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Өндіріс әдісі


Факс:

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:

7. Орналастыру/пайдалану тәсілдері

Қалдықтар пайда болған объект:

D коды: (3)


R коды: (3)

2. Импорттаушы
(атауы, мекенжайы):

Қолданылатын технология

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:


Жүгінген жөн:

Факс:


3. Жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы):

(егер қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

8. Сақтандыруға қатысты ақпарат:
(тиісті сақтандыру талаптары туралы және экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты адам оларды қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

9. 1-тасымалдаушы
(атауы, мекенжайы):

10. 2-тасымалдаушы (атауы, мекенжайы) (4)

11. Соңғы тасымалдаушы (атауы, мекенжайы)

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

12. Тасымалдау түрі (3):

13. Тасымалдау түрі (3):

14. Тасымалдау түрі (3):




Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

15. Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

16. Физикалық сипаттамалары (3)




17. Нақты мөлшері кг

18. Буып-түю түрі(лері) (3):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды




ҚХСҚ коды:



экспорт елінде

ҚЕК:



импорт елінде

басқалары (көрсету)



Кедендік код

21. БҰҰ-ның жіктеуі:


БҰҰ жүгінің атауы:

20. ЭЫДҰ жіктеуі (2)
қызыл |_|


БҰҰ-ның нөмірі:

БҰҰ-ның сыныбы (3):

сары |_|





Н нөмірі (3):

жасыл |_|

және нөмірі



(егжей-тегжейлерін хабарлау)



Ү нөмірі:

22. Жұмыс істеуге қойылатын арнайы талаптар

23. Экспорттаушының (өндірушінің) мәлімдемесі: жоғарыда келтірілген 1-9 және 13-21-бағандардағы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін, қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін, Базель конвенциясының тараптары болып табылатын барлық мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарының тарапының қарсылығы алынбағандығын растаймын

24. Іс жүзіндегі жөнелту күні





Күні:

Қолы:


Атауы:

Орналастыру/пайдалану жөніндегі алушы/объект толтырады

25. Жеткізілімді алушы алды (егер бұл орналастыру/пайдалану объектісі болмаса)

27. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды орналастыру/пайдалану жүргізілгендігін растаймын

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

26. Жеткізілім орналастыру/пайдалану объектісінде алынды:


Алынған саны:

кг (л)

қабылданды (5)

|_|

Қолы және мөрі:

Күні:


бас тарту

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды орналастыру/пайдалану күні:


Орналастыру/пайдалану әдісі


Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға толтырады

28. Жеткізілімді қалдықтарды жоюға жауапты тұлға алды:

29. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды жою жүргізілетіндігін растаймын:

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

30. Жүк қалдықтарды жою объектісінде алынды:


Алынған сан:

кг (л)

қабылданды

|_|

Қолы мен мөрі:

Күні:


бас тарту (5)

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды жою күні:

Жою орнының іс жүзіндегі орналасуы:

Жою әдісі



  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті
органының қорытындысы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама

1. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы):

4. Хабарлама, қатысты (1):

Хабарлама

N

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

А а) біржолғы тасымалдауға |_|

Б в) орналастыру |_|


Факс:

б) жалпы хабарламаға (бірнеше тасымалдау)

г) пайдалану |_|


Экспорт себебі:

В Бұрын рұқсат алынған объект



2. Импорттаушы (атауы, мекенжайы):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:

5. Жалпы жоспарланған жеткізу мөлшері:

6. Қалдықтардың болжамды мөлшері (3): кг (л)



7. Жеткізу(лер)дің болжамды күндері немесе кезеңдері:

3. Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы) (2):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:


8. Болжанатын тасымалдаушылар (атауы, мекенжайы) (2)

9. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:

Тел.:
Факс:

11. Қалдықтарды өндіруші(лер)

Қалдықтарды пайдалану жөніндегі іс жүзіндегі объект

(атауы, мекенжайы) (2):

10. Орналастыру/пайдалану тәсілдері (2)

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:

D коды/R коды (4):
Қолданылатын технология:


(егер бұл қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

12. Экспорттаушы және жоюға жауапты тұлға арасында жасалған келісімшарт туралы ақпарат

13. Жоюға жауапты тұлға экспорттаушыға немесе өндірушіге жіберетін ақпарат (кәсіпорынның техникалық сипаттауын қоса алғанда), оның негізінде соңғысы болжанатын жою экологиялық негізделген тәсілмен және импорттау елінің нормаларына және қағидаларына сәйкес жүзеге асуы мүмкін болатыны туралы қорытынды жасайды:


Қалдықтар пайда болған объект

14. Тасымалдау түрлері (4):

5. Буып-түю түрі(лері) (4):


16. Сақтандыруға қатысты ақпарат:
(тиісті сақтандыру талаптары туралы және оны экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты тұлға қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

17. а) Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

17. б) Өтінішке қойылатын арнайы талаптар:




18. Физикалық сипаттамалары (4):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды


21. Ү нөмірі (4):

экспорт елінде:

ҚХСҚ:


импорт елінде:

ҚЕК:

22. Н нөмірі (4)

Кедендік код:

Басқалар (нақтылау)


20. ЭЫДҰ жіктеуі (1):
сары |_|
қызыл |_|
жасыл |_|

23. а) БҰҰ-ның сәйкестендіру N:

2 б) БҰҰ-ның сыныбы (4):

мен нөмірі



(егжей-тегжейлі сипаттамасын қоса беру)




24. Мүдделі елдер. Құзыретті органдардың код нөмірі және әкелу мен әкетудің белгілі бір пункттері:

Экспорт мемлекеті

Транзит мемлекеті

Импорт мемлекеті




25. Әкелу және/немесе әкету пунктінің кеден қызметтері

27. Өндірушінің (экспорттаушының) мәлемдемесі:
осы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін және қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін растаймын.


Әкету пункті

26. Қосымшалар



саны

Атауы:

Қолы:



Күні:



Құзыретті органдар толтырады

28. Импорттаушы, транзиттеуші елдің құзыретті органы толтырады

29. Құзыретті органның тасымалдауға берген рұқсаты:

Хабарлама алынды:

Құзыретті органның атауы, мөрі және қолы

Растау жіберілді:


Құзыретті органның атауы:

Рұқсаттың қолданылу мерзімі:
дейін

Мөрі және/немесе қолы:

Айрықша шарттар:


иә








жоқ








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады