Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5784 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Сандықтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің Сандықтау ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Михаил Калинин көшесі Достық көшесіне;
      2) Василий Чапаев көшесі Жастар көшесіне;
      3) Карл Маркс көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      4) 40 лет октября көшесі Жібек жолы көшесіне;
      5) Владимир Ленин көшесі Орталық көшесіне;
      6) Анатолий Луначарский көшесі Болашақ көшесіне;
      7) Автопарк көшесі Астана көшесіне;
      8) Детский дом көшесі Бәйтерек көшесіне;
      9) Кузнечная көшесі Тәуелсіздік көшесіне.
      2. Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің Новоромановка ауылының Западная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауылдық
округінің әкімі
С.Молдағалимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады