Колутон ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 2 "Колутон ауылындағы көшелер атауларын қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 мамырда № 5922 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Колутон ауылдық округі әкімінің "Колутон ауылындағы көшелер атауларын қайта атау туралы" 2009 жылғы 1 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-101 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2008 жылдың 3 маусымдағы Колутон ауылы азаматтары жиынының № 5 хаттамасын ескере отырып, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Колутон ауылдық
округінің әкімі
Т.Мухамеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады