Есіл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 2 "Шілікті ауылының көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 5744 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Есіл ауылдық округі әкімінің "Шілікті ауылының көшесіне атау беру туралы" 2010 жылғы 1 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-125 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 5 наурыздағы Шілікті ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Есіл ауылдық округінің әкімі Е.Овчинников

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының "Мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Карасаева

      13.01.2017 ж.
      Астрахан ауданының "Құрылыс,
      сәулет және қалақұрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Кулаков

      13.01.2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады