Есіл ауданының Есіл қаласында көшелерді, шағын ауданды қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № а-12/376 қаулысы және Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 21/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 6244 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданының Есіл қаласында көшелер, шағын аудан қайта аталсын:

      Победа көшесін Жеңіс көшесіне;

      Космонавтов көшесін Ғарышкерлер көшесіне;

      Алматинская көшесін Алматы көшесіне;

      Ишимская көшесін Есіл көшесіне;

      Первомайская көшесін Бірлік көшесіне;

      Дорожная көшесін Ақжол көшесіне;

      Целинная және Чкалов көшелерін Тың игерушілер көшесіне;

      Степная көшесін Ұлы дала көшесіне;

      Есіл-Жақсы трасса көшесін Жаңа жол көшесіне;

      СМП-825 шағын ауданын және Убойный пункт көшесін Батыс шағын ауданына.

      2. Осы бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы және Есіл аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.      

      Есіл ауданының әкімі Т.Ерсейітов
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Ахметов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады