Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № А-2/301 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 тамызда № 6052 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 213 тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.Н.Әбуталиповке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

  Целиноград ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 19.07
№ А-2/301 қаулысына
қосымша

Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстауларды төлеу.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақы.

      3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және басқа әлеуметтік төлемдер.

      4. Банктік қызмет ақысын төлеу, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      5. Тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтер үшін шығындар.

      6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.

      7. Нысаналы трансферттер есебінен жүргізілетін шығыстар және жоғары тұрған бюджеттерден бюджеттік кредиттер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады