Старый Колутон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 2 "Зареченка, Қоскөл, Ковыленка ауылдарының көшелеріне атаулар беру және Старый Колутон ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 02 мамырда № 5923 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Старый Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Старый Колутон ауылдық округі әкімінің "Зареченка, Қоскөл, Ковыленка ауылдарының көшелеріне атаулар беру және Старый Колутон ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-138 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 тамыздағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Старый Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Старый Колутон
ауылдық округінің
әкімі
В.Крапивко

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Г.Карасаева
      Астрахан ауданының "Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Н.Кулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады