Астана қаласының көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 109-1329 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 1117 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 23 маусымдағы
№ 109-1329 қаулысына
қосымша

Астана қаласы көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласы көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі (бұдан әрі - Жіктелім) Астана қаласы көше-жол желілерін (бұдан әрі – КЖЖ) күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.

      2. Жіктелім жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      3. Осы Жіктелімде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) жол жамылғысы – өтіп бара жатқан автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      2) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі – жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;

      3) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі – жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;

      4) зияткерлік көлік жүйесі (ИTЖ) – жол қозғалысын басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысқан автоматтандырылған жүйелер кешені;

      5) көше-жол желісі – қызыл сызықтармен шектелген көлік құралдарының, велосипедтер және жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар (жер асты және жер үсті) салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың бір бөлігі болып табылатын көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, сондай-ақ қызыл сызықтар шегінде орналасқан басқа да жол элементтері КЖЖ негізгі элементтері болып табылады;

      6) КЖЖ пайдалануды басқару – үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде КЖЖ инженерлік коммуникацияларының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін іс-шаралар кешені;

      7) маршрутты әдіс – көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша ағымдағы жөндеу қаражаты есебінен орындалатын жөндеу шараларының кешені.

2. Қалалық КЖЖ және жол құрылыстарын күтіп ұстау

      4. Қалалық КЖЖ мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады.

      5. Қалалық КЖЖ күтіп ұстау көктемгі-жазғы-күзгі және қысқы кезеңдерге бөлінеді.

      6. Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген жолдардың нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, жол және жол құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделуде.

      7. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.

      8. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиңиялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 тіркелғен) және "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріп, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.

      9. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көғалдандыру, жолдар мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару, сондай-ақ өзге жұмыстарға бөлінеді.

      10. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың айтуымен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде:

      1) бұқаралық ақпарат құралдарын автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы;

      2) болған ЖКА туралы;

      3) тал және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы;

      4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;

      5) ақпараттарды жинау және өңдеу, жол және жол құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық банкіне әкімшілік ету және басқару.

      Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:

      1) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың жай-күйін және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын патрульдік қадағалау;

      2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;

      иірім учаскелерді жою;

      опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу және бекіту;

      жеке элементтерін ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;

      арық жүйесін және жем беру лотоктарын жөндеу немесе ауыстыру;

      3) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін тазалау және жуу;

      ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      жарықшақтарды құю;

      шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;

      жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;

      төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      цемент-бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;

      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;

      автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.

      Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерғе сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;

      4) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:

      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;

      ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;

      автомобиль жолдарының кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;

      5) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;

      жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда);

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;

      6) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;

      көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және т.б.) қондыру, ауыстыру және жөндеу;

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерін алмастыру.

3. КЖЖ және оның инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу

      12. КЖЖ ағымдағы жөндеу – бұл маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, жүру бөлігінде авариялық жағдайлардың, ақаулардың пайда болуының алдын алу, сондай-ақ жүру бөлігінің бұзылған учаскелерін шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені.

      13. Ағымдағы жөндеу ақаулықтар тізімдемесі бойынша көшелерді тексеру нәтижелерінің негізінде ағымдағы жөндеуге бөлінген қаражат шегінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі.

      14. Ағымдағы жөндеу КЖЖ барлық конструктивті элементтері бойынша кешенді түрде жүргізіледі (жол негіздемесінен басқасы).

      15. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде монолитті цемент-бетон төсемдері бойынша:

      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау;

      соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:

      темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;

      жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қаландыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;

      аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;

      су өткізгіш құбырларды жөндеу;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;

      4) Қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне жолдарды салу және жайластыру бойынша:

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;

      сигнализаңияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, жол белгілері, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзғеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтары, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс және жарықтандыру объектілерін орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жеке жобаланған кіші сәулеттік-дизайнерлік пішіндерді орналастыру және орнату;

      қарықтыруға қарсы экрандарды орнату;

      сәндік және (немесе) дизайнерлік жарық және (немесе) көлік айрықтарын жарықтандыру (жол өткізгіштерді) орнату, ауыстыру және жөндеу;

      16. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі өзгерістерді және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау.

4. Қалалық КЖЖ мен жол құрылыстарын орташа жөндеу

      17. Орташа жөндеу жол жамылғысының ұзына бойы және бар алаңы ауданы бойынша қала көшелерінің жүру және жаяу жүргіншілер бөлігінің, жол құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.

      18. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету, жол қиылысының шегінде және кірме жолдарда жол жамылғысын кеңейту немесе тарылту, жаңа тұрақ орындарын, аялдама қапталдарын, тротуар алаңдары мен велосипед жолдарын орнату жүргізіледі.

      19. Орташа жөндеу бойынша жұмыстардың көлемдері, қала жолдары КЖТ көлік-пайдалану жай-күйі диагностикасы нәтижелерінің және ведомстволық ақаулардың негізінде құрастырылған сметалық есептермен анықталады.

      20. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      1.1) дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      1.2) қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      1.3) жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;

      2) жол жамылғылары бойынша:

      2.1) жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      2.2) жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      2.3) жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      2.4) жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      2.5) асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      3) цемент-бетон жамылғысы бойынша:

      3.1) цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлдеңен жыртылған жерлерді ою;

      4) жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:

      4.1) тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу, қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      4.2) шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      цементбетонды жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы 500 метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цементбетонды жабынға ауыстыру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;

      5) жасанды құрылыстар бойынша:

      5.1) ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      5.2) жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      5.3) су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      5.4) 10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      5.5) жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      5.6) тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      5.7) болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      5.8) жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      5.9) аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      5.10) аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      5.11) аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      5.12) аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      5.13) аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      5.14) аяқ жолдарды қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      5.15) аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою, оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      5.16) жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      5.17) барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      5.18) барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      5.19) жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      5.20) бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;

      5.21) диафрагманың жапсарларын жөндеу;

      5.22) көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;

      5.23) көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      5.24) алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      5.25) көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      5.26) жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;

      5.27) қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      5.28) материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      5.29) гидрооқшаулауды жөндеу;

      5.30) жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      5.31) көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      5.32) темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      5.33) жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      5.34) темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      5.35) арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      5.36) құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      5.37) жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      5.38) жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      5.39) темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      5.40) аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      5.41) тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      5.42) тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      5.43) қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      5.44) аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      5.45) тіректерді жөндеу;

      5.46) темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      5.47) құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      5.48) сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;

      6) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:

      6.1) жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;

      6.2) сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;

      6.3) автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      6.4) автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;

      7) Жолдың пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.

5. Қалалық КЖЖ мен жол құрылыстарын күрделі жөндеу

      21. Күрделі жөндеу көше және жол, олардың инфрақұрылымы және жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін олардың өткізімдік және төзімділік қабілеттілігін арттыруға байланысты, кезеңдік жұмыстардың орындалуын көздейді.

      22. Күрделі жөндеуге жататын КЖЖ учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.

      23. Жол-пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, көшеден тыс жаяу жүргінші өтпелдері жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде жекелей күрделі жөндеуге бағытталуына болады.

      24. КЖЖ күрделі жөндеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және нормативтік актілерімен белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) сәйкес орындалады.

      25. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген жолдарды қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25%-ға дейін жалпы жолдарды түзетуге рұқсат беріледі.

      26. Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:

      1.1) жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;

      1.2) жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;

      1.3) қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;

      1.4) автомобиль жолдарының кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру;

      1.5) автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, оларға өту-жылдамдық жолағы жабдығымен автомобиль жолдарының өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;

      1.6) жолдың күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жол учаскелерін жоятын жол бойындағы қорларды қалпына келтіру;

      1.7) су тасқыны,сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою;

      2) жол жамылғысы бойынша:

      2.1) ұзақтығы 5 километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;

      2.2) цемент-бетон жамылғысы бойынша:

      2.2.1) ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      2.2.2) ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      2.2.3) нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;

      2.2.4) жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;

      2.2.5) жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      3) жасанды инженерлік жол құрылыстары бойынша:

      3.1) көпірлерді, көлік айрықтарын кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе ішінара, оның ішінде олардың ғабариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу;

      3.2) бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес (көпірді жаңа аралықтар қоспастан сыртқы ауқымын кеңейте отырып, сыртқы ауқымы кеңейте және ригелді ұлғайту мен нығайтудың жаңа аралықтарын қоса отырып, сыртқы ауқымын кеңейте отырып, бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті ұлғайтудың жаңа аралықтарын қоса отырып сыртқы ауқымын кеңейтумен жөндеу);

      3.3) металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;

      3.4) металл аралық құрылымын ауыстыру;

      3.5) көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;

      3.6) су өткізу құбырын салу және қайта салу;

      3.7) құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;

      3.8) зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;

      3.9) жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;

      3.10) дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;

      3.11) тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;

      3.12) қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;

      4) КЖЖ қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;

      4.1) жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      4.2) тротуарларды, аялдама, қоғамдық көлік автопавильондарын және түсу алаңдарын, қауіпсіздік аралын, автомобильдердің тұрағына арналған алаңды немесе аялдау алаңдарын, жаяу жүргінші өткелдерін жабдықтау (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде);

      4.3) күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;

      4.4) автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съездтер мен мираждарды, линиялық жол қызметі ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешеніне кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;

      4.5) табиғи апатынан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру немесе жөндеу кезінде жаңа немесе қолданып жүрген уақытша айналма жолдарын жабдықтау;

      4.6) КЖЖ және көпірлерде электр жарықтандыру орнату және жөндеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады